-13 °c
Qonaev
Sunday, August 17, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Заң бұзушылыққа жол жоқ

    16.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Заң бұзушылыққа жол жоқ
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Өткен сенбіде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев шұғыл түрде Алатау қаласына қарасты Заречный ауылындағы жаңадан салынып жатқан алюминний профиль “LH AL” серіктестігіне барды. Аталған құрылыста бірқатар техникалық заңбұзушылықтар анықталып, құрылыс жұмысы уақытша тоқтатылды.

    Аймақ басшысының айтуынша, Алатау қаласындағы құрылыс алаңында бірқатар заңбұзушылық орын алған. Тексеру барысында мердігер ұйымның жоба бекітілмей, мемлекеттік сараптамадан өтпей жатып бұрғылау жұмыстарын бастап кеткені мәлім болды. Сондай-ақ құрылыс авторлық және техникалық қадағалаусыз, уәкілетті органдарға ресми хабарланбастан жүргізілген. Осыған байланысты облыс әкімі нысандағы құрылыс жұмысын тоқтату  туралы тапсырма берді.

    «Анықталған заңбұзушылықтарға жүйелі түрде әрекет ету қажет. Барлық жұмыс қолданыстағы заңнама аясында, қауіпсіздік және экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізілуі тиіс», – деді Марат Сұлтанғазиев.

    Сонымен қатар бұрғылау кезінде жер асты суының өте көп мөлшерде шығуы және ұңғыма ауызының ішінара опырылып құлауы тіркелген. Зардаптарды жою жұмысы да жүргізілмеген. Экология департаменті қоршаған ортаға ықтимал әсерді бағалап, техникалық апаттың алдын алу бойынша жұмысты тоқтатуға шешім шығарды.

    Қалалық төтенше жағдайлар департаментіне де қауіп-қатердің алдын алу үшін тұрақты бақылау жүргізу тапсырылды. Ал мердігер ұйымға анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша белгіленген мерзім мен ресми нұсқама берілді.

    Еске сала кетер болсақ, өткен жылдың қаңтар айында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Нәтижесінде жаңа Алатау қаласы құрылды. Оның құрамына 12 елдімекен кіріп, олар шағынаудандарға айналды. Қала Сингапур стилінде салынатын болды. Мемлекет басшысы қала құрылысын облыс әкімімен талқылап, түрлі инвестициялық жобалар тартылатынын мәлім еткен болатын.

    Бағдат ШОЙБАС

    Алатау қаласы

    Ұсынымдар

    Абыздан жеткен аманат

    Абыздан жеткен аманат

    1 year ago
    Жеңісті жақындатқан

    Жеңісті жақындатқан

    1 year ago
    Алтын өндіру өнеркәсібінде 3400 адамды жұмыспен қамтитын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

    Алтын өндіру өнеркәсібінде 3400 адамды жұмыспен қамтитын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

    3 months ago
    Қысылғанда көмек қолын созды

    Қысылғанда көмек қолын созды

    1 year ago
    Ел анасын еске алды

    Ел анасын еске алды

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>