🌧️
4°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қонаевта жағажай спортына арналған алаң жаңаша келбетке енді

    10.07.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Қонаевта жағажай спортына арналған алаң жаңаша келбетке енді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қонаев қаласында ел игілігіне арналған тағы бір нысан жаңғыртылды. Аумағы 2,1 гектарды алып жатқан спорт аймағы 2017 жылы салынған. Алайда, бұған дейін ешқандай жөндеу көрмеген. Биыл нысан тұрғындар талабына сай жаңартылды.

    Аталған аумақта жағажай волейболы мен футболына арналған алаңдармен қатар, үстел ойындарына лайықталған орындар – тоғызқұмалақ пен шахмат үстелдері, балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын және уоркаут алаңдары құрылған.

    Ең көңіл қуантары – аумақтың ұлттық нақышта безендірілуі. Тротуар тастары қазақы оюлармен көмкеріліп, кіреберіс тұсқа халқымыздың көне ұлттық ойыны — алтыбақан қойылған. Алаң ортасына кеседен төгілген ақ сүт іспетті гүл композициясы орналастырылып, раушан гүлдері егілген. Айнала түгел көгалдандырылған. Жөндеу жұмыстарын ШЖҚ «Қонаев Көркейту» МКК жүргізді.

    «Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау – басты мақсатымыз. Жағажай спорт алаңының дәл жанында Кроссфит алаңы бар. Қазірдің өзінде бұл аумақ күнделікті таңғы және кешкі мезгілде қала тұрғындарының ең сүйікті орнына айналды. Алдағы уақытта да қоғамдық орындарды абаттандыру жалғасады», – деді ТҮКШ бөлімінің басшысы Тимур Ақмырзаев.

    Ал тұрғын Айдос Ескелдинов болса, жаңа нысандардың бой көтеріп жатқанына қуанышты екенін жеткізді.

    «Кешкі уақытта достарымызбен келіп, футбол ойнаймыз. Алаң өте жақсы салынған. Көңілімізден шықты. Спорт – денсаулық кепілі болғандықтан, халыққа пайдалы нысандар салынып жатқанына қуаныштымыз», – деді ол.

    Естеріңізде болса, бұған дейін Қонаевта жаңа сквер салынып жатқанын жазғанбыз.

    Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Олқылықтың орнын толтыру қажет

    Олқылықтың орнын толтыру қажет

    2 years ago
    Мереке мерейі

    Мереке мерейі

    8 months ago
    Жасөспірім қыздарға папиллома вирусына қарсы екпе салынады

    Жасөспірім қыздарға папиллома вирусына қарсы екпе салынады

    1 year ago
    Балалар қауіпсіздігі басты назарда

    Балалар қауіпсіздігі басты назарда

    2 years ago
    Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың санитариялық жағдайы бақылауда

    Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың санитариялық жағдайы бақылауда

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>