☀️
-7°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    “Келешек мектептері” жобасы – білім сапасын арттырудың жаңа кезеңі

    11.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Инфрақұрылым
    “Келешек мектептері” жобасы – білім сапасын арттырудың жаңа кезеңі
    0
    SHARES
    31
    VIEWS

    Алматы облысында үш ауысымды оқытуды жою және оқушы орындарының тапшылығын шешу мақсатында “Келешек мектептері” жобасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    2024-2025 оқу жылында облыстағы 437 мемлекеттік мектепте 352 856 оқушы білім алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 059 оқушыға артық.
    2024 жылы “Жайлы мектеп” жобасы шеңберінде 11 100 оқушыға арналған 9 мемлекеттік және 3 275 орындық 3 жекеменшік мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ал 2023 жылы 14 400 орындық 14 мектеп салынған болатын. Нәтижесінде үш ауысымды мектептердің саны 52-ден 30-ға дейін азайған.
    Қазір облыс аумағында 17 мектептің құрылысы жалғасуда. Соның ішінде, Қарасай ауданындағы “Асыл арман” тұрғын үй кешенінде жекеменшік инвестордың қаражаты есебінен 2 000 орындық мектеп салынып жатыр. Құрылыс 2025 жылдың қыркүйегінде аяқталады деп жоспарланған.
    Сондай-ақ Іле ауданына қарасты Өтеген батыр, Байсерке және А.Тоқпанов ауылдарында әрқайсысы 1 500 орынға арналған мектептердің құрылысы 2025-2026 жылдарға жоспарланып отыр.
    Спикердің айтуынша, бұл бастама – елдің білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеруге арналған нақты қадам. “Келешек мектептері” жобасы өскелең ұрпаққа қолайлы әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастырудағы маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті.
    “Келешек мектептері – бұл жай ғана мектеп ғимараттары емес, бұл – болашаққа жасалған берік инвестиция. Білім – ұлттың іргетасы, ал бұл мектептер сол іргетасты нығайтатын басты тірек болмақ,” – деді  Салтанат Беспаева.

    Ұсынымдар

    Шалғайдағы шаруаларға арналды

    Шалғайдағы шаруаларға арналды

    2 years ago
    «JASYL EL» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

    «JASYL EL» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

    4 months ago
    Қонаев қалалық мәслихатының төрағасы сайланды

    Алматы облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары тағайындалды

    3 years ago
    Жас өрт сөндірушілер — жарқын болашақ кепілі

    Жас өрт сөндірушілер — жарқын болашақ кепілі

    7 months ago
    Бірлескен жобалар жалғасады

    Бірлескен жобалар жалғасады

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>