-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаевта 6 шақырымнан астам жағажай абаттандырылады

    14.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Туризм және саяхат
    Қонаевта 6 шақырымнан астам жағажай абаттандырылады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың мәліметінше, Қонаевта 8 қалалық жағажай бар. Былтыр №5 жағажай бюджет есебінен, ал биыл оның төңірегіндегі 1 шақырым жағажай инвестор есебінен абаттандырылып, қолданысқа берілді.

    «Жағажайдың жаңа кейіпке енуі туристік тартымдылықты арттырды. Мысалы, былтыр қаламызға демалуға 1,5 млн адам келсе, биыл оның саны шомылу маусымы аяқталмай-ақ 860 мыңнан асып кетті. Орта есеппен алғанда №5 жағажайға күнделікті 1500-2000, демалыс күндері 4500-6000 адам келеді. Бұл өте жақсы көрсеткіш», – деді әкім.

    Асхат Бердіхановтың сөзінше, 7 жағажай №5 жағалаудың стиліне сәйкестіндіріліп жасалады. Яғни, жобада инфрақұрылым, санитарлық аймақтар, жасыл аймақтар, шағын сәулеттік нысандар, композициялар, демалыс орындары мен фудкорттар, қауіпсіздік шаралары қарастырылады.

    «Рауан шағынауданынан бастап 18-шағынауданға дейінгі аумақты қамтитын 6,1 шақырымдық жағалау аймағы кезең-кезеңімен жаңғыртылады. Оның ішінде №5 жағалау қолданыста болса, қалғанының жобалық құжаттары дайындалуда. Биыл шомылу маусымы аяқталған соң, №6 және №7 жағажайда құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарлануда. Ал №8 жағажай инвестор есебінен абаттандырылады деп күтілуде», – деді шаһар басшысы.

    Сондай-ақ ол коммуналдық жағажайлардан бөлек, 140 демалыс орнына қатысты жоспарлармен бөлісті.

    «Қапшағай су қоймасының жағалауында туристік аймақтар өте көп. Оларды да бір реттілікке, қалыпқа келтіру үшін дизайн-код жасалып, ұсыныс беріледі. Кәсіпкерлермен бірлесе отырып, қызмет көрсету сапасын арттыру және демалыс орындарын эстетикалық жағынан үйлестіру көзделіп отыр», – деді Асхат Бердіханов.

    Сонымен қатар әкім туризмді дамыту мақсатында бірқатар инвестжобалар жүзеге асатынын атап өтті.

    «2025-2028 жылдар аралығында жалпы сомасы 306,4 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестжоба жүзеге асады деп жоспарлануда. Оның қатарында қонақ үйлер, бассейндер, гольф-клуб, сауда үйлерін және басқа да нысандар бар. Әкімдік тарапынан қажетті мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп жатыр», – деді ол.

    Бұған дейін қала әкімі қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жиын өткізгенін жазғанбыз. Онда тазалық, санитарлық талаптар, қауіпсіздік және тәртіптің сақталуы бойынша нақты тапсырмалар берілген еді.

    Ұсынымдар

    Омарташылық оңай кәсіп емес

    Омарташылық оңай кәсіп емес

    2 years ago
    Бірлігі бекем ауыл

    Бірлігі бекем ауыл

    2 months ago
    Монополияға қарсы заң бұзушылықтар жойылып, бақылау күшейді

    Монополияға қарсы заң бұзушылықтар жойылып, бақылау күшейді

    7 months ago
    Өнер – бірлікке бастайды

    Өнер – бірлікке бастайды

    9 months ago
    Мемлекет меншігіне қайтарылды

    2600 гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>