-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Назардан тыс қалмайды

    20.06.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Партия
    Назардан тыс қалмайды
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    «AMANAT»  партиясы «Құқықтық көмек» жобасы аясында мобильді қоғамдық қабылдау өткізді. Шара қала тұрғындарына барынша ыңғайлы болуы үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жанында ұйымдастырылды. Онда 100-ден астам азамат мамандардан кеңес алып, өз ұсыныстарын жеткізді.

    Қоғамдық қабылдауға партия мүшелерімен қатар облыстық басқармалар, құқық қорғау органдары, заңгерлер мен адвокаттар қатысты. Онда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, инфрақұрылым, жер телімін рәсімдеу, әлеуметтік көмек, құқықтық кеңес пен еңбек қатынастарына қатысты сұрақтар жиі қойылды. Кейбір азаматтар коммуналдық төлемдер мен үй салуға байланысты мәселе көтерсе, енді бірі алимент өндіріп алу, мұрагерлік және еңбек даулары бойынша заңгерден кеңес алды.

    – «AMANAT» партиясының орталық аппараты жыл сайын облыстарды аралап, қоғамдық қабылдау өткізеді. Бүгінгі шарада түрлі мәселелер қаралды. Заң жүйесіне қандай да бір өзгертулер немесе толықтырулар енгізу жайлы ұсыныстарды біз Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, Премьер-Министрдің орынбасарына дейін жеткізуге ниеттіміз. Ал сел кезіндегі нысандардың бұзылуы, саяжайлардағы жер телімдеріне байланысты сұрақтарды облыс деңгейінде шешуге болады. Бірақ бұл шағымдар да біздің назардан тыс қалмайды. Азаматтардың осындай өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдіріп жатқаны қуантады», – деді «AMANAT» партиясы орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Әлия Садырбаева.

    Өз ұсынысын жеткізгендердің бірі – облыстық еңбек мобильді орталығы директорының орынбасары Абзал Нұсқабай. «Қазіргі таңда балалар гаджетке үйір болып барады. Ал көркем әдебиет оқу, өлең жаттау секілді танымды тереңдетіп, сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын дағдылар екінші орынға ысырылып қалғаны жасырын емес. Менің ұсынысым бойынша әр сыныпта аптасына бір рет оқушылардан жаттаған өлеңдерін сұрау керек. Демалысқа арнайы кітап тізімін беріп, ертегі не әңгіме мазмұнын айту сынды тапсырмаларды оқу жүйесіне жүйелі түрде қайта енгізу қажет. Бұл бастаманы жеке мектеп деңгейінде ғана емес, Білім министрлігі тарапынан барлық мектептерге ортақ әдістемелік-ұйымдастыру тәжірибесі ретінде енгізу қажет деп есептеймін. Мамандар ұсынысымды алдағы уақытта қарастыратынын айтты», – дейді Абзал Санжарұлы.

    Облыстық «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қанат Молдаберген ардагерлердің әлеуметтік мәртебесі, олардың жәрдемақысын көбейту, пәтермен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігін барлық аудандарға енгізу, емханада ем қабылдау кезінде жеңілдіктер беруді сұрады. Әлия Садырбаева ардагерлер көтерген сұрақтың ел аумағындағы бірнеше өңірде қайталанып отырғанын айтып, оны Үкімет деңгейінде қарауға жол ашылатынын жеткізді.

    Қала тұрғыны Ұлбала Жұмабекова сәуір айында Қонаев қаласы әкімі Асхат Бердіханов кезекте тұрған тұрғындарға пәтер кілтін табыстағанын, бірақ пәтер құжатын әлі алмағанын айтты. «Пәтер бойынша тек келісімшарт бар, ал негізгі құжатты әлі алмадық, сондықтан тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеуде жоқпыз. Медициналық мекемелерде емделу кезінде де қиындықтар туындады. Қоғамдық қабылдау кезінде жауапты мамандардан осы мәселенің мән-жайын сұрап-білдім. Бір ай көлемінде барлық құжаттар дайын болатынын айтты», – дейді ол.

    Қабылдау барысында барлық өтініштер тіркеліп, жауапты мекемелерге жолданды. Кейбір мәселелер сол жерде жедел шешімін тапты. Ал әлеуметтік мәртебе, білім беру және заңнамалық өзгерістерді талап ететін бірқатар сұрақ республикалық деңгейде қаралатын болады.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Бестемшеден бақ сынады

    Бестемшеден бақ сынады

    3 months ago
    Мергендер сайысы

    Мергендер сайысы

    6 months ago
    Облыста 156 мың тонна астық бастырылды

    Оңтүстік облыстарда астық ору науқаны аяқталып келеді

    2 years ago
    Онлайн ойын  опындырып жүрмесін

    Онлайн ойын опындырып жүрмесін

    9 months ago
    «Таза бейсенбіге» белсене қатысты

    Тазалық пен тәртіп өркениетке бастайды

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>