-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Қонаев академиялық қалашығын» салу жайы талқыланды

    20.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    «Қонаев академиялық қалашығын» салу жайы талқыланды
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Қонаев академиялық қалашығын» салуға жауапты «Qonayev Academic Campus» Fund» коммерциялық емес ұйымы өкілдерімен және құрылысқа қаржы салуға ниет білдірген шетелдік инвесторлармен кездесіп, жобаны жүзеге асырудың жай-жапсарын саралады.

    Ең алдымен аймақ басшысы  шетелдік  инвесторға өңір экономикасында оң динамика бар екенін айтып, стратегиялық даму жоспарын тілге тиек етті.

    – «Қонаев академиялық қалашығын» салу – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы. Бүгінде қалашыққа инфрақұрылым жүргізіп, халықаралық ұйымдар мен инвестициялық қорлардан қаржы тарту көзделген. Сол инвестициялар негізінде 2024-2027 жылдар аралығында еліміздің төрт университетін осы жерге көшіру жоспарланған. Содан кейін шетелдік төрт университет тағы ашылады. Артынша ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалар, жатақханалар мен қонақ-үйлер салу жоспары бар. Қалашыққа 100 гектарға жуық жер телімі беріліп, Қонаев қаласының Бас жоспарына енгізілген. Бүгінгі таңда Қазақстанда 700 мыңға жуық студент оқиды, ал 2030 жылға қарай олардың саны бір миллионнан асады. Академиялық қалашық жобасын іске асыру өңір үшін ғана емес, бүкіл елдің дамуы үшін маңызға ие, – деді облыс әкімі.

    Кездесуде  жобаны жүзеге асыруға ынта білдіріп отырған қытайлық «Qingdao Shangheshi Oil Energy Co» компаниясының негізін қалаушы Чжан Цзяньцзюнь облыс басшысынан әлемдік талапқа сай академиялық қалашық салу үшін белгіленген жер көлемін кеңейтуді және аталған аумақты толық инфрақұрылымдық жүйемен қамтамасыз етуді өтінді. Ал аймақ басшысы инвестор жобасын жан-жақты зерделейтінін айтты.

    –  Бүгінгі кездесу жоспарланған міндеттерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне және бірлескен жұмысты жалғастыруға негіз болатынына сенімдімін. Қорытындылай келе, біз өңірдің экономикалық дамуына және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауға әрқашан дайынбыз,  –  деді Марат Елеусізұлы.

    Атап айтсақ, өткен жылы облысы әкімдігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Qonayev Academic Campus» Fund» комерциялық емес ұйымы арасында «Қонаев академиялық қалашығы» құрылысына халықаралық ұйымдар мен инвестициялық қорлардан қаржы тарту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылған. Бүгінде ол келісім негізінде аталған жоба жүзеге аса бастады.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Табиғи өнім –  табыс кепілі

    Табиғи өнім – табыс кепілі

    5 months ago
    Мүгедектігі бар жандардың мүмкіндігін күшейтетін шара

    Мүгедектігі бар жандардың мүмкіндігін күшейтетін шара

    1 year ago
    Көздің де киесі бар

    Көздің де киесі бар

    1 month ago
    Жас боксшылар Тұрсынғали Еділовтің жүлдесін сарапқа салды

    Жас боксшылар Тұрсынғали Еділовтің жүлдесін сарапқа салды

    2 years ago
    Алматы облысының Полиция департаментінде ашық есік күні өтті

    Алматы облысының Полиция департаментінде ашық есік күні өтті

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>