-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сапаға салғырт қарамау қажет

    18.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Мәслихат
    Сапаға салғырт қарамау қажет
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қонаев қаласының әкімдігінде Алматы облыстық мәслихатының тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және сәулет, көлік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев бастаған халық қалаулылары мен бірқатар  басқарма басшылары қатысты.

    Облыстық мәслихат депутаты, тұрақты комиссияның төрағасы Дәулет Жарасбаев жүргізген алқалы жиынның күн тәртібіндегі алғашқы мәселе «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында салынып жатқан нысандар туралы Алматы облыстық құрылыс басқарма басшысының орынбасары Саят Қараласов баядама жасады. Ол өңірде салынып жатқан «Жайлы мектептердің» нақты жағдайына кеңінен тоқталды.

    – 2024 жылы 11100 орынға арналған 9 «Жайлы мектептің» құрылысы аяқталды. Қазір «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның іске асыру жоспарына сәйкес жаңа оқу жылы басталғанға дейін 17 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған, оның ішінде 2 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. 3 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеден артта қалып жатыр. Қалған 12-і бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес орындалуда. Дегемен келісімшарттық міндеттемелерді орындамау себебінен мердігер ұйымдармен шарттарды бұзу, ҚР ҮҚ-на өзгерістер енгізу, мердігер компаниялардың жұмысшыыларының біліктілігі жоқтығы салдарынан кейбір нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары кешеуілдеп жатыр, –  деді басқарма басшысының орынбасары. Көшпелі отырысқа келген депутаттар аталған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау үшін атқарылатын шаралар жайында өз ойларын ортаға салды.

    Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков өңірдегі индустриялық аймақтардың инфрақұрылым мәселесін баяндады. Бүгінде аймақ аумағында  өндіріс орындарын орналастыру үшін  көлемі 1,3 мың гектар болатын 4 индустриялық аймақ құрылып жатыр. Соның ішінде Талғар  ауданындағы «Қайрат» индустриялық аймағының инфрақұрылымын қамтамасыз ету үшін 2023 жылғы 23 мамырда «DAUR Сapital» ЖШС-мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты жасалып, аумақты сумен жабдықтау және кәріз жүйелері, өрт сөндіру депосы және әкімшілік ғимараты салынған. Сонымен бірге абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілген. Ал аумағы 177 гектар болатын «Қайрат-2» индустриялық аймағын іске асыру Қытайдың «China Construction Sixth Engineering Division Corp. Ltd» компаниясы тарапынан өз қаражаты есебінен жүзеге асырылмақ.

    – «Қазыбек бек» және «Шелек» индустриялық аймақтарындағы өндірістік нысандардың уақытында пайдалануға берілуі үшін тиісті инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қажет. Бұл жобаларды мемлекеттік бюджет есебінен іске асыру мемлекетке айтарлықтай қаржылық жүктеме әкеледі. Осыған байланысты, биыл «Шелек» және «Қазыбек бек» индустриялық аймақтарын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша екі конкурс жарияланды. Қазіргі уақытта конкурс бірінші кезеңнің біліктілік іріктеуіне қатысушылардан құжаттарды қарау сатысында тұр. Қажетті қаржыландыру сомасы шамамен 253 млрд. теңгені құрайды, – деді  Айдын Бегімбеков. Сонымен қоса басқарма басшысы қаржылық есептілік пен таза табысты бөлу бойынша «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Алматы облысында жобаларды іске асыруға 2,2 млрд. теңге қаражат бөлгенін жеткізді. Бұл қаражат ауылдық елді мекендерді газдандыру бойынша үш жобаны аяқтауға бағытталмақ.

    Аталған комиссия  отырысында  аймақ аумағында салынып жатқан инфрақұрылым нысандардың құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы да көп талқысына ұсынылды. Облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасың  басшысы Айдын  Әуесбай  өңірде  салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасына байланысты нақта мәліметтерге тоқталды. Оның сөзінше,  облыс аумағында 481 бюджеттік, 543 коммерциялық нысан салынып жатыр. Бүгінде   ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 802 бабына сәйкес 246 әкімшілік материал қаралды, оның ішінде 38 әкімшілік материал облыстық әкімшілік соттарына шешім қабылдау үшін жолданды. Басқарма тарапынан  208 әкімшілік материал қаралып, 52 442 720 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды. Бюджеттік нысандар бойынша ҚР Заңының талаптарын бұзғаны үшін: 2 лауазымды тұлға   117 960 теңгеге, 16  мердігер ұйымына 15 826 300 теңгеге, 4  жобалау ұйымына 1 572 800 теңгеге айыппұл салынды, – Айдын  Әуесбай. Сонымен қатар баяндамашы жұмыс барысында кездесетін қиындықтар мен қаржыландырудағы олқылықтарды да тілге тиек етті.

    Алқалы жиынға қатысқан халық қалаулылары жасалған баяндамаларды қызу талқыға салып, жіберілген қателіктерді сын тезіне салды. Соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қарар қабылданып, тиісті шешімдер шығарылатыны жеткізілді.

    Комиссия  отырысының соңында депутаттар Қонаев қаласындағы Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп пен  көпсалалы колледждің оқу корпусының күрделі жөндеу жұмыстары және облыс орталығында бой көтеріп жатқан 60 пәтерлі тұрғын үйдің  құрылыс-монтаж жұмыстарымен танысты. Халық қалаулылары құрылысқа жауапты мамандарды әңгімеге тартып, жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына ықпал ететін маңызды ғимараттарды биылғы оқу жылының басталуына дейін аяқтап, пайдалануға беру қажеттігін қатаң ескертті. Айта кетсек, биыл облысымызда 20 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жасау жопарланып, оған жергілікті бюджеттен 12,5 млрд. теңге қаржы бөлінген.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында қар басуы ықтимал 12 учаске бар

    Алматы облысында қар басуы ықтимал 12 учаске бар

    1 year ago
    Түргенді түлеткен

    Түргенді түлеткен

    5 months ago
    Майдангер жыр кітабы

    Майдангер жыр кітабы

    2 months ago
    Жылыту маусымына дайындық

    Жылыту маусымына дайындық

    1 year ago
    Жамбылдықтармен жүздесті

    Жамбылдықтармен жүздесті

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>