-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өнерге өріс ашқан

    30.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Өнерге өріс ашқан
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Әрбір адам баласының бойында белгілі бір іске деген икемдігі болады. Оны әрі қарай дамытып, қабілетін жетілдірсе, майталман маманға айналатыны сөзсіз. Қасиетті Кеген өңірі де дарындарға кенде емес. Оның ішінде өнер мен мәдениет саласында қырық жыл тынымсыз еңбек етіп жүрген Омар Бөтеевтің орны ерекше.

    Омар Мәжитұлы 1985-1987 жылдары Қаскелеңдегі Мәдениет колледжінде оқып, еңбек жолын Ақтасты ауылында автоклубтағы қызметтен бастаған. Аудандық Мәдениет үйінің және «Кеген» халық театрының көркемдік жетекшісі болып, «Ереуіл» халықтық-фольклорлық ансамблін құруға атсалысты. «Ел іші – өнер кеніші» демекші, өз кезегінде  Омар ағамыз жергілікті өнерпаздармен бірге аудан, облыс көлеміндегі түрлі өнер додасына қатысып, тыңдарманын тәнті етіп жүргенін ұжымдастары мен ауылдастары мақтанышпен айтады.

    «Зайыбым Бейқұт Бекібаева да Қаскелеңдегі Мәдениет колледжін бітірген. 1987 жылдан бері өнер саласында бірге жүрміз. Отбасында бес қыз, екі ұл өсіріп, тәрбиеледік. Үлкен қызым Арай – Талғар қаласында дәрігер, Мөлдір – биші-хореограф, Ұлжалғас – дәрігер, бәрі бала-шағалы. Одан кейінгі қызым Шәрбат Кеген ауылында әлеуметтік салада жұмыс істейді. Ұлым Шәмші Заманбек Нұрқаділов атындағы Өнер мектебінде вокалдан дәріс береді. Кіші қызым Жібек – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті, дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиевтің класында оқып жатыр. Кенже ұлым Арнұр – Ө.Жаңабаев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы. Ол да әннен құралақан емес.

    Бір кездері «Бөтеевтер» деген отбасылық ансамбль құрып, аудан намысын облыс көлемінде қорғадық. «Қарқара» триосының негізін қаладым. Бүгінгі жас ұрпақтың да өнерге деген талпынысы қуантады. Жақында Қарасай ауданында өткен облыстық байқауда Кәусар Батырхан есімді оқушым аспапта ойнау номинациясы бойынша үшінші орын алды, Темірлан Ринатұлы «Фестиваль жұлдызы» номинациясында топ жарды. Оқушылар арасында  «Дала сарыны» атты домбырашылар ансамблі құрылып, олар да жүлделі орыннан көрінуде, – деп ағынан жарылды кейіпкеріміз.

    Омар Мәжитұлы қажырлы еңбегімен ел алғысына бөленген азамат. Өнер мен мәдениетке қосқан үлесі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. 2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2022 жылы Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында өткен мәдениет және өнер қызметкерлер мерекесінде «Еңбек даңқы» төсбелгісінің, Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» бірлестігінің «Мәдениет майталманы» медалінің иегері атанды.

    Бүгінде зейнет жасына шықса да өнер саласынан алшақ кетпей, Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінде ұстаздық етіп келеді. Жас ұрпаққа үлгі болып, ел игілігіне өзіңіздің ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетіңізді кеңінен көрсетіп, жаңашыл  істің ұйытқысы болуыңызға тілектеспіз!

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Тиісті шешімдер қабылданды

    Тиісті шешімдер қабылданды

    2 weeks ago
    “Ауыл” партиясы Мәжіліске баратын депутаттар тізімін жариялады

    “Ауыл” партиясы Мәжіліске баратын депутаттар тізімін жариялады

    2 years ago
    Тазалық пен спорт – денсаулық кепілі

    Тазалық пен спорт – денсаулық кепілі

    3 months ago
    Ысырапқа жол бермейік!

    Ысырапқа жол бермейік!

    9 months ago
    Балалар қауіпсіздігі басты назарда

    Балалар қауіпсіздігі басты назарда

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>