-13 °c
Qonaev
Wednesday, August 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында республикалық жолдарды жөндеу қарқынды жүріп жатыр

    22.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Алматы облысында республикалық жолдарды жөндеу қарқынды жүріп жатыр
    0
    SHARES
    3
    VIEWS
          2025 жылы Алматы облысында республикалық маңызы бар автожолдарды орташа жөндеуге бағытталған 10 жоба жүзеге асып жатыр. Оның аясында 247 шақырым қамтылады. Аталғандардың 9-ы – жол жөндеуге, біреуі – су өткізу құбырын ауыстыруға бағытталған. Жұмыстар облыстың бірнеше ауданында қатар іске асуда. 
    Жобалардың географиясы:
    • Кеген және Райымбек ауданы – 6 жоба
    • Ұйғыр ауданы – 2 жоба
    • Еңбекшіқазақ және Қарасай ауданы – 2 жоба
    Кеген және Райымбек ауданы бойынша:
    «Кеген–Нарынқол» автожолының 0–37 және 37–74 шақырым аралығында:
    • 7 мың м³ қиыршық тас дайындалды;
    • 1,9 шақырым ресайклинг жұмыстары орындалды;
    • 1,3 шақырымға жабынның төменгі қабаты төселді.
    «Көкпек–Кеген–Тюп» жолының 26–41 және 68–88 шақырым аралықтарында:
    • 22 мың м³ қиыршық тас дайындалды;
    • 9 мың м³ ұсақтау жұмыстары жүргізілді;
    • 4,4 шақырым ресайклинг және 1 шақырым жабын төсеу жұмыстары аяқталды.
    38+700 шақырымдағы су өткізу құбырына қажетті құрылыс материалдары нысан басына жеткізіліп, монтаждау жұмыстары басталды.
    Сондай-ақ, «Көкпек – Кеген – Қырғыз Республикасы шекарасы (Тюп) – Жалаңаш – Саты – Күрметі (Көлсай көліне кіреберіс жолы)» бағытындағы 3–24 шақырымы аралығында орташа жөндеудің негіздемесі дайындалып, жабын салу басталды.
    Ұйғыр ауданы бойынша:
    «Көктал–Қорғас» жолының 187–230 және 230–272 шақырым аралығында:
    •14 шақырым ресайклинг;
    •11,5 шақырым жол жабын қабаты салынды.
    Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандары бойынша:
    •«Алматы–Байтерек–Байдібек би–Лавар» жолының 14–43 шақырымы,
    •«Алматы–Шамалған–Ұзынағаш–Аққайнар–Сұраншы батыр–Қырғызстан шекарасы» бағытындағы 20–23 шақырым учаскелері бойынша жұмыстардың 80 пайызы аяқталған.
    Аталған бағыттағы жолдарды 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа беру жоспарланып отыр. Ал өзге нысандар 2026 жылға өтпелі жоба есебінде қарастырылады.
    Айта кетейік, аталған жобалардың орындалу сапасы мен пайдаланылатын құрылыс материалдары «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалы тарапынан тұрақты бақылауда. Жыл басынан бері 19 рет нысан қаралып, 72 құрылыс материалы сараптамадан өткізілген. Оның ішінде 5 материалдың нормативке сәйкес келмейтіні анықталды, сондай-ақ 4 құрылыс ақауы тіркелді.

    Ұсынымдар

    Ардагер есімі ардақталды

    Ардагер есімі ардақталды

    6 months ago
    Елдігімнің белгісі

    Елдігімнің белгісі

    1 year ago
    Сарапшы: МӘМС заңындағы өзгерістер медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады

    Сарапшы: МӘМС заңындағы өзгерістер медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады

    4 weeks ago
    Батырларымыздың рухымен!

    Батырларымыздың рухымен!

    11 months ago
    Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

    Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>