[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Есік музейі маңындағы визит-орталық құрылысы тоқтап тұр

    Құрылыстың 75 пайызы ғана аяқталған

    13.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәселе, Парламент, Туризм және саяхат
    Есік музейі маңындағы визит-орталық құрылысы тоқтап тұр
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Мәжіліс депутаттарының Алматы облысына жасаған жұмыс сапары аясында Еңбекшіқазақ ауданындағы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында және Талғар ауданындағы Oi-Qaragai тау-курортында бірқатар инфрақұрылымдық мәселе көтерілді.

    Алдымен депутаттар музей аумағында салынып жатқан визит-орталықтың құрылысымен танысып, нысанның қазіргі жай-күйін көзбен көрді. Мекеме директоры Гүлмира Мұхтарованың айтуынша, туристерге арналған бұл нысанның құрылысы 2023 жылы басталған. Қазіргі таңда тек негізгі жұмыстың 75 пайызы орындалғанымен, толық аяқтауға қажетті қаражат бөлінбеген. Бастапқы жобалық-сметалық құжаттама бойынша 292,3 млн теңге қарастырылса, әзірге 87,7 млн теңге ғана игерілген. Құрылыс материалдары мен жұмыс күшінің қымбаттауына байланысты жобаның жалпы құны 446,1 млн теңгеге дейін ұлғайған.

    «Құрылыстың үштен бірі тоқтап тұр. Бұл орталық өңірге келген туристер үшін негізгі визит-нүкте болуы тиіс еді. Қаржы толық бөлінбегендіктен, тек ғимарат емес, су жүйесіне қосу, көгалдандыру сияқты инфрақұрылымдық жұмыстар да тоқтап қалды. Сондай-ақ музей қорындағы Алтын адамның сүйегін ғылыми негізде экспозицияға шығару жұмыстары жылдар бойы іске аспай келеді. Музей мен жергілікті мектеп арасындағы бос аумақта этноауыл құру жобасы да қолдау таппай отыр», – деді музей директоры.

    Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Есік музейінің тарихи және мәдени маңызын атап өтіп, Алтын адам табылған бұл мекеннің республикалық қана емес, халықаралық туристік маршруттың маңызды бөлігіне айналуы тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, бұл нысан тек археологияның емес, тұтас ұлттық болмыстың символына айналуы керек. Депутаттар аталған проблемаларды Үкімет пен тиісті министрліктер деңгейінде көтеруге уәде берді.

    Сапар аясында халық қалаулылары Талғар ауданындағы Oi-Qaragai тау-курортындағы инфрақұрылым жайына да назар аударды. Курорт басшылығының айтуынша, жыл сайын жүз мыңдаған турист қабылдайтын демалыс аймағы болашақта өңірлік туризмнің негізгі орталығына айналуы мүмкін. Дегенмен, жаңа нысандар салуға қажетті жер телімдері мәселесі ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған.

    Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің айтуынша, Oi-Qaragai маңындағы бірқатар жер учаскелері кезінде түрлі лауазымды тұлғалардың атына рәсімделіп, бүгінде игерусіз бос тұр.

    «Oi-Qaragai аумағын кеңейтуге инвесторлар дайын. Бірақ таудың бөктеріндегі бірқатар жер телімдері кезінде түрлі лауазымды тұлғаларға берілгенімен, игерілмей бос тұр. Курорт әкімшілігі бұл мәселені бірнеше рет көтерді. Жер кодексінің 92-бабына сәйкес, мұндай телімдерді мемлекетке қайтару процесін осы жоба аясында қолға аламыз. Бұл бағытта тиісті жұмыстарды бастаймыз», – деді Бақытжан Базарбек.

    Айта кету керек, өңірде «AMANAT» партиясы тау туризмін дамытуға бағытталған «Алатау аманаты» жобасын іске қосты. Жоба аясында Алматы облысындағы бірегей табиғи және тарихи нысандарды біріктіретін, ұзындығы 1200 шақырымнан асатын ұлттық туристік соқпақ салу жоспарланған.

    Ұсынымдар

    Облыста 19 тұрғынүй мен коммерциялық нысан заңсыз салынып жатыр – Прокуратура

    Алматы облысында бірнеше заңсыз құрылыс анықталды

    1 year ago
    Еңбек ардагері: Әр азаматтың даусы маңызды

    Еңбек ардагері: Әр азаматтың даусы маңызды

    6 months ago
    Қонаевта — “Төрлет, әз-Наурыз” мерекелік думаны

    Қонаевта — “Төрлет, әз-Наурыз” мерекелік думаны

    2 years ago
    Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты

    Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты

    2 years ago
    Алматы облысында шаруа қожалығы 1,5 млн теңге субсидиясын қайтарып алды

    Алматы облысында шаруа қожалығы 1,5 млн теңге субсидиясын қайтарып алды

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>