⛅
-2°C
Қонаев
Дүйсенбі, Желтоқсан 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    2025 жылы мал шаруашылығын субсидиялау жүйесі жаңаша форматта іске асырылады

    21.07.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    2025 жылы мал шаруашылығын субсидиялау жүйесі жаңаша форматта іске асырылады
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Биыл «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімділік пен өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына» маңызды өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Олжас Молдатаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    Спикердің айтуынша, енді субсидия тек шығынды өтеу емес, саланы стратегиялық дамыту тетігіне айналады. Субсидиялар асыл тұқымды мал өсіруді дамытуға, генетикалық материалға қолжетімділікті арттыруға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге бағытталады.

    Сондай-ақ, төл өсіру, жүн мен бал өндірісі, маусымдық бордақылау сынды жаңа бағыттар субсидиялауға енгізілді. Ал бұрын қолданыста болған селекциялық жұмыстарға арналған кейбір бағыттар алынып тасталды.

    Субсидияны жоспарлау мен бөлу тәртібі де өзгерді.

    Енді облыстық басқармалар өткен жылдардағы төленбеген субсидияларды ескеруі, игерілмеген қаражатты басқа бағыттарға қайта бөлуге рұқсат беріліп, өнімділік пен импортқа тәуелділік бойынша талдамалық есеп ұсынуы тиіс.

    Тауар өндірушілерге қарсы міндеттемелер де енгізілді. Субсидия алушылар өнім көлемін сақтау немесе ұлғайтуға тиіс. Егер 2 жыл қатарынан талап орындалмаса, субсидия алу мүмкіндігі тоқтатылады.

    Арнайы комиссиялардың жұмысы жаңартылды.

    Енді мұндай комиссиялар әр ауданда жыл сайын құрылып, олар тауар өндірушінің инфрақұрылымы мен өндірістік қуатын тексереді. Қажет болған жағдайда — берілген қорытындыны қайта қарауға құқығы болады.

    Бұл өзгерістер – жай ғана рәсімдік түзетулер емес, мал шаруашылығына берілетін қолдаудың жаңа моделі. Бұдан былай мемлекет шығынға емес, нәтижеге, қағаз жүзіндегі жоспарға емес, нақты өнім мен сапаға мән береді.

    «Бұл өзгерістер – жай ғана рәсімдік түзетулер емес, мал шаруашылығына көрсетілетін қолдаудың жаңа моделі. Бұдан былай мемлекет шығынға емес, нәтижеге, қағаз жүзіндегі жоспарға емес, нақты өнім мен сапаға мән береді», – деді Олжас Молдатаев.

    Ұсынымдар

    Спорт пен салауатты өмір салтының мерекесі

    Спорт пен салауатты өмір салтының мерекесі

    2 months ago
    Көз аурулары МӘМС есебінен тегін емделеді

    Көз аурулары МӘМС есебінен тегін емделеді

    1 year ago
    Күршім көпірі іске қосылғаннан кейін төрт айдан соң: Шығыс Қазақстан дамуының жаңа кезеңі

    Күршім көпірі іске қосылғаннан кейін төрт айдан соң: Шығыс Қазақстан дамуының жаңа кезеңі

    10 months ago
    Тасқыннан зардап шеккен аймақтарға көмек жолдады

    Тасқыннан зардап шеккен аймақтарға көмек жолдады

    2 years ago
    Қонаев-Талдықорған жолында 4G базалық станциясы іске қосылды

    Қонаев-Талдықорған жолында 4G базалық станциясы іске қосылды

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>