-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ауқымды істер мекені

    14.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Ауқымды істер мекені
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барды. Бірнеше елдімекенді аралап, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында қолға алынып жатқан ауқымды істерді көрді. Ауыл шаруашылығы, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы тың жобалармен танысты.

    Марат Елеусізұлы алдымен Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайына барып, ақын кесенесінде жыр алыбының рухына тағзым етті. музей меңгерушісі Салтанат Тезекбайқызы мекеме жұмысының барысы туралы баяндады. Одан кейін облыс басшысы аудан орталығынан шалғайдағы Сұңқар ауылына барды. Суықтөбе тауының бауырындағы бұл шағын елдімекен Дегерес ауылдық округіне қарайды. Аймақр басшысы осындағы «Дегерес Дистрикт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне атбасын тіреді. Серіктестік директоры Ерзат Ембердиев шаруа жайымен таныстырды. Бұл жер мал ұстауға өте қолайлы болғандықтан кәсіпкер мұнда асыл тұқымды жылқы шаруашылығымен айналыса бастағанын айтты. Сонымен қатар жанға жайлы тау етегінде демалыс аймағын салуды жоспарлап отыр. Ерзат Байділдаұлы сүтті бағыттағы бірнеше асыл тұқымды бие әкеліп, биыл ісін бастап кетіпті. Қазір 60-тан астам биесі бар, қымыз өндіре бастаған. Жылқы шаруашылығымен бірге демалыс аймағының жұмысын қатар жүргізбек. Алдына қойған жоспары ауқымды. Айтуынша, мұнда демалыс аймағы салынып, келушілерге қымыз бен саумал ұсынылмақ. Ол үшін  үлкен қонақүй тұрғызылып, адамдардың демалысын көңілді өткізуі үшін бассейн, жасанды су қоймасы,  саябақ сияқты дүниелердің құрылысы жүргізілмек. Меншігінде оған қажетті жер көлемі бар. Бұл жобасының болжамды құны 10 миллиард теңге көрінеді. Құрылыс жұмыстарын келесі жылы аяқтап, демалыс аймағының қызметін сол жылдың желтоқсан айында бастауды жоспарлағанын айтты. Нәтижесінде 100-ден астам жұмыс орны ашылмақ. Облыс басшысы халыққа қажетті қызмет көрсететін мұндай іске мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін білдірді. Өңір жетекшісі Еңбекшіарал ауылында салынып жатқан 600 орынды Келешек мектебінің құрылысын көрді. Мұндағы жұмыс барысымен мердігер мекеме – «Альтаир» өндірістік кооперативінің төрағасы Елдос Есенбай, «Самұрық-Қазына Контракшн» акционерлік қоғамының өкілі Ұлан Солтанов таныстырды. Нысан «Самұрық-Қазына Контракшн» АҚ тапсырыс беруімен тұрғызылған. Жобалық құны – 5 349,1 миллиард теңге. Мектеп құрылысы 2023 жылдың желтоқсанында басталып, биылғы 31 шілдеде аяқтау жоспарланған. Алайда жұмыс барысында жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасы, құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттары кешеуілдеп берілуіне байланысты кідіріс болған. Қазір мұнда 70-тен астам жұмысшы істеп жатыр, жұмыс қарқынды. Айналасын абаттандыру жұмысы жүргізілуде. Өңір жетекшісі нысан құрылысын оқу жылы басталмай тұрып толық аяқтауды тапсырды.

    Облыс басшысы аудан орталығы Ұзынағаш ауылына барып, осында салынып жатқан бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана құрылысын көрді. Емханаға облыстық құрылыс басқармасы тапсырыс берген. Жобаның жалпы құны – 5,2 милиард теңге. Жұмысты орындайтын мердігер ұйым – «САН МҰНАЙ ГАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Техникалық қадағалауды «ӘСЕМ-ҚҰРЫЛЫС-ҚЫЗЫЛОРДА» ЖШС жүргізеді. Құрылысы 2022 жылдың қараша айында басталған. Толық қаржыландырудың болмауына байланысты 2025 жылға өтпелі жоба ретінде қарастырылған. Биылғы жылға 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Емхана құрылысын осы жылдың 30 қыркүйегінде аяқтау көзделіп отыр. Ішіне медициналық құрал-жабдықтар тамыз айында орнатыла бастайды. Осы орайда облыс әкімі құрылыстың сапалы болуын, сонымен қатар халқының саны тұрақты өсіп жатқан аудан үшін  заманауи емхананы қажетті аппараттармен жабдықтау керектігін қадағалауды тапсырды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Атом энергетикасы технологиялары дамып кетті

    Атом энергетикасы технологиялары дамып кетті

    9 months ago
    Ауқымды жобаның іргетасы қаланды

    Ауқымды жобаның іргетасы қаланды

    1 year ago
    Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

    Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

    10 months ago
    Бұзақылар жауапқа тартылды

    Бұзақылар жауапқа тартылды

    2 years ago
    Жеңіл атлеттер жарыс жолында

    Жеңіл атлеттер жарыс жолында

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>