☀️
7°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Құмтекей құпиясы

    13.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Тарих
    Құмтекей құпиясы
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Мұражайдағы жәдігерлер – көне тарихтың куәсі. Сол арқылы жас ұрпақ танымын арттырып, ой-өрісін кеңейтеді. Кеген ауданындағы тарихи-өлкетану музейі де өткенді зерделеп, болашаққа бағдар беруде өз міндетін атқарып келеді.

    Аталған мұражайдың ғылыми қызметкері Меруерт Ермағамбетқызының  айтуынша, қазіргі таңда ғылыми мекемеде 2249 экспонат бар. Онда өлкетануға қатысты деректер көненің көзіндей, тарихтың өзіндей болған құнды жәдігерлер жинақталған. Соның ішінде осыдан екі жыл бұрын Кеген ауылынан он шақырымдай жердегі ежелгі Құмтекей ескі қа­ла­шығының орнынан табылған тас мүсіннің алар орны ерекше. Тыл­сым таста бауырына сәбиін басқан Ана мен бала мүсіні бейнеленген.

    Мүсінді Айбек Оспанов есімді ауыл тұрғыны тауып алған. Ол осыдан төрт жыл бұрын Құмтекейдегі иен даладан тракторымен үйіне құм басып алып келеді. Құмды үйінің маңына әкеліп төккенде арасынан осы тас мүсін шыққан. Табылған ерекше жәдігерді ауыл тұрғыны аудандық тарихи-өлкетану музейі­не өткізген.

    – Мұражайда 2023 жылы Құмтекейден табылған, баласын құшағына алған ана бейнесіндегі тас мүсіннің жөні бөлек. Тас мүсіннің биіктігі – 38 см, ені – 35 см, салмағы – 26, 929 келі. Құмтекей деген атаудың өзі тарихи мекенді құм басқаннан кейін пайда болуы әбден мүмкін. Мұны ғалымдар да жоққа шығармайды. Көптеген зерттеу жұмысында бұл мекен Үйсін мемлекетінің астанасы Чыгу қаласы деп көрсетіледі. Бірақ кейіннен қала күйреп, елдімекеннің барлығын құм басып қалған, – дейді аудандық тарихи-өлке­тану музейінің ғылыми қызметкері Меруерт Ермағамбетқызы.

    Ғалымдардың айтуынша, Үйсін қалаларының бірі болған Құмтекейдің қойнауы тарихи құнды жәдігер­ге толы. Сондықтан тылсым тас зерттеуді қажет етеді.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
    27.03.2026
    Қазақстанда ауылдық елді мекендерге арналған FWA желісінің іске қосылуы көрсетілді
    27.03.2026
    Баспанамен қамтылды
    27.03.2026
    Қарадаладағы той
    27.03.2026
    Бұлақ көрсең, көзін аш!
    27.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>