-13 °c
Qonaev
Saturday, July 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Балалар қауіпсіздігі бәрінен маңызды

    15.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Балалар қауіпсіздігі бәрінен маңызды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

            Облыстық білім басқармасы Алматы қаласындағы №1 Балалар үйінің ғимараты апатты жағдайда болуына байланысты ондағы тәрбиеленушілерді Қонаев қаласында салынған жаңа мекемеге көшіру туралы шешім қабылдаған болатын. Бірақ ондағы тәрбиеленушілер Қонаевқа көшкілері келмейтінін айтып, наразылық білдірген. Осыған орай мәселенің мән-жайын түсіндіру мақсатында баспасөз туры ұйымдастырылып, жаңа ғимарат таныстырылды.

    Қонаевтағы жеке инвестор есебінен салынған жаңа Балалар үйі 180 балаға арналған. Мұнда кіші және ересек топтарға арналған бөлек асханалар, жеке спорт және мәжіліс залдары, кең ойын алаңы, демалыс аймақтары, кітапхана, медициналық ем қабылдау бөлме­лері қарастырылған. Сондай-ақ балалардың шығармашылық дамуына арналған еңбекке баулу, музыка, шаштараз, аспаздыққа үйрететін кабинеттер де бар. Қазіргі заманғы санитариялық, құрылыс және білім беру стандарттарына толық сәйкес келеді.
    – Жаңа ғимарат әкімдіктің 2025 жылғы 9 шілдедегі қаулысына сәйкес Алматы облыстық білім басқармасының балансына өтті. Балалар үйі Алматы қаласында орналасқанымен, заңды тұрғыда Алматы облысына қарайды. Сондықтан тәрбиеленушілерді үй кезегіне тіркеу, медициналық ем қабылдау кезінде қиындықтар болды. Балалар Қонаев қаласына көшірілгеннен кейін бұл мәселелер шешімін табады. Қазіргі кезде балалар мен қызметкерлерге ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа ғимаратта балаларға барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтармен қамтылып, білім алуына, қауіпсіздігі мен шығармашылық дамуына да баса назар аударылған. Балалар жақын маңдағы мектептерде білім алатын болады және оларды тасымалдауға арналған автобус та қарастырылған, – деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Әтенбекова.
    Балаларды көшіру кезең-кезеңі­мен жүргізіледі. Алғашқы кезеңде 1-4- сыныпта оқитын 44 бала көшіріледі, ал жоғары сынып тәрбиеленушілері әлеуметтік бейімделуді сақтау мақсатында біртіндеп, тамыз айының соңына дейін көшірілетін болады. Қазіргі уақытта мекемеде 171 бала тербиеленуде. Олардың 125-і – жетім балалар, 42-сі – өмірлік қиын жағдайға тап болғандар. 85 қызметкер еңбек етеді.
    Журналистер қауымы Алматы қаласындағы Балалар үйі ғимараты­ның жай-күйімен де танысты. Балалар­ды қолдау орталығының директоры Роза Жақанқызының айтуынша, бұл ғимарат 1963 жылы салынған. 2024 жылы «Астанақұрылыссервис» ЖШС жүргізген техникалық зерттеу кезінде нысандағы инженерлік желі­лер­дің – жылу және сумен қамту жүйе­лерінің тозғаны және қал­пына келтіруге жарамсыз екені, санитария­­лық, өрт қауіпсіздігі және құрылыс нормаларына сай кел­мей­тіні анықталып, жер сілкінісі кезін­де қабырғаларда жарықтар пайда болған. Ғимараттағы бір бөлме асхана және мәжіліс залы ретінде пай­да­ланылған.
    Балалар үйінің бітіруші түлектері Алматы қаласындағы ғимаратта балалық шағы өткенін, ол жерді қимайтынын айтты. Ал балалар үйінің директоры қауіпсіздік өте маңызды екенін, сондықтан оларды ескі ғимаратта қалдыра алмайтынын, жаңа мекемеде сапалы әрі жайлы жағдай жасалғанын жеткізді.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    Қонаев қаласында жағажайдағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр

    Қонаев қаласында жағажайдағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр

    2 years ago
    Елге қызмет – абыройлы міндет

    Елге қызмет – абыройлы міндет

    1 year ago
    Жазушымен жүздескен сәт

    Жазушымен жүздескен сәт

    10 months ago
    Өзен жағалауы тазартылды

    Өзен жағалауы тазартылды

    1 year ago
    Жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды

    Жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>