-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Өнім көлемін озық технология арттырады

    20.06.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Өнім көлемін озық технология арттырады
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында «Тұрақты ауыл шаруашылығы, органикалық және көміртекті жерлерді дамыту» тақырыбында Егінжай күні өтті. Шараға ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының басқарма президенті Ақылбек Күрішбаев, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.

    Аталған институттың елдімекен сыртындағы егінжай алқабында өткен шараға Алматы өңірімен қоса Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстары ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, жетекші халықаралық және отандық ғалым-сарапшылар, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, бизнес-қауымдастық өкілдері келді. Өнімділігі жоғары дақыл түрлері егілген тәжірибелік алаңда ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесі таныстырылды. Бидай, жүгері, зығыр, соя, қант қызылшасын өсірудің инновациялық технологиялары мен жаңа сұрыптары көрсетіліп, заманауи ауылшаруашылық техникаларының көрмесі ұсынылды. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты базасында және бөлімшелерінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардан кеңінен ақпарат берілді.

    Бұдан соң «Тұрақты ауыл шаруашылығы, органикалық және көміртекті жерлерді дамыту» тақырыбында семинар болды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов семинар қатысушыларына құттықтау сөзін арнады. Жиынды жүргізген Ұлттық ғылым академиясының басқарма президенті Ақылбек Күрішбаев Қазақстандағы органикалық және көміртекті егіншіліктің даму перспективаларын атап өтті. Ол: «Қазақстан топырақ пен биомассада көміртекті секвестрлеу үшін кең мүмкіндіктерге ие. Жайылымдар мен пайдаланылмай жатқан егістік алқаптардың едәуір бөлігін қалпына келтіріп, тиімді көміртек резервуары ретінде қолдануға болады. Көміртекті полигондар құру бастамасы – деградацияланған жерлерге орман белдеулері мен көпжылдық дақылдар отырғызу – елдің «жасыл өкпесін» қалыптастыруға бағытталған. Қазақстанның климаттық саясатында 2030 жылға дейін CO₂ шығарындыларын 325 млн тоннаға дейін қысқарту көзделген. Бұл міндетті іске асыруда аграрлық сектордың белсенді қатысуы қажет. Осы тұрғыдан алғанда, органикалық және көміртекті егіншілік бірін-бірі толықтыратын тәсіл ретінде қарастырылады. Ауыспалы егіс, компост енгізу, сидераттарды пайдалану, топырақты минималды өңдеу сияқты органикалық әдістер гумустың жиналуына ықпал етеді», – деді Ақылбек Қажығұлұлы.

    Қазақстанда көміртекті егіншілікті табысты дамыту үшін агроэкожүйедегі көміртекті басқарудың жүйелі моделі қажет. Бұл бағыттың маңыздылығын ескере отырып, Ұлттық ғылым академиясы «Көміртекті егіншілік аясында топырақтағы көміртек пен парниктік газдарды басқаруға арналған кешенді және интеграцияланған тәсілдер: топырақ құнарлылығын арттыру мен аграрлық сектордың климаттық орнықтылығын қамтамасыз ету стратегиясы» атты ұзақ мерзімді ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған техникалық тапсырма жобасын әзірлеп, оны жүзеге асыру бастамасын көтерді. Бағдарлама көміртек үнемдеуші агротехнологияларды енгізуді, геоақпараттық жүйелер мен жасанды интеллект негізінде көміртек балансының мониторинг жүйесін құруды, топырақтағы органикалық көміртекті секвестрлеудің нормативтерін ғылыми тұрғыда негіздеуді, сондай-ақ ел аумағында көміртекті полигондар желісін дамытуды көздейді. Ақылбек Күрішбаев Қазақстанда көміртекті егіншілікті дамыту бойынша Академия айқындаған басым міндеттерді атады.

    Басқосуда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев сөз алып, бұл жиынның оңтүстік өңірлердің ғалымдары мен шаруаларын бір арнаға тоғыстырып, аграрлық ғылымдағы соңғы жетістіктермен танысуға, тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік беретінін атап көрсетті.

