-13 °c
Qonaev
Saturday, July 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Қараойдағы жаңа технология

    17.07.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Қараойдағы жаңа технология
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Райымбек ауданында осыдан үш жыл бұрын 11 шаруа қожалығы бас біріктіріп, «Алтын дән-1» атты өндірістік кооперативін құрған еді. Қолда бар мүмкіндіктерін бір арнаға тоғыстырып, таулы өңірге қолайлы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, сөйтіп, молшылық негізін қалауды ниет еткен. Қараой өңірінен 500 гектер алқапты меншіктеріне алып, көктем шығысымен мақсатты іске білек сыбана кіріскен. Бұрын да диқаншылық­тан хабары бар, тәжірибесі мол азаматтар қара жердің қыртысын айырып, арам шөптен, өнімнің өсіп-жетілуіне кедергі келтіретін басқа да зиянды заттардан арылтты. Химиялық тыңайтқыштармен қорек­тендіріп, құнарын арттырды. Басқа да агротехникалық талап­тарды толығымен жүзеге асырды. Сөйтіп, иі қанған алқапқа «Любава», «Любава-5» деп аталатын жаздық бидай тұқымдарын септі. Ерінбей еңбектенді, тамшылата тер төкті. Нәтижесінде еселі еңбек пен тамшы тердің төлемі жайқалған егінге, сары теңіздей толқыған алтын астыққа айналды. Қамба күн иісті дәнге толды.

