-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қара қылды қақ жарған тұлға

    24.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Қара қылды қақ жарған тұлға
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Абай: «Жақсы адам болу үшін – жақсы ата, жақсы орта, жақсы достар, жақсы жар және жақсы ұстаз керек» деген екен. Бұл сөз бүгін жетпістің бесеуіне келіп отырған, мемлекет пен ел мүддесіне адал еңбек еткен Серік Кәтенұлына арналып айтылғандай.

    Ол 1948 жылы 11 шілдеде Алматы облысы Жамбыл ауданы Қастек ауылында дүниеге келген. Әкесі бір жарым жасында дүниеден озып, анасының қолында тәрбиеленеді. Анасы – сабырлы, ақылды, мейірімді жан болған. Ұлына қазақтың мақал-мәтелдерін үйретіп, адалдық пен батырлыққа баулыған. Анасының: «Сен атаңның тікелей ұрпағысың, әділ бол, өжет бол!» деген сөзі Серіктің өмірлік ұстанымына айналады.

    Мектеп бітірген соң ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Анасының ақ батасымен Алматыға аттанып, Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Университет қабырғасында жақсы ұстаздардан білім алады. Солардың ішінде академик Салық Зимановтың орны ерекше. Ұстазының кеңесімен судья болуды шешіп, заң жолында адал қызмет етуге бел буады.

    Еңбек жолын 1975 жылы Талдықорған облыстық сотында тағылымдамашы болып бастайды. Кейін аудандық, облыстық, қалалық соттарда судья және төраға қызметтерін атқарады. Алматы қалалық және облыстық соттарын басқарған жылдары сот жүйесінің әділ, ашық қызмет атқаруына зор үлес қосады. ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетін басқарады. Мемлекет сеніп тапсырған аса жауапты қызмет – Әскери соттың төрағасы лауазымын да абыроймен атқарады.

    Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары ел заңнамасын қалыптастыруға атсалысты. 1991 жылы Парламент қабырғасында «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» заңды қабылдаған алғашқы депутаттардың қатарында болды.

    Бүгінде құрметті еңбек демалысында жүрсе де, қоғам өміріне белсене араласады. Туған ауылына спортзал салуға мұрындық болып, жастардың тәрбиесіне көңіл бөлуде. Қоғамдық бастамаларға қолдау көрсетіп, ауыл шаруашылығы мен мәдениеттің дамуына үлес қосып келеді. Атқа міну, шахмат, балық аулау, кітап оқу – бала күннен келе жатқан сүйікті ісі.

    Өмірлік серігімен бірге жарты ғасырға жуық тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Балалары түрлі салада еңбек етіп, ұрпақтары отбасылық жолды жалғастыруда.

    Дарын Сейітов,

    әскери тілші

    Ұсынымдар

    Алматы облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

    Алматы облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

    10 months ago
    Жабайы саудаға  жол жоқ!

    Жабайы саудаға  жол жоқ!

    7 months ago
    Мереке қарсаңында мәдениет үйі ашылды

    Мереке қарсаңында мәдениет үйі ашылды

    8 months ago
    «Айгөлектегі» көңілді жаз

    «Айгөлектегі» көңілді жаз

    11 months ago
    Әке өнегесі

    Әке өнегесі

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>