⛅
-2°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Балалар қауіпсіздігі мен су айдындарындағы тәртіп – бақылауда

    09.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай, Туризм және саяхат
    Балалар қауіпсіздігі мен су айдындарындағы тәртіп – бақылауда
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жазғы демалыс маусымында Алматы облысында су айдындары мен көпқабатты тұрғын үйлердегі қауіпсіздік шаралары басты назарда. Бұл туралы Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Самат Кенжехан және Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Қырғыз Ерназар мәлімдеді.

    2025 жылғы шомылу маусымында суға бату оқиғаларының алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар жұргізілуде. Жыл басынан бері 9 адам суға бату дерегі тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,79 пайызға аз. Су айдындарында қауіпсіздік күшейтіліп 103 рұқсат етілген жағажай анықталып, қауіпті 87 учаскеге 200-ден астам қауіпсіздік белгісі орнатылды. Құтқарушылар мен волонтерлер күнделікті рейд жүргізіп жатыр», – деді Самат Кенжехан.

    Сонымен қатар, Қапшағай су қоймасында қауіпсіздікті қашықтықтан бақылауға арналған мониторинг жүйесі орнатылғанын, жедел әрекет ету үшін 31 жүзу құралы мен 45 сүңгуір жабдығы дайындалғанын жеткізді.

    Жыл басынан бері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша 93 азамат жауапқа тартылып, 1 млн 418 мың теңгеден астам айыппұл салынған.

    Соңғы уақытта балалардың терезеден құлау фактісі жиіленуде. Жазатайым оқиғаларды алдын-алу мақсатында тұрғын үйлерді жобалау кезінде терезе қауіпсіздігін ескеру, ПИК және МИБ жұмысына бақылауды күшейту, ата-аналармен кең көлемде түсіндіру жұмысын жүргізу қажет.

    Қонаев қаласында – 2, Қарасай ауданында – 1 бала биіктен құлап, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

    «Қауіпсіздікті арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, “Қауіпсіз терезе” акциясы аясында жоғары қабатта пәтері бар көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың терезелеріне арнайы бекітпелер орнатылып жатыр.», – деді Қырғыз Ерназар.

    «Қауіпсіздік – бұл тек құтқару қызметінің емес, әр азаматтың, әр отбасының жауапкершілігі. Әсіресе, балалардың өмірі мен денсаулығы үшін ата-аналар барынша мұқият болуы тиіс».

    Ұсынымдар

    ҒАСЫР ТОЙЫ

    ҒАСЫР ТОЙЫ

    12 months ago
    Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты

    Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты

    3 months ago
    Ғарышта шырқалған Абай әні

    Ғарышта шырқалған Абай әні

    4 months ago
    Ақынға құрмет

    Ақынға құрмет

    4 months ago
    Келісіп пішкен тон келте болмайды

    Келісіп пішкен тон келте болмайды

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>