    Жаңашылдықты жандарына серік еткен кооператив мүшелері мұнымен ғана шектеліп қалған жоқ. Өткен жылы ауданда алғаш рет су үнемдеу тәсілімен тамшылата суару технологиясын қолға алды. Көп жылдық шөп және дарқан дақыл – картоп отырғызылған 150 гектар алқапты ағылшындық «Zimatic» жаңбырлатқыш техникасымен қысқа мерзім ішінде судан өткізді. Тамшылата суару арқылы суға мейлінше қанған алқаптың әр гектарынан күзде 220 центнерге дейін өнім алуға қол жеткізілді. Осылайша, тамшылата суарудың тиімділігі ауыл шаруашылығы өнімдерінің молшылығына негіз қалады. Биыл жаңбырлатып суару әдісі толығымен қолға алынып отыр. Сөйтіп, ауданда ауыл шаруашылығын дамытудың тағы бір оңтайлы жолы өз шешімін тапты.
    «Алтын дән-1» өндірістік кооперативі биыл көктем шығысымен тағы бір тың бастаманы қолға алды. Мемлекеттің қолдауы арқылы Қараой өңіріндегі 500 гектар астық алқабын жерасты суы арқылы суландыруды жүзеге асыра бастады.
    – 500 гектар жерге жаңбырлату қондырғысы орнатылып жатыр. Жобаның құны 700 миллион теңгеге бағаланып, тиісті қаражат берілді. Жаңбырлатып суару жүйесін қолға алған шаруа қожалықтарына 80 пайыз субсидия бөлінді. Бұл қаражат ток көзін тартып әкелу, құбырлар тарту, бұрғылау техникасын орнату, су қоймасын жасау сияқты инфрақұрылымдарға жұмсалады. Біз осы бағдарламаның арқасында ғана қолға алған жұмысты жүзеге асырып жатырмыз. Егер бұл бағдарлама болмаса, кез келген кәсіпкер үшін аталған жұмысты іске асыру қиын. Райымбек ауданы аграрлық салаға өте қолайлы. Әсіресе, таулы өңірдің дарқан дақылы – картоп өсірудің тиімділігі жоғары. Осы орайда мына бір нәрсені айта кеткім келеді. Таулы өңір соңғы он жыл ауанында картоп өсіруде біршама артта қалып қойды. Бұған тұқымның қартаюы, заманауи технологиялардың жеткіліксіздігі, ауыл шаруашылығы техникаларының ескіріп, тозығы жетуі көптеген кедергілер келтіргені анық. Қазіргі таңда бұл қиыншылықтардың көзі жойылды. Бәрі де жұмысты бүгінгі талап деңгейінде атқарып, заманауи технология арқылы жүзеге асырудың нәтижесі арқылы қаланды, – дейді кооператив төрағасы Дулат Құлмамыров.
    Кооператив төрағасының айтуынша, аудан Алматыдай ірі мегаполиске жақын болғандықтан картоп өсірудің тиімділігі де арта түсетіні анық. Бұл бағытта «Қонаев» ӘҚК» ұжымымен іскерлік байланыс орнату мен облыс әкімдігі­нің қолдауы игілікті істің өркендеуіне өзіндік септігін тигізуде. Қазір Алматы іргесіндегі Ынтымақ ауылынан «Пепсико» зауыты салынып жатыр. Сол зауытты шикізатпен қамтамасыз ету үшін келісімшарт жасасқан. Өз алқаптарынан 60 гектар жерге аталған зауыт үшін картоп егіп, алдағы күзде қажетті өніммен қамтамасыз етпекші. Алқапқа себілген 180 тонна тұқым да Швециядан, Ресейден әкелініпті.
    Қараой өңіріне су тарту жұмысы өткен 2024 жылдың желтоқсан айынан қолға алынған. Зерттеліп, зерделеніп, жоспары жасалыныпты. Игілікті бастама мемлекеттен қолдау тауып, тиісті қаражат бөлінген. Бұрғылау ісімен «Бұл Сәт» атты мердігер компания айналысуда. Жанболат Сәтеев жетекшілік ететін компанияның алғашқы бұрғылау жұмысы өз нәтижесін беріп, 240 метр тереңдіктегі тұщы су жер үстіне шығарылыпты. Қазір екінші орынды бұрғылау жұмысы жүргізілуде. 250-270 метр тереңдіктен су шығатынына Қанат Артықов басшылық жасайтын бұрғылаушылардың сенімдері зор. «BZC-600 AL» атала­тын бұрғылау машинасының да мүмкіндігі шексіз. Сонымен қатар су сорғызатын қондырғылардың қасынан сыйымдылығы 30 мың текше метрлік су қоймасы да дайын­далуда. Болашақта осы қоймаға жинал­ған су арнайы құбыр арқылы жаңбырлат­қыш техникаға жеткізіледі. Жаңбырлатқыш қондырғының қажетті құрал-жабдықтары да толығымен жеткізілген. Жаңа қондырғыны тікелей алқап басында құрастыру ісімен «KAZ KIOTA» компаниясының мамандары айналысуда.
    Иә, бұған дейін жеті қат аспанның ақ қары мен жаңбырына тәуелді болып келген Қараой өңірінің жер- асты суының игілігін көретін күні де алыс емес. Жаңбырлатып суарудың тиімділігі де жоғары болмақ. Нақты айтқанда, 70 гектар алқап арық арқылы 10-15 күнде суарылатын болса, жаңбырлатып суаруға небәрі үш күн ғана кетеді. «Алтын дән-1» өндірістік кооперативі 500 гектар алқапты алдағы уақытта астықпен қатар көкөніс, майлы дақыл, картоп, мал азығын өсіретін алқапқа айналдыруды мақсат етуде. Ортақ іске құлшыныс танытып отырған Айбар Тойлыбаев, Әрсен Молдағалиев, Мақсат Әшімбаев, Ілияс Құныпияев, басқа да кооператив мүшелерінің өз иеліктеріндегі алқаптың алдағы уақытта сулы жерге, сулы жер – нулы жерге айналатынына сенімдері мол.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Жерлесіміз жеңіс тұғырында!

    Жерлесіміз жеңіс тұғырында!

    5 months ago
    Қапшағайға былтыр миллионнан астам турист келді

    Қапшағай су қоймасының жағалауын абаттандыру басталды

    2 years ago
    Тұлпар дүбірі

    Тұлпар дүбірі

    10 months ago
    Этносаралық қатынастарды реттеу тетіктері үйретілді

    Этносаралық қатынастарды реттеу тетіктері үйретілді

    1 year ago
    Бақытты ана – бақытты бала

    Бақытты ана – бақытты бала

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>