⛅
17°C
Қонаев
Жұма, Қазан 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тұлғалық болмысы айшықталған

    30.06.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Тұлғалық болмысы айшықталған
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Балқаш аудандық Мәдениет үйінде  Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, «Құрмет белгісі», екі мәрте «Еңбек Қызыл ту» және І-ІІ-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендері мен көптеген медальдардың иегері атанған, 1969-1984 жылдары аралығында Балқаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарған Әниятулла Ахметовтың еңбегі ел есінде. Қоғам қайраткерінің 100 жылдық мерейтойы аясында тарихи-танымдық конференция ұйымдастырылып, «Тұғыры биік тұлға» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

    Ел-жұртына еселі еңбегі сіңген тұлғаның мерейтойына орай ұйымдастырылған мәдени шара басталмас бұрын аталмыш конференцияға арнайы келген қонақтар аудандық кітапхана қызметкерлері дайындаған «Шежіре тұнған, асылдар туған құт мекен» тақырыбында кітап көрмесі мен Көктал ауылындағы Ә.Ахметұлы атындағы орта мектеп ішінен ашылған музейдің көшпелі экспонаттарын аралап, ол жерде әз ағаның тіршілігінде қолданған дүниелері мен қызмет барысында түскен фотосуреттерін  тамашалады. Конференцияда арнайы сөз кезегін алған құрметті қонақтар Әниятулла Ахметовтың өмір жолына тоқталып, естелік әңгімелерді өрбітті.

    Мәдени шара барысында аудан әкімі Азат Құтпанбетов, Алматы облысының және Балқаш ауданының Құрметті азаматы Тынышбай Досымбеков, Ә.Ахметовпен қызметтес болған Жолтай Балтабеков және немересі Нүсіпжан Хамидоллаұлы, Қазақстан және Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі, «Тұғыры биік тұлға» кітабының авторы Зарыққан Әбілқасымұлы, сондай-ақ аталмыш жаңа кітаптың демеушілері Әбдіжаппар Қыстаубаев, Мұратбек Бейсебеков пен Бақытжан Хамзин сахна төріне құрметпен шақырылып, Ә.Ахметовтың 100 жылдығына орай жарық көрген жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

    Бұдан кейін аудандық Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Бақанас» театрының өнерпаздары «Шалқыма» әнінің шығу тарихын сахналады. Халқының сүйікті перзенті болған қайраткердің 100 жылдық мерейтойында әуезді ән шырқалып, күмбірлете күй ойнап, мың бұралған бишілердің қатысуымен өткен мерекелік шара көптің есінде ұзақ уақытқа дейін ұмытылмай жүретіндей жоғары деңгейде  ұйымдастырылды.

    Мерекелік шарадан соң «Ақ Отау» мейрамханасында әз ағаның рухына Құран кәрім бағышталып, ас берілді.

    Әният Ахметовтың тұлғалық болмысын айшықтап, сара жолындағы дара ізін жас ұрпаққа насихаттау сол заманда үзеңгілес болып, бірге қызмет атқарған һәм көзін көрген қазіргі аға буын өкілдерінің адами парызы болып қала бермек.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Антына адал жас сарбаз

    Антына адал жас сарбаз

    6 months ago
    Президент ұлттық басылым күнімен құттықтады

    Президент ұлттық басылым күнімен құттықтады

    9 months ago

    Жұмыссыз азаматтарға мүмкіндік

    8 months ago
    ЖЕКПЕ-ЖЕК ЖОЛЫ 

    ЖЕКПЕ-ЖЕК ЖОЛЫ 

    11 months ago
    Тиімді жоба

    Тиімді жоба

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>