-13 °c
Qonaev
Thursday, June 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Табиғат жанашырлары марапатталды

    09.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Табиғат жанашырлары марапатталды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қонаев қалалық әкімдігінде Экологтар және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған салтанатты жиын өтті. Басқосуды облыс әкімінің кеңесшісі Нұржан Құдайберген ашып жүргізіп отырды.

    Нұржан Кеңесұлы өз сөзінде:

    – Бүгінгі күн – қоршаған ортаны қорғау жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі еленетін, табиғатқа жанашырлықтың маңызын еске салар ерекше күн. Сіздердің табиғатты аялауға қосқан үлестеріңіз – келешек ұрпаққа таза ауа, мөлдір су, жасыл әлем сыйлау жолындағы игі істердің бір бөлшегі. Сондықтан бүгінгі марапат – бұл тек құрмет емес, сонымен қатар сенім мен үміттің, алғыстың белгісі, – дей келіп, құттықтау сөз кезегін Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділовке берді. Департамент басшысының құттықтау сөзінен кейін сала мамандары марапатталды.

    Ең алдымен 40 жылдан астам еңбек етіп, соның 10 жылын экология саласына арнаған, қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтірудегі міндеттерін үлгілі орындап, өз қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Сейдалы Сариевке «Еңбек ардагері» медалі табысталды. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді және жемісті жұмысы, Қазақстан Республикасының табиғи байлықтарын сақтаудағы, қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтірудегі жоғары кәсіби қабілеті және жеке үлесі, еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны үшін «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен облыс әкімінің кеңесшісі Нұржан Құдайберген, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас мамандары Айгүл Айтжанова мен Ақмарал Сармантаева, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен облыстық экология департаменті экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Раушан Мұқажанова мен осы департаменттің экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Алина Түсіпбаева марапатталды. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысып, қоршаған ортаны абаттандыруға және көгалдандыруға қосқан үлесі үшін бірқатар табиғат жанашырына Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы табыс етілді. Еңбек ардагері Сейдалы Сариев ақсақал мерекеге байланысты өзінің жүрекжарды тілегін айтып, әріптестеріне арналған тебіреністен туған өлеңін оқып берді.

    Жиынды қорытындылаған облыс кеңесшісі барша марапат иелерін шын жүректен құттықтап, табиғатты аялаудағы жанкешті еңбектері табысты болуына тілектестігін білдірді.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Сапалы жол – қауіпсіз сапар кепілі

    Сапалы жол – қауіпсіз сапар кепілі

    5 months ago
    Бозкілемде белдесті

    Бозкілемде белдесті

    3 months ago
    Тіл саясаты тиімді жүргізіліп келеді

    Тіл саясаты тиімді жүргізіліп келеді

    5 months ago
    Михал Лабенда, дипломат: Қазақ пен поляк халықтарының тарихы ұқсас

    Михал Лабенда, дипломат: Қазақ пен поляк халықтарының тарихы ұқсас

    4 months ago
    Алматы облысында былтыр 6 мың га астам орман алқабын өрт шалған

    Алматы облысында былтыр 6 мың га астам орман алқабын өрт шалған

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>