⛅
21°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қайырымдылыққа үндейді

    17.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Қайырымдылыққа үндейді
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Қонаев қаласында ерекше маңызы бар қоғамдық шара өтті. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма мен «Жетісу жастары ұйымының конгресі» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Фирма БЕНТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Шара аясында мұқтаж отбасылар мен ардагерлерге арналған қайырымдылық акциясы да ұйымдастырылды.

    Волонтерлікті дамытуды көздейтін жаңа меморандум аясында әлеуметтік жобалар жүзеге аспақ. Аталған меморандум еліміздегі еріктілер қозғалысын жаңа деңгейге көтеріп, волонтерлік бастамаларды жүйелеуге, жұмысын үйлестіруге және жастардың қоғамдық өмірге белсене араласуына жол ашады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, заманауи фронт-офис ашу арқылы еріктілердің қызметі нақты әрі нәтижелі бағытта жүйеленбек. Игі бастаманың сенімді серіктесіне айналған – Ділмұрат Кузиев басқаратын «БЕНТ» фирмасы бұған дейін де көптеген әлеуметтік жобаны жүзеге асырып келген. Компанияның қолдауымен Алматы қаласында тоғыз мешіт, Ұйғыр драма театры және мәдениет музейі бой көтерді. Бұған қоса олар үнемі балалар үйлеріне, спорт ұйымдарына, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тұрақты түрде көмек көрсетіп келеді. Сондай-ақ Пирмұхамед-хаджи Кузиев атындағы отбасылық қор да ел игілігі үшін еңбек етуде. Қор жылдар бойы аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлер мен жетімдерге, дарынды жастарға қолдау танытып, қайырымдылық бағытта 500-ден астам мұсылман студентін шәкіртақымен қамтамасыз етуде. Ділмұрат Кузиевтің жеке қаржысына оннан астам мектеп жөнделіп, заманауи техникамен жабдықталғанын да айта кеткен жөн.
    Әлеуметтік қолдау аясында құрылған меценаттар клубы да ел есінде. Аталған ұйым өнер мен мәдениетке үлес қосқан жандарға «Ильхам» сыйлығын табыстап келеді.
    «БЕНТ» компаниясымен арадағы ынтымақтастық туралы меморандум – жастар саясатының жаңа серпіні. Бұл қадам қоғам игілігіне бағытталған жобалардың санын арттырып қана қоймай, жастардың белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін көтеруге ықпал етпек.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Соңғы жаңалықтар

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА САҚМАН БАСТАЛДЫ
    06.04.2026
    Тәжірибе, күш және мінез
    06.04.2026
    Алматы облысының 29 дәрігері шетелде кәсіби біліктілігін арттырды
    06.04.2026
    Тұрғын үй құрылысы көлік қатынасына кедергі келтірмеуі тиіс – Асхат Бердіханов
    06.04.2026
    Креативті индустрия: Алматы облысында әлемдік деңгейдегі кинопавильонның құрылысы басталды
    06.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>