-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Арнайы техника табысталды

    05.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Арнайы техника табысталды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Халқымыз әуел бастан-ақ ұрпағын әр нәрсенің нарқын бағамдап, парқын бағалауға тәрбиелеген. «Судың да сұрауы бар» дегенде, тіршілік нәрі саналатын судың адам өмірі мен шаруашылықтарда ең маңызды рөл атқаратынын меңзеген.

    Жасыратыны жоқ, аудандағы көптеген елдімекендегі ең өзекті мәселелердің бірі – халықты таза ауызсумен қамту. Сонау Кеңес заманынан мұраға қалған су жүйелері қазіргі таңда тозығы жетіп, қараша жұрттың мұңына айналғаны бар. Дегенмен мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде ауылдардағы сумен қамту жүйесі және су құбыры мекемесі арнайы техникалармен біртіндеп жаңартылып келеді. Осы орайда аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев «Кеген су құбыры» кәсіпорнында алдағы дайындық мәселелері бойынша мәжіліс өткізіп, ауызсу жүйелерінде атқарылатын жұмыстарды оңтайландыру үшін мекемеге үш арнайы техника кілттерін табыстады. Бұл қатарда «Пикап JAC-T9», «FAW манипулятор», «Экскаватор» техникалары бар.
    – Кәсіпорындағы қордаланған жұмысты шешу үшін біраз қаражат бөлінген болатын. Соның нәтижесінде аудандық су құбыры мекемесіне үш автокөлік берілгелі тұр. Әр ауылда су құбырынан ақау шығып, жарылып жатады, үлкен су құбырларын ауыстыру керек болады. Сол кезде біздің техникалық күшіміз жетпей жатады. Техникалардың барлығы ескіргендіктен, заманауи құрылғылармен қамтудың қажеттілігі туындауда. Қиындық туындаған кезде көбінесе мердігерлерге көмекке жүгінеміз, енді мекеменің өз техникалары жұмыс істейтін болады. Мекемеге былтыр трактор алып берген болатынбыз, – деген аудан әкімі кәсіпорын қызметкерлерінің қажырлы еңбегін атап өтіп, саланың дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсетілетінін жеткізді.
    Шарада ардагер журналист, Райымбек ауданының Құрметті азаматы Марат Тақабаев орталық ұжымын жаңа техниканың келуімен құттықтап, бата берді.
    Айта кету керек, қазіргі уақытта аудан бойынша жалпы 8 елдімекенге ауызсу жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Ұзынбұлақ, Жалаулы ауылдарының ауызсу жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттама дайын­далып, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сарыкөл, Тоғызбұлақ, Жалағаш, Мыңжылқы ауылдарының ауызсу жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын жасауға 61,6 млн теңге бөлінген. Түменбай, Шыбышы ауылдарының ауызсу жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту жұмыстарының да жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Сонымен қатар биыл Саты ауылына сүзгі алаңын салуға 964,0 млн теңге қарастырылып, мердігер «Карат-Z» ЖШС-мен келісімшарт жасалуда. Жаңа Тасашы ауылының ауызсу жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту жұмыстарына 626,3 млн теңге бөлінбек.
    – Кеген орталығындағы ауызсу жобасын қайта жаңғыртуға құны 1,6 млрд теңге қарастырылуда. Бюджеттік тапсырыс республикалық комитетке жіберілген. Қаражат бөлінсе, Кеген ауылының бас жағынан екі ұңғыма сорғы қазылып, 6000 кубтық резервуар салынады. Алдағы уақытта Кеген ауылының ауызсуы толық шешіледі деген жоспарымыз бар, – деген аудан әкімінің орынбасары Медет Исаев жаңа техникалардың өңір тұрғындарының игілігіне қызмет атқаратынын атап өтті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

     

    Ұсынымдар

    Бауырдақ – қазақ фастфуды

    Бауырдақ – қазақ фастфуды

    1 year ago
    Талғар ауданында қару ұстаған тұрғын ұсталды

    Талғар ауданында қару ұстаған тұрғын ұсталды

    2 years ago
    Жаңа қызмет – жаңа міндет

    Жаңа қызмет – жаңа міндет

    1 year ago
    “Көктем-2025” республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы басталды

    “Көктем-2025” республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы басталды

    5 months ago
    Поэзия мұзбалағы Мұқағали Мақатаевты еске алды

    Поэзия мұзбалағы Мұқағали Мақатаевты еске алды

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>