-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Түйткілді мәселе көтерілді

    13.06.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Түйткілді мәселе көтерілді
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Жамбыл ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмаларын талқылау және іске асыру жөніндегі IV шақырылған Алматы облысы қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынға жергілікті қоғамдық кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері, шаруа қожалықтарының төрағалары мен кәсіпкерлер қатысты.

    Жиынды жүргізген облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Қазыбек Дәуітәлиев алдымен Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын еске салып, оны өңірлерде іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Осы орайда түрлі деңгейдегі қоғамдық кеңестердің рөлі, мақсат-міндеті мен ұстанған бағыт-бағдары, атқаратын қызметіне тоқталды. Бұл мақсатта жергілікті жерлерде ұйымдастырылатын шаралардың мән-мазмұнына назар аударды. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларының осы аудандағы іске асу жағдайын және жоспарын хабарлады. Сөзін аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуымен, алда атқарылар ауқымды істердің жобасымен сабақтап, шешімін күткен өзекті мәселелерді атады.

    Бұдан әрі облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері сөз алып, көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті. Облыстық қоғамдық кеңестің аграрлық сектор жөніндегі комиссия төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, облыстың Құрметті азаматы Тынышбай Досымбеков «Алматы облысында қой шаруашылығын дамытудың мәселелері және оларды шешудегі қазіргі ғылымның жай-күйі» тақырыбында сөз қозғады. Мыңғыртып мал өсіріп отырған өңірде өңдеу өнеркәсібінің тұралап тұрғанына, қой тұқымын асылдандырудың жүйесіздігіне назар аударды. Әсіресе малдың терісі мен жүнін іске жаратуда әлі күнге дейін нақты қадамның жасалмағанын ашық айтты. Аймақта қой шаруашылығын дамыту, оның ішінде ғылыми қолдауды жолға қою аса маңызды. Бұрынғы Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жұмысын қайта жандандыру мүмкіндігін қарастыру керек екенін атап өтті.

    ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, жиын модераторы Қазыбек Дәуітәлиев «Жаңа қоғам құру ісіндегі заң және тәртіп: азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуын қамтамасыз етудің өңірлік мәселелері» тақырыбын тарқатты.

    Келесі кезекте ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының директоры Бибігүл Дәндіғараева сөз алып, облыс аумағындағы тарихи-мәдени ескерктіштердің қорғалу жайына, киелі жерлерді құжаттандыру қажеттігіне назар аударды.  Мыңдаған жылдардан жеткен тарихи мұраларды, оның ішінде жартас суреттерін бүлдіретіндердің әрекетіне қынжылды. Ұрпақ тәрбиесінің маңызы, тарихи орындарды тонау үшін қазатын «қара археологтармен» күрес жүргізуде жергілікті мемлекеттік органдардың атқаратын рөлі туралы ой-пікірімен бөлісті.

    ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің және оған төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың өзекті мәселелері: Жамбыл ауданының мысалында» тақырыбын тілге тиек етті. Облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, медицина ғылымдарының кандидаты Зинаш Күштекова ауылдық жерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдірудің және санитариялық-эпидемиялық қызметтің кейбір мәселелерін ортаға салды. Жамбыл аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бағдат Әлиев өңірдегі қоғамдық бақылаудың өзекті мәселелерін айтып, қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарымен таныстырды. Ол тұрғындардан ұсыныс-тілектер жинақталғанын, оны облыстық қоғамдық кеңеске тапсыратынын жеткізді. Облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Елена Константинова «Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерді субсидиялау механизмі және өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Ал облыс бойынша адвокаттар алқасының адвокаты, заңгер Арман Шәріпов «Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі адвокаттық қызметтің өзекті мәселелері және заң қызметінің қолжетімділігі» тақырыбында әңгіме қозғады.

    Көшпелі отырыста облыстық қоғамдық кеңесінің «МедБақылау» жобасы таныстырылды. Жиын соңында қоғамдағы тұрақтылыққа елеулі үлесін қосып жүрген бірнеше аудан тұрғыны көпшілік алдында марапатталды. Атап айтқанда, әйелдерді қолдайтын үкіметтік емес ұйымның төрағасы Галина Әлжанова, ұйғыр этномәдени орталығының мүшесі Аркентай Ибрагимов және Самсы ауылындағы «Дәуітхан» шаруа қожалығының иесі Ержан Құсайыновқа облыстық қоғамдық кеңестің Алғыс хаты тапсырылды.

    Түстен кейін облыстық қоғамдық кеңес мүшелері шалғайдағы Шиен ауылына барып, жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерімен және ауыл тұрғындарымен кездесті. Осындағы орта мектептің мәжіліс залында өткен жиында бұл сапардың мақсаты жұртшылықпен ашық диалог орнату арқылы билік пен халық арасында алтын көпір болып, толғандырған көкейтесті сұрақтарды білу және оны жоғары жаққа жеткізу екенін түсіндірді. Сайып келгенде бұл қоғамдық бақылау құралдарын ауылдық деңгейде дамытуды көздейді. Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысында көтерілген мәселелер шиендіктермен де талқыланды. Сұрақ-жауапқа кезек беріліп, бірқатар мәселе көтерілді және пікірталас өрбіді. Бұл орайда ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы Темірхан Қожахметов жайылым тапшылығын, Нұрлан Бөкежанов үй салуға арнап берілетін 10 сотық жер телімі ауылдық жерде аздық ететінін, Әбдіманап Мергенғазы жастарды қолөнерге баулитын үйірме қажеттігін, Роза Қауменова ауылдық Мәдениет үйінің  құрылысы созылып кеткенін алға тартса, ауыл ақсақалдары Әбен Тілепбергенов пен Кәдірақын Аташев аталық тілектерін білдірді.

    Жиын барысында жергілікті қоғамдастық жиналысының қолында үлкен өкілеттілік бары айтылды. Шиендегі ауылдық қоғамдастық жиналысының 20-дай мүшесі бар. Қоғамдастық елдімекеннің ішкі мәселелерін шешуге ықпал етеді. Мал жаятын орын мен бағу бағасын, бір жерден екінші жерге көшіру кезінде мал айдайтын жолды белгілеуде, бірінші кезекте атқаруға тиісті басымдықтарды анықтауда маңызды рөлге ие. Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Қазыбек Нұрсейітұлы кей жағдайда заң шешпегенді жергілікті қоғамдастық шеше алатынын айтты. Мәселен, есептен шығарылған коммуналдық меншік нысанының мүлкін кімге беру керектігін айқындауға, ауыл ішінде төрт түлік ұстаудың тәртібін белгілеуге қоғамдастық қауқарлы.

    Көшпелі отырыста осы сынды ауыл жұртшылығы үшін маңызды мәселелер талқыланды. Бұл көптен бері шешімін таппай келе жатқан жайттардың түйінін тарқатуға игі ықпал етері сөзсіз.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Киелі шаңырақтың берік уығы

    Киелі шаңырақтың берік уығы

    2 months ago
    Алматы облысының  цифлық көшірмесі толықтырылуда

    Алматы облысының цифлық көшірмесі толықтырылуда

    1 year ago
    Іле-Балқаш резерватында қарақұйрықтар фототұзаққа түсіп қалды

    Іле-Балқаш резерватында қарақұйрықтар фототұзаққа түсіп қалды

    2 years ago
    Абылай ханды алғаш бейнелеген

    Абылай ханды алғаш бейнелеген

    2 years ago
    Киелі Талхиз өңірінде “Бәйге” федерациясының алқа жиыны өтті

    Киелі Талхиз өңірінде “Бәйге” федерациясының алқа жиыны өтті

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.