-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өркениеттер керуені

    04.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Өркениеттер керуені
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Жібек жолы самалы» тақырыбында фотокөрме мен мәдени-креативті жобалардың таныстырылымы өтті. «Қытай – Орталық Азия» саммиті аясында ұйымдастырылған шараға ҚХР Мәдениет министрлігі мен Сиань қаласындағы ИКОМОС мәдени мұраны сақтау халықаралық орталығы ұйытқы болды.

    Ауқымды мәдени шараға Қытай мамандарымен қатар Қазақстандағы ЮНЕСКО өкілдері, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мамандары, қытай-қазақ бірлескен археологиялық тобының мүшелері, халықаралық ұйымдардың сарапшылары мен ғалымдары қатысты. Ұйымдастырушылар аталған көрменің өзіндік мәнге ие екенін жеткізді.

    –  2014 жылы маусым айында Катардың Доха қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 88-сессиясында Ұлы Жібек жолының Қытай, Қазақстан мен Қырғызстан дәлізіндегі 33 нысаны дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне алынды. Міне, содан бері 11 жыл өтсе де, бұл жетістіктің рухани салмағы кеміген жоқ. Қайта уақыт өткен сайын маңызы артып, тарихтың алтын парағына айналды. Осы бір кезеңде Қытай мен Қазақстан  және Ұлы Жібек жолы бойындағы өзге елдер мызғымас серіктестік орнатты. Бүгін біз аталмыш игі шарада бас қосып, адамзат өркениетінің керуені – мәдени мұра мен археология тақырыбына арналған ортақ құндылыққа бірге атсалысып жатырмыз. Шараның мақсаты Ұлы Жібек жолы бойындағы елдер арасындағы рухани байланысты одан ары тереңдету, өзара түсінікті  нығайтып, достықты күшейту. Көрмеде Қытайдан Орта Азияға дейінгі табиғат пен тіршілікті, әлемдік мәдени мұраларды бейнелейтін 40 көркем фотосурет ұсынылды. Бұл фотолар әсем табиғат пен сан қырлы мәдени мұралардың айнасы іспетті. Жібек жолы – бұл тек Шығыс пен Батыс арасындағы экономикалық қарым-қатынастың алтын көпірі ғана емес, сонымен қатар өркениеттердің тоғысуына, идеялар мен рухани құндылықтардың алмасуына дәнекер болды, – деп ізгі ниетін білдірді Сиань қаласындағы ИКОМОС  мәдени мұраны сақтау халықаралық орталығының өкілі Ли Дан  Дан.

    Көрменің ашылу салтанатында сөз алған «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова Сиань археологиялық институтымен байланысын  сөз етті.

    – «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2017 жылдан бастап Сиань қаласындағы археологиялық институтымен «Бір жол – бір белдеу» бірлескен археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Нәтижесінде  тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне археологиялық зерттеу жұмысы жүргізіліп, түрлі ғылыми монография, альбом жарық көріп, көрмелер ұйымдастырылды. Сондай-ақ Сиань қаласындағы Солтүстік-Батыс университетінің Жібек жолы археологиялық бірлескен зерттеу орталығының Есік филиалы ашылды, «Shaanxi TV News» телеарнасы  «Қазақстан – Қытай бірлескен археологиялық жұмыстар нәтижесінде 2000 жылдық сақ-үйсін патша обасындағы зерттеу жұмыстары» атты деректі фильм түсірді. Бүгінгі көрме дүниежүзілік мұра нысандарының әртүрлі мәдени келбетін көрсетеді. Алдағы уақытта екі ел арасындағы мәдени-тарихи байланыс нәтижелі жалғасып, бұдан да үлкен жетістікке жетеміз, – деп атап өтті Гүлмира Райылқызы.

    Көрме аясында екі тараптың өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды. Сонымен қатар қонақтар Қазақстан – Қытай бірлескен археологиялық қазба орны – Есік қорымында орналасқан №8 обадағы қазба жұмыстары барысымен танысты. Іс-шара аясында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен ҚХР Шәнси провинциясының Сиань музейі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

    Ерзат  АСЫЛ

    Еңбекшіқазақ  ауданы

    Ұсынымдар

    Жер сілкінгенде не істеу керек?

    Жер сілкінгенде не істеу керек?

    1 year ago
    Ынтымақтастық –  өрлеу кепілі

    Ынтымақтастық – өрлеу кепілі

    11 months ago
    Әкім Талғар ауданындағы аралас мектеп дауына қатысты түсінік берді

    Әкім Талғар ауданындағы аралас мектеп дауына қатысты түсінік берді

    2 years ago
    Сұрапыл жылдар сыр шертеді

    Сұрапыл жылдар сыр шертеді

    1 month ago
    Әйел мен бала құқығын қорғайтын 111 қызметі туралы не білеміз?

    Әйел мен бала құқығын қорғайтын 111 қызметі туралы не білеміз?

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>