⛅
-23°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Алматы облысында МТФ бір жылда сүт өндіру көлемін арттырды

    24.07.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Алматы облысында МТФ бір жылда сүт өндіру көлемін арттырды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Қазақстандағы сүт тапшылығы әлі де өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр. Бұл мәселені жүйелі түрде шешу мақсатында «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) несиелеу бағдарламасын жүзеге асыруда.

    – Бағдарламаны қаржыландыру кезең-кезеңімен жүргізілуде: 2023 жылы 15 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы тағы 5 млрд теңге бағытталды. Биыл республикалық бюджеттен қосымша 8 млрд теңге қарастыру жоспарланып отыр, – деді «Қонаев» ӘКК басқарма төрағасы Мұрат Абдығұлов.

    2024 жылдың қорытындысы бойынша «Қонаев» ӘКК қолдауымен қаржыландырылған 13 сүт-тауар фермасы 38 042 тонна сүт өндірді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 000 тоннаға артық (2023 жылы – 33 088 тонна). Аталған фермаларда 709 адам жұмыспен қамтылған. Барлық жобалар толық қуатына шыққан жағдайда жылдық өндіріс көлемі 68 000 тоннадан асады, ал жұмыс орындарының саны 838 адамға дейін артады деп күтілуде.

    Мұндай табысты жобалардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданындағы «Әлімжанов» шаруа қожалығы. Бұл жоба «Қонаев» ӘКК арқылы қаржыландырылып, айтарлықтай серпінге ие болды. Кәсіпкер Тілек Әлімжанов кеңестік кезеңде салынған ескі ферманы қалпына келтіріп, өткен жылы жеңілдетілген несие арқылы Чехиядан симментал тұқымының 96 бас сиырын сатып алып, сауын табынын 850 басқа дейін ұлғайтты.

    – Шаруашылықта заманауи технологиялар қолданылады, селекциялық-асылдандыру жұмысы жолға қойылған, малға қолайлы жағдай жасалған. Бір сауынды сиырға шаққанда жылына 5,5 тонна сүт өндіріледі. Еуропадан әкелінген ірі қара жаңа ортаға тез бейімделіп, төл бере бастады, – дейді фермер.

    Қазіргі уақытта фермада 100-ден астам адам жұмыс істейді, олардың басым бөлігі – жергілікті тұрғындар. Олар үшін тегін тамақ, көлікпен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Бұл ауыл тұрғындарына тұрақты және лайықты еңбек жағдайын жасап, АӨК-ке көрсетілетін қолдаудың нақты экономикалық және әлеуметтік нәтиже беретінінің дәлелі.

    АӨК-ті несиелеу бағдарламасы Солтүстік Қазақстан облысының оң тәжірибесі негізінде әзірленген. Ол сүт бағытындағы ірі қара мал сатып алуға, сүт-тауар фермаларын, құс фабрикаларын, жеміс-көкөніс қоймаларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу кәсіпорындарын салуға немесе жаңғыртуға арналған жабдықтар алуға несие беруді көздейді.

    Бағдарлама шарттарына сәйкес, несиелеу мерзімі – 10 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%. Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік мерзімі – 24 айға дейін. Несие сомасының жоғарғы шегі – 5 млрд теңге.

    Бүгінгі таңда осы бағдарлама аясында Алматы облысына 1 498 бас сүт бағытындағы ірі қара мал жеткізілді.

    Ұсынымдар

    Ғалам жауһары

    Ғалам жауһары

    11 months ago
    Балалар шаттыққа бөленді

    Балалар шаттыққа бөленді

    2 years ago
    Зорлық-зомбылықсыз келешек

    Зорлық-зомбылықсыз келешек

    2 years ago
    Тағдыр тудырған

    Отыз жетінші қара сөз

    5 months ago
    Фермерлерге жеңілдетілген несие беру бағдарламасына құжат қабылдау басталды

    Фермерлерге жеңілдетілген несие беру бағдарламасына құжат қабылдау басталды

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>