-13 °c
Qonaev
Sunday, August 17, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа дәуірдің жаршыларын дайындаудамыз

    28.06.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңа дәуірдің жаршыларын дайындаудамыз
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

     Әр мерзімді басылымның жаңа санын күтіп, радио мен телебағдарламалардың эфирлік  уақытын аңдып, көріп қалуға үлгеруге ұмтылатын менің замандастарымның  аудиториясы  бүгінде адам танымастай болып өзгерді .  Өйткені, жаңа ғасырмен бірге ғаламат өзгерістер ере келді. Ғаламтор алғаш өмірге еніп, компьютер деген ұғымның  пайда болғаны кеше ғана сияқты еді…

    Ендігі жерде сол алпауыттың  дамып, жаңа сипаттарға ие болуы, мобильді құрылғылардың адам өміріне етене араласуы арқылы  дәстүрлі журналистика деген ұғымды бөліп -жара қарайтын деңгейге жеттік.  Яғни, жаңа медиа және дәстүрлі медиа деп қарайтын болдық. Сол себепі журналистиканың жаңа форматтары мен салалары пайда болып, қолданысқа еніп, журналистердің өмірін түбегейді өзгертті. Жедел жаңалықты қазір ақпараттық сайттар таратады, ал ютуб секілді видеохостингтер мен платформалар қызықтығымен, ыңғайлылығымен елдің санасын  жаулап алды, тіпті тәуелді болдық  десек артық айтқандық емес. Алайда, технологияның дамуынан  дәстүрлі медиа жойылмайды, жаңарып, жасарады, тәжірибемен молыға түседі деп айтуға болады. Демек, жаңа медиа мен дәстүрлі медиа бір-бірін толықтырып, қатар өмір сүреді. Менің замандастарым ақпаратты әлі күнге дейін баспахананың иісін иіскей отырып , газеттен оқитын дағдыларын қойған емес. Тіпті жастар да сол мәліметтің нақтылығына газеттік нұсқа арқылы көз жеткізеді. Өйткені, фактчекингті жүз пайыз қолдана алудың әсіресе, шалғай өңірлерде пайдалану мүмкіндігінің ауылы алыстау…

    Ал, біздің журналистика факультетінде технологияның даму үдерісін дәстүрлі медианы, жаңартып, жасартып, тәжірибемен молықтыруды қолдана отырып оқылатын дәрістер бейнесі түбегейлі өзгерді. Жылдан жылға жаңашыл жастар көбейіп отыр. Сол жастарға лайықты білім беруге ұмтылыс жедел дамуда. Жуырда республика бойынша жоғары оқу орындарының арасында тұңғыш рет біздің факультетте Оңтүстік Кореяның LG компаниясының қолдауымен жасанды интеллект ғылыми зерттеу орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына жаңалыққа жаны құмар жандар –  журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбайұлы мен «Мерзімді баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының меңгерушісі Әйгерім Әлжановалар мұрындық болды. Тіпті  факультет магистранттары ЖИ арқылы жасалған қазақ тіліндегі алғашқы  «AI -TAMYZ» атты газетті шығарып, AI мамандарының өзін таңқалдырды. Осы бағыт әрі қарай да жетілдіріліп, ЖИ ге байланысты факультетте  жаңа дәрістер бағдарламалары жасалу үстінде.

    Республикалық, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілігімен тәжірибе алмаса отырып, мамандар даярлау жолында екі жақты меморандумға қол қойылғаны өндіріс орындарымен байланыстың жақсара түскенінің айқын айғағы. Бұл шәкірттердің алдыңғы толқыннан тәлім алып, өндірістік тәжірибеден нәтижелі өтулеріне мүмкіндік жасайды.

    Жыл сайын өткізілетін түлектер күнінде Отанымыздың әр түкпірінде, әр саласында еңбек етіп жүрген шәкірттердің құрметі журналистика факультетінің абыройын асқақтатып, мерейін үстем етеді. ҚазҰУ дың QS World University Rankings- 2025 халықаралық рейтингінде үздік жоғары оқу орындары қатарында 166 орында болуы қандай құрметке болса да лайық деген пікірді білдіреді. Осындай үрдістер арқылы журналистер кадрларын даярлау ғалым, ұстаздардың алдында тұрған келелі міндеттердің бірі екені айқын.

    Қазіргі жастардың газет, журналдарды, кітапты  оқымайтыны,  көшілігінің  теледидар емес, инстаграм желісі арқылы жаңалықтарды көріп отыратыны белгілі.  Теледидар дәстүрлі медиа,  ал инстаграм жаңа медиа екені рас, алайда, бір бірінің орнын алмастыра алмайды, әр қайсысының өз қолданысы бар. Дәстүрлі медиа ешқашан жойылмайды, жаңа медианың ықпалымен дами түсетіні бүгінде аян болды. Гаджетке телміру кезеңінен өтіп, жастардың кітапқа үңілетін сәтінің де оралатыны мәлім болып отыр. АҚШ-қа барған сапарымда метрода, парктерде, т.б. мәдени орындарда кітап оқитын жастардың көптігіне қайран қалған едім. Сонда олардың әңгімелерінен  онлайндық, гаджеттік процесстерден өтіп, табиғилыққа бет бұра бастағанын байқауға болатын еді. Қай заманда болсын дәстүрлік, табиғилық рең өз қасиетін жоймақ емес. Тек еліміз аман, аспанымыз бейбіт болғай!

    Клара  Қабылғазина,

    әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

     журналистика факультетінің профессоры

    Ұсынымдар

    Шарындағы түйткілдер қашан шешіледі?

    Шарындағы түйткілдер қашан шешіледі?

    2 years ago
    Қазақ манасшысына құрмет

    Қазақ манасшысына құрмет

    8 months ago
    Ұлт саулығы – мемлекет байлығы

    Ұлт саулығы – мемлекет байлығы

    2 months ago
    Ардагерлер – ел ұйытқысы

    Ардагерлер – ел ұйытқысы

    6 months ago
    Азаматтық борышты аяқасты етуге болмайды – мәдениет қайраткері

    Азаматтық борышты аяқасты етуге болмайды – мәдениет қайраткері

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>