[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Табиғат аясында

    26.06.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Табиғат аясында
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Талғардың көрікті жерінде 1968 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан облыстық жас натуралистер стансасы аумағында «Бақытты балалық шақ» жазғы лагері ашылды. Аталған шараға Іле-Алатау ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің Талғар филиалы және қалалық әкімдік өкілдерінің қатысуымен аудандық білім бөлімі бастамашы болды.

    Түрлі-түсті шарлармен безенді­ріл­ген жазғы алаңда қонақтарды аниматорлар, сондай-ақ концерттік бағдарламаға қатысуға дайын ертегі кейіпкерлері қарсы алды. Жиналған көпшілікті құттықтаған аудандық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Үшкемпірова аталған шараның маңызын атап өтті.
    – Қымбатты балалар, бүгін сіздер үшін айтулы күн! Аудандық білім бөлімінің және қала мен аудан мектептері әкімшілігінің күшімен біз денсаулыққа пайдалы демалыс өткізу және дүниетанымымызды кеңейту мақсатында жазғы шатырлы лагерь ашып отырмыз. Балалардың бос уақыты мен жазғы демалысын ұйымдастыру – жалпы білім беру жүйесінің маңызды міндеті. Мұнда 1-8 сынып оқушылары демалып, шахмат және дойбы, таза ауада ұлттық ойындар ойнайды, ал бақшада жұмыс істейтіндер үшін гүл, түрлі көкөніс дақылдарын отырғызу мүмкіндігі бар. Аумағы 3 гектар болатын табиғат аясында жылыжайлар, бақтар орналасқан, олар бау-бақша жұмыс­тарымен, пайдалы еңбекпен айналысуға мүмкіндік береді. Демалысты ұйымдастыруға қала мен ауданның 15 білім беру мекемесімен бірлескен ынтымақтастық туралы келісімшарт жасастық. Лагерь дүйсенбіден жұмаға дейін, аптасына 5 күн, үш сағаттан жұмыс істейтін болады. Алда сіздерді тамаша күндер, көңілді бағдарламалар мен ұмытылмас сәттер күтіп тұр, – деді Айнагүл Мұқанқызы.
    Мерекеге келген қонақтар атынан Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы, аудандық мәдениет, спорт және тілдер бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева сөз алып, балаларға жақсы демалыс тіледі.
    Шара соңында қатысушылар аудан өнерпаздары дайындаған концертті тамашалап, рухани ләззат алды. Осылайша, талғарлық балалардың жазғы демалыс маусымы басталып кетті.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕ

    РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕ

    3 months ago
    Әлемнің “сегізінші кереметі” немесе ауылдардағы мәдениет үйлері өз мақсатында пайдаланылып жүр ме?

    Өнеріміз бен мәдениетімізді өркендету үшін әлі көп жұмыс істелуге тиіс – Президент

    1 week ago
    Спортта шекара да, шектеу де болмайды

    Спортта шекара да, шектеу де болмайды

    4 days ago
    Алматы облысында жылына 70 мың тонна көкөніс пен жемісті барынша өңдейтін зауыт салынып жатыр

    Алматы облысында жылына 70 мың тонна көкөніс пен жемісті барынша өңдейтін зауыт салынып жатыр

    2 months ago
    Жаңа ғимарат берілді

    Жаңа ғимарат берілді

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>