-13 °c
Qonaev
Saturday, July 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дәстүрлі сайыс

    12.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Дәстүрлі сайыс
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Қоғамдағы тұрақтылық пен келісім – еліміздің басты құндылығы. Алматы облысында 100-ден астам этнос өкілі бірлігі жарасып, тату-тәтті ғұмыр кешуде. Олардың барлығына мәдениетін, дәстүрі мен ана тілін сақтау және дамыту үшін тең жағдай жасалған. Соның бір көрінісі – Қапшағай су қоймасы жағалауындағы «Ақжайық» демалыс аймағында өткен «Аймақтық казак ойындары – Шермиция» фестивалі. Қазіргі кезде Шермиция дәстүрлі казак мерекесі саналады. Бұл – физикалық белсенділік пен дәстүрлі өмір салтын насихаттайтын жарыс.

    Қазақстан халқы Ассамблеясының – 30, Жеңістің – 80 және Жетісу казактары одағының 30 жылдығы сияқты маңызды мерейтойларға орайластырылып, «Бірлігіміз – әралуандықта» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен шымылдық түрді.
    Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімінде алғашқы сөз кезегін алған Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығының кеңесшісі Александр Морозов шараның өтуіне қолдау көрсеткен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевке, қала әкімі Асхат Бердіхановқа, қоғамдық келісім және даму орталығының директоры Елбосын Абайға алғыс айтты. Одан кейін Қонаев қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі, спорт ардагері Қанат Жақыпов сөз алып, мұндай жарыстың қалада алғаш рет жалауы желбіреп отырғанын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
    Келесі сөз Жетісу казактары одағының атаманы, Қазақстанның орыс, славян және казак ұйым­дары қауымдастығының Алматы қаласындағы филиалының төрағасы Владимир Шихотовқа берілді.
    – Бүгінгі фестиваль тек казак мәдениетінің мерекесі емес, бұл – халықтар достығының жарқын белгісі, мәдени дәстүрлердің жаңғыруы, ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының көрінісі. Шермиция ойыны казактардың тарихи тамырын, құндылықтары мен дәстүрін сақтауға септігін тигізеді. Сондай-ақ бірлігі жарасқан халқымыздың ынтымағын нығайтатыны анық. Шермиция – казак этноойыны казактардың ептілігін, күшін, төзімділігі мен рухын көрсететін дәстүрлі сайыс. Қазақстандық патриотизмді қалыптастырып, өскелең ұрпақтың физикалық дайындығын күшейтетін жарысқа Алматы мен Шымкент қалаларынан, Қарағанды, Жетісу мен Алматы облысынан белсенді ойыншылар қатысуда, – деген атаман көпшілікті ойын ережесімен таныстырды. Сонымен қатар жиналғандарды мерекемен құттықтаған Евгений әкей Христан дінінің рәсімдерін орындап, дұға оқыды.
    Келесі кезекте қоғамдық келісім және даму орталығы директорының орынбасары Айымжан Тәңірбергенова Қазақстан халқының мәдени дәстүрлері мен мұраларын сақтауға және дамытуға, халық шығармашылығын насихаттауға үлес қосқан азаматтарға Алғыс хат табыстады.
    Көптен күткен жарыс та басталды. Қазақстан аумағында тұратын этностар арасындағы достықты нығайтуға бағытталған ойынға қатысуға казак қоғамдарының, әскери-патриоттық клубтардың, спорт секцияларының, отбасылық, жастар және этномәдени бірлестіктердің өкілдері ниет білдіріпті. Сайыста бақ сынаушылар жерге төселген көлік дөңгелектерінен тепе-теңдікті жоғалтпай, жылдам жүгіріп өтіп, төмен орналасқан ағаш жолақтардың астынан еңбектеп шығып, пневматикалық мылтықтан нысанаға үш рет оқ атты. Одан кейін орналастырылған ағаш шеңберлерден құламай өткеннен кейін, садақпен, спорттық балта және пышақпен үш мәртеден нысананы көздеп, су құйылған құты мен ілулі тұрған арқанды қылышпен шауып түсіріп, көпір арқылы жүгіріп, мәреге жетті.
    Фестиваль шеңберінде көрермендер назарына казак ұжымдарының концертік бағдарламасы ұсынылды. Жарыс қорытындысы шығарылғаннан кейін атаман Владимир Шихотов жүлдегерлерді марапаттады.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Үздік әлеуметтік серіктес

    Үздік әлеуметтік серіктес

    1 month ago
    Қазақтың бұлбұлы

    Қазақтың бұлбұлы

    7 months ago
    AMANAT: Қарасай ауданындағы мектеп кестеге сай салынып жатыр

    AMANAT: Қарасай ауданындағы мектеп кестеге сай салынып жатыр

    2 years ago
    Аружанның білезігі қауіптен құтқарады

    Аружанның білезігі қауіптен құтқарады

    1 year ago
    БҰҚАРА ҮНІ БИЛІК НАЗАРЫНДА

    БҰҚАРА ҮНІ БИЛІК НАЗАРЫНДА

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>