[um_weather city="Қонаев"]
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Қаламгерлерге құрмет көрсетілді

    30.06.2025
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Кәсіби мереке
    Қаламгерлерге құрмет көрсетілді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесіне орай аудандық әкімшіліктің кіші залында шара өтті. Мерекелік шараға аудандағы журналистер қауымы мен сала ардагерлері, облыстық «Райымбек» газеті мен аудандық «Қарқара» газеті редакциясының қызметкерлері қатысты.

    Журналистер күніне орай ұйымдастырылған шара еркін форматта өтті. Дөңгелек үстел үстіндегі мерекелік кездесуді аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев құттықтау сөз сөйлеп ашып, журналистер қауымының қазіргі қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. Халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқаты мен руханияты және қоғам тынысынан хабар таратып, халық пен билік арасында алтын көпірге айналған қалам иелерімен кездесуде аудан басшысы:

    – Журналист болу – халыққа қызмет ету. Сондықтан да журналистика саласына артылар міндет пен жүк жеңіл емес. Бүгінде ақпарат айдынында еңбек етіп жүрген тілшілер қауымы заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқарып жүр. Мемлекетіміз де баспасөз бен тележурналистика, ақпараттық сайттар заман талабына сай түрленіп, қоғамға қажетті маңызды ақпараттарды уақытылы таратып келеді. Елді игі іске жұмылдырып, берекені арттырып, татулықты нығайтуда билік пен халық арасында алтын көпір болып жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің рөлі қашан да жоғары. Алаштың ардақты азаматы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет -халықтың көзі, құлағы һәм тілі» демекші, осы салада қызмет етіп жүрген жергілікті ақпарат құралдарының еңбектері өлшеусіз. Сіздер аудандағы жаңалықтарды салмақты сөз, салиқалы пікірлеріңізбен жеткізіп, халықтың жүрегіне жол тауып келесіздер. Өңір тынысымен халықты дер кезінде құлағдар ету бағытындағы жұмыстарыңыз еселеніп, табысты да жемісті еңбектеріңіз еленіп, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер. Сіздерге ақпарат айдынындағы қажырлы қызметтеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіре отырып, баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен шабыт тілеймін. Мереке құтты болсын!- дей келе, әрдайым жағымды жаңалықтармен қатар, елдің мұң-мұқтажын көтеріп жүрген журналистерге ризашылығын білдірді.

    Сонымен қатар, аудан әкімі қоғамдық ойды қалыптастыруда жағымды жаңалықтардың жаршысы болуға өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар сала қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттап, арнайы сыйлықтар табыстады.

    Басқосуға қатысқан ұзақ жыл осы салада қызмет еткен қаламгерлер Марат Тақабаев, Келеке Құсайынов, Иемберді Тастанов, «Райымбек» газетінің бас редакторы Шыңғыс Тұрсынов, аудандық «Қарқара» газетінің бас редакторы Лаура Мұхаметқали, Сырым Шыңғысұлы, Мира Мұраталиева, Жақсылық Нүсіпханұлы, Дәурен Ермекбай, Мақпал Шадан әріптестерін құттықтап, бірқатар ұсыныс-тілектерін жеткізді.

    – Журналистер қауымының дайындаған әрбір материал­дарында елдің мұңы мен мұқтажы, ойы мен пікірі, талабы мен тілегі, қоғам дамуының тынысы айқын көрініс тауып отырады. Газет- облыстың, республиканың айнасы. Газеттен қол үзбеймін, 6-7 газет алып оқимын. Газет – төртінші билік екенін дәлелдеп келеді. «Қарқара» газеті көптеген мәселелерді көтерді. Кезінде Жолшы Бікебаев басқарған «Коммунизм нұры» алтын ғасыр дәуірі болды. Аудан басшысының газет қызметкерлерін қабылдап отырғанына алғысымды білдіремін! – деді ардагер журналист Иемберді Тастанов.

    – 15 жыл «Қарқара» газетінде істедім, журналистер мемлекеттің саяси өмірінде жүр. Халық пен билік арасында алтын көпір іспеттес болған сала мамандары барлық құрметке лайық. Сондықтан да журналистика саласына артылар міндет пен жүк жеңіл емес, – деді «Райымбек» газетінің бас редакторы Шыңғыс Тұрсынов.

    Ардагер журналист Марат Тақабаев көптен бері ауданда БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесін атап өту ұмытып кеткенін айтып, әкімге оны қайта жаңғыртқаны үшін алғыс білдірді.

    Жиын соңында марапатталған тілшілер қауымы аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлымен бірге естелік суретке түсті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысы экономикалық өсу жолында: жыл қорытындысы бойынша 109% және жаңа перспективалар

    «Алматы облысы өнеркәсіп, сауда және экспортта рекордтық өсім көрсетті»

    10 months ago
    Алматы облысында ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинация басталды

    Алматы облысында ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинация басталды

    1 year ago
    Алматы облысында жылына 400 мың тонна қалдық өңдейтін полигон салынады

    Алматы облысында жылына 400 мың тонна қалдық өңдейтін полигон салынады

    4 months ago
    ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ БІРІКТІРЕДІ

    ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ БІРІКТІРЕДІ

    7 months ago
    ҰСТАЗДАР ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

    ҰСТАЗДАР ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>