-13 °c
Qonaev
Saturday, August 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Құсбегілікті кие тұтқан

    19.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Құсбегілікті кие тұтқан
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

          Сөгетілік өнегелі отбасының иесі Серік Шолпанбай ұрпақ сабақтастығын жалғастырып, құсбегілік өнерді насихаттап келеді. Жуырда ауданда өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында үлгілі әулет бас жүлдені жеңіп алып, облыстық кезеңге жолдама алды.

    Отан отбасынан құралатыны белгілі. Өйткені ұлттың ең негізгі іргетасы – отбасы. Әр әулет өз тілін, ділін, дінін қастерлеп, тәлім-тәрбиесін тереңге жайса, сол халықтың келешегі кемел болмақ.
    Қазақ халқының «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Әкеге қарап, ұл өсер, шешеге қарап, қыз өсер» деген сынды ұрпақ тәліміне байланысты айтқан мақал-мәтелдері – отбасы тәрбиесінің негізі. Осыны берік ұстанатын Серік Шолпанбай отбасы – ұлттық тәрбиені ұлағат тұтқан әулет.
    Отбасы туралы ой өрбіткенде Серік Шолпанбай: «Отбасым – менің тірегім, шағын мемлекетім. Сол мемлекетімде анам Динара Баетбайқызы бас болса, екі қарындасым Гүлнұр мен Айгерім – қос қанатым. Жарым Ақбота Кенжеғұловамен өмірге төрт перзент әкеліп, оларды сүйіспеншілікпен өсіріп, ата-баба құндылықтарын бойларына сіңіріп келеміз.
    Менің отбасым – менің айнам. Күнделікті сол айнадан бәрін көріп, бақылап отырамын. Ұлдарым әжесімен кішкентай кездерінен қазақтың салт-дәстүрін бойларына сіңіріп өсті. Құсбегілік, тазылық, батагөйлік, спортшылық – олардың бір бойынан табылатын өнер. 10-сыныпта оқитын ұлым Мұқали – спорт шеберлігінен үміткер.
    Отбасым түрлі іс-шараларға белсене қатысады. Соңғы барғаны – Дүниежүзілік көшпенділер ойыны, «Ауылым – алтын бесігім», «Ұлы дала жорығы». Көшпенділер ойынында 90 мем­лекеттен қонақтар келіп, төл өнерімізге тәнті болды. Сонда қарындасым Айгерім Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан Құрмет грамотасын алды. Отбасымыз ауыл, аудан, облыс, республика көлемінде марапат иелері атанып, ел құрметіне бөленіп жүр.
    Әулетіміз халықтық дәстүрді жалғап, бүркіт, тазымен саят құрып, туризммен айна­лысамыз. «Жеті қазына» құсбегілер мұражайын ашқалы мектеп оқушылары, студенттер, шетелдік қонақтар көптеп келуде. Елшіліктермен етене жұмыс жасап, Ұлыбритания, Польша, Қытай, Венгрия, тағы басқа да елдерден Алғыс хаттар алдық. Сонымен қатар осы елдерге құсбегілікті насихаттап барып, Көк Туымызды желбіретіп, үлкен өнер көрсетіп, ел сүйіспеншілігіне бөленіп қайттық.
    «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, құсбегілер пірі саналатын Шора және кәлпелік Демболсын бабалардың ұрпағы болған соң, қиын да қызық өнерді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, жандандырып келеміз», – деді.
    Жалайыр Шора бабаның құс ұстау, оны үйрету, бүркіт баптау, құсты сынау, тағы басқа амал-айласы, тәжірибесі, тәсілі ерекше болған. Ол қыранның қайда мекендейтінін, қашан ұя басатынын өте жақсы білген. Басқа құсбегілердің бәрі өздеріне Шораны тәлімгер ұстаз тұтқан.
    Бұл әулет – Шора бабаның ұрпағы. Сондықтан ұл, қыз демей, құс­бегілік өнерді жақсы меңгеріп, үлкен жетістіктерге жетуде. Үлкен әкелері Мұхамет, Бекмұхан Англияға барып, 33 мемлекет қатысқан фестивальда жеңіске жетіп, көш бастап, ұлттық шеру­дің алдында жүрді. Кейінгі ұрпақ та құсбегілік өнерді бойларына сіңіріп, өсіп келеді.
    Иә, өнегелі отбасы – елінің өркені, тірегі. Әр азамат жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, берік отбасының негізін қаласа, мемлекетіміздің керегесі кең, іргетасы мықты болары сөзсіз.

    Анарбек БЕРДІБАЕВ
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Комиссия құрамы өзгерді

    Комиссия құрамы өзгерді

    4 months ago
    2024 жылғы шомылу маусымы: Құтқару қызметі қалай жұмыс істеді?

    2024 жылғы шомылу маусымы: Құтқару қызметі қалай жұмыс істеді?

    11 months ago
    Әкім Қарасай ауданындағы құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды

    Әкім Қарасай ауданындағы құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды

    2 years ago
    Мыңдаған баланың талабын ұштаған өнер мектебі

    Мыңдаған баланың талабын ұштаған өнер мектебі

    2 years ago
    Іле ауданында орман өртінің алдын алу оқу-жаттығуы өтті

    Іле ауданында орман өртінің алдын алу оқу-жаттығуы өтті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>