-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ғасыр белесінде

    20.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Ғасыр белесінде

    Ақтасты мектеп

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Кеген ауданындағы Ақтасты орта мектебінің 100 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті. Бұл – тарихтың тұтас бір парағы. Ұрпақтан ұрпаққа білім беріп келе жатқан қасиетті қара шаңырақтың жүріп өткен жолы.

    Мектеп мерейтойына ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Қойшыбаев, білім және ғылым қызметкерлерінің «Демеу» алматылық жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тоққожа Естенов, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нұрша Оразахынова, ардагер-ұстаз, Қарасай ауданының Құрметті азаматы Леміс Әбдікерімов, Білім беру ісінің үздігі Нұр Малбеков, аталған мектептің алғашқы ұстаз болған Әбдісүлеймен Хасенұлының немересі Сержан Шоғанбекұлы, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

    Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев мектеп ұжымы мен түлектерін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

    – Осы білім шаңырағынан қоғам қайраткерлері, Социалистік Еңбек Ерлері, айтулы ғалымдар шықты. Мектеп түлектері қоғамның сан-саласында еңбек етіп, елі мен жерінің гүлденуіне өз үлестерін қосуда. Жүз жыл бойы мыңдаған шәкіртке білім беріп келе жатқан қасиетті шаңырақтың 100 жылдығы құтты болсын! – дей келе, ұстаздар қауымы мен мерейтой қонақтарын аудан әкімінің және облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапаттап, иықтарына шапан жапты.

    Ардагер-ұстаз  Нұр Малбеков «Ғасыр толған білім ошағы» атты мазмұнды баяндамасы арқылы мектептің арғы-бергі тарихына шолу жасады.

    – Білімсіз адам баласының дамуы, өркендеп өсуі мүмкін емес. 1924 жылы сауатсыздықты жою қоғамы құрылып, Қурайлы бастауыш мектебі ашылды. Оның алғашқы мұғалімі КСРО және Қазақ КСР Халық ағарту ісінің құрметті қызметкері Әбдісүлеймен Қасенұлы еді. Ол кісі 1906 жылы қазіргі Райымбек ауданы Сүмбе ауылында өмірге келген. Бүгінде қасиетті шаңырақтан елге танымал көптеген азаматтар түлеп ұшты. Мұрат Қойшыбаев – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, Бақытгүл Қиясова тарих ғылымдарының кандидаты болды. Амантай Нұрғожаев, Өкен Тілеубаев, Құрманжан Нұрпейісов, Қанат Құсайынов, Жақан Адасбаев, Төлқожа Мұқановтар көп жыл шаруашылықты басқарды. Е.Әбдірахманов, Е.Сартолов, М.Мұқанов, М.Байғазиев, А.Қожабеков ішкі істер саласында қызмет етті. Сонымен қатар басқа да салада жемісті қызмет етіп жүрген М.Тұрашұлы, А.Әбдірахманов, Б.Қиясов, А.Ұзақбеков, Ұ.Малбеков сынды азаматтармен қатар осы мектептен білім алған ұстаздар шоғырын мақтан етеміз, – деді ол.

    Білім және ғылым қызметкерлерінің «Демеу» алматылық жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тоққожа Естенов мектеп ұжымын жүз жылдық мерейтойымен құттықтай келе, Ақтасты орта мектебінің директоры Қымбат Қамбарбекованың кеудесіне «Білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» төсбелгісін тағып, 200 мың теңге сыйақы табыс етті.

    Бұдан кейін сөз алғандар Қурайлы бастауыш мектебінде оқыған, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Қойшыбаев, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нұрша Оразахынова, ардагер ұстаз, Қарасай ауданының Құрметті азаматы Леміс Әбдікерімовтер жүз жылдық тарихы бар мектептен түлеп ұшқан шәкірттердің, соның ішінде елге танымал азаматтардың шыққандығын, қазіргі ауыл мектебіндегі жаңа заманға сай білім беру бағдарламасы жайлы кеңінен толғанып, өткен шақты еске алды. Озат шопан болған ауыл ақсақалы Сағат Байсабаев ел жанашырларына, ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, жиналған көпшілікке ақ батасын берді.

    Шара соңы бозкілемде белдескен балуандардың бәсекесіне ұласты.

    Тарихы сонау 1924 жылдан бастау алатын білім ордасы қойнауында талай тарихты бүгіп, осы жылдар ішінде мыңдаған шәкірттің жүрегіне нұр құйып, түлетіп ұшырды. Бір ғасырда мектептен білімі теңіз ғалымдар да, жұлдызы биік спорт саңлақтары да, қоғам қайраткерлері де, яғни, елдің біртуар азаматтары түлеп ұшқан. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мектептің материалдық-техникалық базасы нығайып, оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасалды.

    Ендеше, бізде мектеп ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, білім беру ісінде биік белестерді бағындыруға тілектестік білдіреміз!

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

     

    Ұсынымдар

    Трамптың тарихи  жеңісі

    Трамптың тарихи  жеңісі

    8 months ago
    Дәнекерлеуші Айман

    Дәнекерлеуші Айман

    11 months ago
    АЭС құрылысы басталды деген ақпарат – жалған

    АЭС құрылысы басталды деген ақпарат – жалған

    9 months ago
    Татамидегі тартыс

    Татамидегі тартыс

    7 months ago
    Алматы облысында бірнеше елдімекеннің атауы өзгереді

    Ономастикаға қатысты ұсыныстар қолдау тапты

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.