☀️
-0°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жылдамдық пен ептілік жеңіске жетеледі

    20.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Жылдамдық пен ептілік жеңіске жетеледі
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Гандболдан балалар мен жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионаты мәресіне жетті. Іле ауданындағы спорт мектебінде өткен айтулы бәсекеде 2013 жылғы және одан кіші балалар, сондай-ақ 2010-2012 жылдары туған ұл-қыздар бақ сынады.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған жарыс балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты мен спортты кеңінен насихаттауға арналған. Сонымен қатар үздік шыққан спортшыларды облыстық құрама сапына қосып, биыл күзде өтетін ел чемпионатына тыңғылықты дайындау.
    «Гандбол спорты ең алдымен жылдамдық пен ептілікті қажет етеді. Командалық ойын болғандықтан, әр спортшының өз міндеті бар. Олар жұдырықтай жұмылып, бір-біріне деген сенімдері нығайған жағдайда ғана жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Мұндай жарыстар жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, үлкен жарыстарда өнер көрсетуіне жол ашады. Бүгінгі таңда Қазақстан құрамасында Алматы облысының спортшылары аз емес. Бұл өңір спортының әлеуетін көрсетеді. Әсіресе, біздің «Алатау арулары» командасының жетістіктері айтуға тұрарлық, – деді ганболдан бас жаттықтырушысы Жанат Байарыстанова.
    Жарыс қорытындысы бойынша, ұлдар арасында Іле ауданының спортшылары, ал қыздар арасында Еңбекшіқазақ ауданының командасы жеңімпаз атанды.
    Айта кетейік, облыс чемпионатының өтуіне Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы, сондай-ақ облыстық гандбол федерациясы мұрындық болды.

    Ұсынымдар

    Әкімдер сайланды

    Әкімдер сайланды

    2 years ago
    Жамбыл ауданында жоғалған шопан аман-есен табылды

    Жамбыл ауданында жоғалған шопан аман-есен табылды

    3 years ago
    Үшем дүниеге келді

    Үшем дүниеге келді

    2 years ago
    Барлық алғышарттар жеткілікті

    Барлық алғышарттар жеткілікті

    1 year ago
    «Жайлы мектеп» жайымен танысты

    «Жайлы мектеп» жайымен танысты

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>