-13 °c
Qonaev
Saturday, July 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Әлеуметтік тапсырыс жайы талқыланды

    16.07.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Әлеуметтік тапсырыс  жайы талқыланды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Облыс әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік әлеумет­тік тапсырыстың жүзеге асу барысы, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) белсенділігі мен жобалар тиімділігіне қатысты жиын өтті. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында атқарылып жатқан ҮЕҰ жобаларының тиімділігі мен ашықтығын бағалау, жүзеге асып жатқан шаралардың мақсат-міндеттерге сәйкестігін анықтау және азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған ауқымды шараға облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма басшылары, аудан-қала әкімдері мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

    Дөңгелек үстел жұмысын ашып, жүргізген Алматы облыстық азаматтық альянсының президенті, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Қазыбек Дәуталиев «Алматы облысында жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік істі басқаруға қатысуын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты баяндамасын оқыды.
    – Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдар қоғамда маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттік құрылымдарға серіктес бола алады. Алайда олардың мүмкіндігін толыққанды пайдалану үшін жүйелі тәсіл мен нақты қолдау қажет, – деген Қазыбек Нүрсейітұлы ҮЕҰ мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы қарым-қатынасты күшейту, ашықтық пен сенімділік орнату жолдарына кеңінен тоқталды.
    Келесі сөз кезегін алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, ҮЕҰ өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Ерік Абитов «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы әлеуметтік инновациялар» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Ол әлеуметтік жобалардың мониторингін жетілдіру, олардың сапасын бағалау әдістері және қоғамдық бақылау тетіктері туралы толық түсіндіріп өтті.

    Ерік Әзілжанұлы өз сөзінде:
    Әлеуметтік тапсырысты іске асыру тек қаржылай қолдаумен шектелмеуі тиіс. Ең бастысы – қоғамдық маңыз­дылығы, ұзақмерзімді әсері мен ашық есептілік болуы керек, – деп атап өтті.
    Алматы облыстық азаматтық альянсы президентінің орынбасары Мәдина Сауытбекова азаматтық қоғамды дамытуда әрбір азаматтың рөлі мен белсенділігінің маңыздылығы жайында сөз қозғады.
    – Азаматтық қоғам – әрбір саналы азаматтың айналадағы өзгеріске бейжай қарамауы, үн қосуы. Біздің болашағымыз өзіміздің белсенді­лігімізге тікелей байланысты, – деді.
    Жиынның келесі бөлігінде қоғам қайраткері, халықаралық қатынастар саласы бойынша PhD докторы, профессор Қайыржан Әбдіхалықов қатысушыларға «Портрет лидера», «Әлеуметтік лидерлік», «Эмоциялық интеллект және soft skills дамыту» тақырыптарында мазмұнды дәріс оқыды.
    Ол слайд арқылы нақты мысал­дар келтіріп, көшбасшылық қасиет­тің, эмоционалды тұрақтылық пен командамен жұмыс істей білу қабілеті­нің тиімділігін ашып көрсетті. Қазіргі таңда әлеуметтік жобалардың сәтті болуы – көшбасшының адами және кәсіби қасиеттеріне тікелей байланысты екенін де айта кетті.
    Дөңгелек үстел барысында «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы ҮЕҰ қызметін мони­торингтеу әдістемесі» атты облыстық семинардағы жобаларды қадағалау мен бағалаудың жолдары кеңі­нен талқыланды. Спикерлер ҮЕҰ жобаларына мониторинг жүргізу арқылы сапаны арттыру, есептілік пен ашықтықты қамтамасыз ету тетіктерін ұсынды. Осы орайда Қайыржан Саясатұлы:
    – Мониторинг дегеніміз – сын айту емес, сапаны арттыру құралы.
    Бұл жобаның тиімділігін бағалауға, оны жақсартуға бағытталған серіктестік қадамы, – деген пікірін ортаға салды.
    Семинарға қатысқан ҮЕҰ мен қоғамдық ұйым жетекшілері, әлеу­меттік бастамашылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, білікті мамандардан тұщымды жауап алды.
    Жиын соңында ұйымдастырылған фуршет барысында қатысушылар өзара ашық пікір алмасып, бей­ресми форматта байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Артынша мемле­кеттік әлеуметтік тапсырыс аясын­да үздік жұмыс атқарған белсен­ділер арнайы марапаттарға ие болды. Қатысушыларға Алғыс хат табысталып, олардың азаматтық белсенділігі жоғары бағаланды.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Имандылық бастауы

    Имандылық бастауы

    1 year ago
    «Қонаев» сөзі жағалауға ерсі емес пе?

    «Қонаев» сөзі жағалауға ерсі емес пе?

    1 week ago
    Қолы шипалы дәрігерлер

    Қолы шипалы дәрігерлер

    1 month ago
    Ынтымағы жарасқан қос басылым

    Ынтымағы жарасқан қос басылым

    3 weeks ago
    Құрыш білектің құдыреті

    Құрыш білектің құдыреті

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>