☀️
10°C
Қонаев
Жұма, Қараша 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Славян базарының» жарық жұлдызы

    15.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    «Славян базарының» жарық жұлдызы
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

              Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының жас өнерпазы Мирас Нағашыбай Беларусь Республикасы Витебск қаласында өткен XXIII халықаралық «Славян базары» балалар музыкалық байқауында 1-орынға ие болып, еліміздің абыройын асқақтатты.

    Биік шыңды бағындырған жеңімпазды Алматы халықаралық әуежайында жақындары мен туыстары, достары мен ауылдастары ыстық ықыласпен қарсы алды. Анасы Индира Өтемісованың айтуынша, ол 5 жасынан бастап ән айтады.
    – Мирас 8 жылдан бері шығармашылықпен айна­лысып келеді. Оның мектеп-студиясы Алматыда орналасқан. Мұндай байқау­ларға қатысар алдында күн сайын дайындалады. Оның бүгінгі жеңісі – өзінің ғана емес, ұстаздарының да еңбегінің нәтижесі. Бізге қолдау көрсеткен Ұзынағаш ауылындағы Мәдениет үйі қызметкерлерін де ерекше атап өткім келеді. Осы байқауға қатысуға демеушілік жасаған Алматы облысының әкімдігіне айтар алғысым шексіз, – деді.
    Мирас кішкентай кезінен ерекше музыкалық дарынымен дараланып келеді. Оның дауысы, әнді жүрекке жеткізе орындай білуі мен әртістік қабілеті ұштасып, тыңдармандарға ерекше әсер сыйлайды. «Славян базарында» ол екі ән шырқады, оның бірін ана тілінде орындап, өз елінің мәдени байлығын күллі әлемге паш етті.
    – Бұл – күрделі байқаулардың бірі, оған 14 елдің үздік орындаушылары қатысты. Мен осындай деңгейдегі жарыста жеңіске жеткеніме және Қазақстан атынан ең жоғары балл жинағаныма өте қуаныштымын, – деп өз әсерімен бөлісті Мирас Нағашыбай.
    Мирастың жеңісі – елімізде өзін әлемдік деңгейде таныта алатын нағыз таланттардың өсіп келе жатқанының тағы бір дәлелі. Ал біз өз кезегінде жас өнерпазға шабыт, өзіне деген сенім және шығармашылық жетістіктер тілей отырып, жаңа жеңістерді асыға күтеміз.

    Інжу Темірхан

    Ұсынымдар

    Еңбекқорлық пен спорттық табандылық

    Еңбекқорлық пен спорттық табандылық

    1 month ago
    ТƏУЕЛСІЗ ЖАСТАР АЛАҢЫ

    ТƏУЕЛСІЗ ЖАСТАР АЛАҢЫ

    1 year ago
    Бейнекамералар көбейді

    Бейнекамералар көбейді

    10 months ago
    Қазақ жеріне күштеп қоныс аударған халықтардың тағдыры тарих беттерінде

    Қазақ жеріне күштеп қоныс аударған халықтардың тағдыры тарих беттерінде

    9 months ago
    Жазушы Мұхтар Мағауин өмірден озды

    Жазушы Мұхтар Мағауин өмірден озды

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>