-13 °c
Qonaev
Wednesday, September 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Үнді елімен әріптестік нығаяды

    25.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Үнді елімен әріптестік нығаяды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшілігі мен Алматы облысы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен  туризм саласы мен өзара сауда-саттықты дамытуға арналған бизнес-форум өтті.

    Resident City қонақ үйінде өткен шараға үнді елінен 50-ден аса туристік компаниялардың операторлары, агенттері мен гидтері,  медициналық және теміржол ассоциацияларының өкілдері, тағам дайындау саласының мамандары, Қазақстан жағынан да туристік және қонақ үй кешендерінің өкілдері, авиакомпаниялар қызметкерлері қатысты.
    Қазақстан мен Үндістан арасындағы іскерлік қатынастар мен  туризмді дамытуға және тәжірибе алмасуға арналған форум әдеттегідей еліміздің туристік өнімдері мен мәдени жобаларының көрмесімен танысудан басталды. Мұнда қонақтарға Қазақстанның туристік мүмкіндіктері көрсетіліп, табиғаттың қайталанбас көрікті жерлері бейнебаян арқылы үнді мамандарының назарына ұсынылды.

    Осыдан кейін өткен пленарлық отырыста облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев сөз алып, өлкеміздің туристік кешендері мен екі ел арасындағы барыс-келіс жайында кеңінен әңгімеледі.

    Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нагендра Прасад үнді елінің ғажайыптарын сөз етіп, отандастарын екі мемлекет арасындағы туристік қатынастарды дамытуға шақырды. Жиынға Үндістан Туризм министрлігінің қосымша хатшысы және бас директоры  Суман Билла онлайн түрде қатысып, баяндама жасаса, Қазақстан туристік ассоциациясының директоры Рашида  Шайкенова, Үндістан теміржол, туризм және аспаздық корпорациясының бас менеджері Промила Гупта, Алматы облысының өңірлік даму орталығының директоры Ақжол Исақов, Үндістан Сауда-өнеркәсіп палаталары Федерациясы (FICCI) бас директорының орынбасары Анирбан Чаттерджи, «Air Astana» әуе компаниясының өкілі Ұлжан  Қайым, Гоа штатының туризм департаментінің директоры Кедар Ашок Найк, «Oi-Qaragai» курортының маркетинг департаментінің директоры Абзал  Қасанаев, «Apollo» госпитальдар тобының халықаралық істер жөніндегі вице-президенті Картик Анантараман өз елдерінің жетістіктері мен туристік мүмкіндіктері туралы айтып, туризм саласын одан әрі дамыту жайындағы ойларын ортаға салды.

         Форумда Қазақстан мен Үндістанның мамандары бірлесе жұмыс жасап, жаңа жобаларды жүзеге асыру тетіктерін қарастырып, жекелеген бағыттар бойынша нақты келісім жасауға қол жеткізді. Осылайша алдағы уақытта туризмді дамытуға қажетті қосымша мүмкіндіктерге жол ашылып, іскерлік қатынастарға қатысты құжаттарға қол қойылды.

    Қуат Қайранбаев

    Алматы қаласы

    Ұсынымдар

    Максимге үй берілді

    Максимге үй берілді

    1 month ago
    Жер кадастры саласындағы коммерциялық қызмет цифрландырылды

    Жер кадастры саласындағы коммерциялық қызмет цифрландырылды

    2 years ago
    Алматы-Байсерке-Талғар газ құбырының екінші тармағын тарту жұмысы басталады

    Алматы-Байсерке-Талғар газ құбырының екінші тармағын тарту жұмысы басталады

    2 years ago
    Қара қылды қақ жарған тұлға

    Қара қылды қақ жарған тұлға

    2 months ago
    Әбілхан Қастеев Шалкөде жайлауын қалай бейнеледі?

    Әбілхан Қастеев Шалкөде жайлауын қалай бейнеледі?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>