⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Сәуір 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жылжымалы кешеннің көмегі зор

    14.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Жылжымалы кешеннің көмегі зор
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Ауыл тұрғындарына жоғары сапалы диагностикалық қызметті қолжетімді ету мақсатында «QH Денсаулық жолы» қайырымдылық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен шалғай елдімекен тұрғындарын тексеруден өткізді. Жылжымалы медициналық кешен Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле аудандары мен Шелек ауылын аралады.

    «Жылжымалы кешеннің арқасында ауыл тұрғындарының медициналық тексеруден өтіп, уақыты мен қаражатын үнемдеуіне мүмкіндік ашылды. Бұл шалғайдағы халық үшін аса маңызды», – деді Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының директоры Саяхат Олжаев.
    Биылғы ақпаннан мамыр айына дейінгі аралықта 5 350 адам тексеруден өтті. Оның ішінде 1 648 әйелге маммография, 1 401 адамға компьютерлік томография жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 8 адамның қатерлі ісікке шалдыққаны мәлім болса, 123 адамнан қатерлі ісіктің белгілері байқалды. 156 тексерілушіден обыр алды жағдайы анықталды.
    «Ерте диагностика – сәтті емдеудің кілті. Жылжымалы кешендердің көмегімен біз қатерлі ісік ауруларын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік алып отырмыз. Бұл – адамдардың өмірін сақтап қалудың бір жолы», – деді Саяхат Олжаев.
    Жылжымалы медициналық кешен маусым айында Қарасай және Ұйғыр аудандарының тұрғындарын тексеруден өткізеді. Ол арқылы жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетіп, денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігін арттыру көзделіп отыр.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Соңғы жаңалықтар

    Қонаевта масаға қарсы дезинсекция басталды
    07.04.2026
    Шомылу маусымына дайындық күшейеді
    07.04.2026
    Алматы облысында жолаушы тасымалы жақсарады – әкімдік
    07.04.2026
    Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды
    07.04.2026
    Қапшағай су қоймасында балық аулауға уақытша тыйым салынды
    07.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>