-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Ауыл аманаты: Алматы облысында жылыжай иесі бүкіл ауылды қызанақпен қамтып отыр

    25.07.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Ауыл аманаты: Алматы облысында жылыжай иесі бүкіл ауылды қызанақпен қамтып отыр
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Мыңбаев ауылының тұрғыны Болат Тоқбаев «AMANAT» партиясының бастамасымен іске қосылған «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несие алып, жылыжай шаруашылығын жолға қойған. Бүгінде ол көкөніс пен гүл өсіруді қатар дамытып, ауылда отырып-ақ тұрақты табыс тауып отыр.

    Кәсіпкер 6,2 млн теңге көлеміндегі 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиеге 1,5 соттық жерге жылыжай салып, қызанақ, шалғам, қарбыз және жүзім өсіруді қолға алған. Жылыжайда тамшылатып суару, суды жылыту және желдету секілді жүйелер қарастырылған. Негізгі басымдық қызанақ өсіруге берілген. Орта есеппен жылына 1,5-1,8 тоннаға дейін өнім жиналады. Маусым айларында күніне 40-50 келіге дейін қызанақ теріліп, ауыл дүкендеріне және көтерме сатып алушыларға жөнелтіледі.

    «Былтыр күзде қызғалдақтың тұқымын отырғыздым. Тұқымды арнайы Голландиядан әкелінген сорттармен араластырып ектім. Жылыжай ішіндегі температураны қыста 10–12 градустан түсірмей ұстауға тырыстым. Соның арқасында наурыз мерекесіне қарай 13 мың дана гүл жинап, түгелдей сатып үлгердім. Сұраныс өте жоғары болды. Әсіресе мектеп, балабақша, мәдениет үйі сияқты мекемелерден алдын ала тапсырыстар түсті. Бір күнде мың данаға дейін сатылған кездер болды. Енді келесі жылы бұл көрсеткішті екі есеге арттырып, гүлді тек ауылда емес, аудан орталығында да сатуды жоспарлап отырмын», – дейді Болат Тоқбаев.

    Бүгінде шаруа осы кәсібімен ауыл ішіндегі сұранысты толық өтеп отыр.

    Айта кету керек, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы Алматы облысында екі жылда 1 360 адамға 11 млрд теңге несие берілген. Тек өткен жылы 250 жоба қаржыландырылып, тағы 31 кәсіпкерге қосымша қолдау көрсетілді.

    Ұсынымдар

    Ата-ана – балаға айна

    Ата-ана – балаға айна

    2 weeks ago
    1-сыныпқа құжат қабылдау тамыздың бірінде аяқталады

    1-сыныпқа құжат қабылдау тамыздың бірінде аяқталады

    2 years ago
    ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

    ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

    7 months ago
    Былтыр 1414-ке 30 миллионнан астам қоңырау түсті

    Былтыр 1414-ке 30 миллионнан астам қоңырау түсті

    2 years ago
    Әрекетке – берекет

    Әрекетке – берекет

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>