    «Алматы облысы мен Алматы қаласы – еліміздің ең ірі тұтыну нарықтарының бірі. Бүгінде облыс тұрғындарын ғана емес, мегаполисті де азық-түлікпен қамтамасыз ету – басты стратегиялық міндетіміз. Мәселен, Алматының халқы 2,3 млн адамнан асса, облыста 1,6 млн-ға жуық халық тұрады. Осы екі өңірді тұрақты азық-түлікпен қамту үшін жыл сайын шамамен 1,7 млн тонна әртүрлі ауыл шаруашылығы өнімі қажет. Соның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне енген картоп, сәбіз, пияз, қырыққабатқа қажеттілік 577,2 мың тоннаны құраса, былтырғы жылы 349,7 мың тонна (60%) өндірілген.  Яғни, қажеттіліктің 40–45 пайызы басқа облыстардан және шетелден тасымалданады. Бұл өңірдің экономикалық тәуелділігін арттырып, нарықта баға тұрақсыздығына алып келуде», – деді аймақ басшысы.

    Осыған байланысты, өңірлік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар кешенді шараларды қабылдау қажеттігін  айтты. Атап айтқанда, ғылыми мекемелер мен ірі шаруашылықтар арасында тұқым өндіру, көбейту және таратудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру – өзекті мәселе. Сондай-ақ селекция саласында жаңа сұрыптарды өңір климатына бейімдеу жұмыстары кеңінен жүргізілуі керек. Жергілікті агробизнес субъектілерімен тікелей байланыс орнатып, оқыту, тәжірибе тарату шараларын тұрақты ұйымдастыруға, сонымен қатар суару мәселесіне тоқталды.  «Ғалымдар нақты өңірлік жағдайға бейімделген, тәжірибе жүзінде қолдануға болатын практикалық шешімдер ұсынуы тиіс», – деді Марат Сұлтанғазиев.

    Саланың өзекті мәселелерін атап көрсеткен облыс әкімі ғылыми мекемелер мен өндірістік құрылымдар арасындағы байланысты нығайту, нақты бағыттар бойынша бірлескен жоба әзірлеу, жаңа сұрыптар мен технологияларды бейімдеп енгізу – негізгі міндет болып қала беретінін жеткізді. Ауыл шаруашылығы өндірісінде басты ұстаным – аз аумақтан мол өнім жинауға бағытталуы тиіс. Озық технологияларды қолдану арқылы өнім көлемін арттырып, жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады. Сондықтан өнімділікті арттыруға басымдық беретін жаңа интенсивті әдістерді ендіру қажет.  Қандай тәсіл тиімді екенін ғылыми мекемелер мен салалық институттар айқындап, жергілікті аграршыларға бағыт-бағдар беруі тиіс.

    «Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығын жеке тұрғыдан емес, бүкіл аумақтың инфрақұрылымдық дамуымен, дәлірек айтқанда, инженерлік инфрақұрылыммен, жол желісімен және логистикамен де өзара байланыста қарау керек.  Мысалы, су үнемдеу технологияларын енгізу электр қуатына тәуелді. Сол секілді жол сапасы төмен аймақтарда өнім нарыққа уақытында жетпей, шығынға ұшырайды. Сондықтан салааралық байланыс пен кешенді тәсіл – тұрақты аграрлық дамудың басты шарты. Бұл бағыттағы жұмысты жүйелі жүргізу үшін бәріміздің белсенді қатысуымыз аса маңызды», – деген өңір басшысы  жиын аясында талқыланатын бастамалар мен ұсыныстар ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.

    Семинарда ғалымдар мен мамандар елімізде көміртекті және органикалық егіншілікті дамытудағы негізгі сын-қатерлерді сөз етіп, агрожүйелердегі көміртек баланстарын верификациялаудың ұлттық жүйесін құру және көміртекті агроэкожүйелік сервистер керектігін айтты. Бұл орайда Қазақстанның түрлі табиғи-климаттық аймақтарына бейімделген көміртекті егіншілікке арналған агротехнологиялар тізілімі әзірленуі керек. Көміртек баланстарын мониторингтеу және верификациялау мақсатында қашықтықтан зондтау және көміртектің биогеохимиялық айналымы модельдері негізінде ұлттық кадастрлық жүйені қалыптастыру қажет.

    Аграрлық ұйымдар, орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттары базасында білім беру және агроэкологиялық платформаны қалыптастыру төңірегінде келелі әңгіме өрбіді. Жиын қорытындысы бойынша тиісті қарар қабылданады.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

    Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

    11 months ago
    Президент Алматыда сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады

    Президент Алматыда сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады

    2 years ago
    Квазимемлекеттік сектор бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Квазимемлекеттік сектор бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    6 months ago
    Қазақша сөйлесейік!

    Қазақша сөйлесейік!

    3 months ago
    «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

    «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.