-13 °c
Qonaev
Monday, July 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

    25.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік қызмет
    Мемлекеттік қызметкерлер марапатталды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Мемлекеттік қызмет – ел игілігі жолында атқарылатын абыройлы міндет. Осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген жандарға құрметтің белгісі ретінде 2014 жылдан бері елімізде Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтіліп келеді. Облыстың мемлекеттік қызметкерлері Қонаев қалалық Мәдениет үйінде осы атаулы күнге арналған жиында бас қосты.

    Еліміздің Мемлекеттік Гимнімен ашылған салтанатты жиында алғашқы сөз облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевке берілді.

    – Мемлекеттік қызмет – бұл жоғары жауапкершілік пен адалдықты, терең білім мен кәсіби біліктілікті қажет ететін мәртебелі міндет. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен халық сенімі – сіздердің адал еңбектеріңіздің, кәсіби шеберліктеріңіздің нәтижесі. Бүгінде Алматы облысында 2300-ден астам мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Олардың жартысынан астамы – әйелдер, ал 94,5 пайызы – жоғары білімді мамандар. Қатарларыңызда магистратура мен докторантураны тәмамдаған, Мемлекеттік басқару академиясы мен «Болашақ» бағдарламасының түлектері де бар. Орташа жас – 40 жас, бұл – заманауи талаптарға сай, ел дамуына үлес қосуға қабілетті кадрлық әлеуеттің айқын көрсеткіші, – деді аймақ басшысы.

    Сахна төрінде Марат Елеусізұлы мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы Бекен Керімбековаға, Іле ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Әсем Нұрахметоваға, облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы Жанар Сергебаеваға «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін табыс етті. Сонымен бірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Дарын Әбіқұловты, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің штаб бас маманы Ажар Ерғазиеваны, экономикалық тергеп-тексеру  департаментінің жедел уәкілі Меруерт Еркінқызын, қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Берік Мәженовті, мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Гүлмира Сартованы, қала әкімі аппаратының бөлім басшысы Роза Үсембаеваны,  облыстық прокуратураның басқарма бастығы Расул Садықты Құрмет грамотамен марапаттады.  Сол секілді ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Жұмаш Ибраева, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының бөлім басшысы Еркін Қиялбеков, Қарасай аудандық мансап орталығының директоры Дулат Сансызбаев сынды сала майталмандары «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісін кеудесіне тақса, қызметтік міндетін адал атқарып жүрген бірқатар азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатын иеленді.

    Келесі кезекте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиев жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтады.

    – Мемлекеттік қызмет – ел дамуына, қоғамның тұрақтылығына және азаматтардың әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды сала. Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бағытында ауқымды реформа жүзеге асырылуда. Ел Президенті бастамашы болған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы осы саладағы жұмысты жаңа деңгейге көтеруді, меритократия мен тиімділікті нығайтуды көздейді. Бұл құжат – кәсіби, ашық әрі халыққа жақын мемлекеттік аппарат қалыптастырудың басты бағдары. Бүгінгі мемлекеттік қызметші – тек орындаушы емес, жаңашыл ойлайтын, жауапкершілігі жоғары, халыққа жанашыр, әділетті әрі әдепті тұлға. Алдағы уақытта да бірлесе отырып, мемлекетіміздің өркендеуіне аянбай қызмет етеміз деп сенемін, – деген департамент басшысы «Сервистік қызмет көрсетуші», «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинацияларының  жүлдегерлеріне марапат табыстады.

    Салтанатты жиын соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Ердің жүгін көтерген

    Ердің жүгін көтерген

    1 year ago
    Қонаевта әуе шарлары фестивалі өтеді

    Қонаевта әуе шарлары фестивалі өтеді

    2 years ago
    Абзал жандар алғысқа бөленді

    Абзал жандар алғысқа бөленді

    3 weeks ago
    «Алтын доп» иелері Алтын адам музейін аралады

    «Алтын доп» иелері Алтын адам музейін аралады

    2 years ago
    Энергетиктер еңбегі еленді

    Энергетиктер еңбегі еленді

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.