☀️
9°C
Қонаев
Сейсенбі, Қазан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Еңбек майталмандарына құрмет

    17.07.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Еңбек майталмандарына құрмет
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

          Былтырдан бастап елімізде Ветеринария қызметкерлері күні аталып өтілуде. Осы ретте Кеген ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өңір ветеринарларының басын қосқан салтанатты шара өтті.

    Мерекелік жиынға аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Нұртас Қиялбеков, облыстық ветеринариялық стансасының директоры Сабырбек Хамитұлы, аудандық ветеринариялық стансасының директоры Қабыл Төкенов, мал дәрігерлері мен сала ардагерлері қатысты.
    Аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев ветеринария саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбек майталмандарына ерекше құрмет көрсетті.
    – Экономиканың негізгі тірегі болып табылатын мал шаруашылығы саласында ветеринарияның алар орны ерекше. Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Ветеринария – тек жануарлардың саулығына ғана емес, адамдардың денсаулығы мен азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін аса жауапты сала. Сіздер күнделікті атқарып жүрген табанды еңбектеріңіз арқылы ауыл шаруашылығының дамуына, мал шаруашылығы өнімдерінің сапалы әрі қауіпсіз болуына зор үлес қосып келесіздер. Мамандыққа деген адалдықтарыңыз, жануарларға деген жанашырлықтарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіз зор құрметке лайық. Ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласындағы жауапты қызметтеріңізге жеміс тілеймін! – дей келе, ветеринария саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады.
    Салтанатты шарада облыстық ветеринариялық стансаның директоры Сабырбек Хамитұлы құттықтау сөз сөйлеп, жылдар бойы осы салада еңбек етіп, өмірін мал шаруашылығымен байланыстырған жандарға облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті. Сондай-ақ Кеген аудандық ветеринария бөлімінің ветеринариялық дәрігері Жамбыл Мамырқұловты «Алматы облысы ветеринария саласындағы қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, Тасашы ауылдық округі ветпунктінің ветеринариялық санитары Сайлаубек Иманбековты «Еңбек үздігі» төсбелгісімен марапаттады.
    Мерекелі күндегі басты сыйлық – Нива автокөлігі облыстық ветеринария басқармасының қолдауымен осы саладағы жауапты қызметі үшін Қарабұлақ ауылдық округінің ветеринариялық қызметіне сыйға тартылды. Осылайша ветеринар-мамандардың мерейі арта түсті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін

    Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін

    2 months ago
    Алматы облысында екі аудан әкімі сайланады

    Алматы облысында екі аудан әкімі сайланады

    2 years ago
    Маңызды шешім қабылданды

    Маңызды шешім қабылданды

    7 months ago
    Халық таңдау жасады

    Халық таңдау жасады

    3 months ago
    Ұйым жұмысы сараланды

    Ұйым жұмысы сараланды

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>