⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Қараша 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Максимге үй берілді

    22.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Максимге үй берілді
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         Таяуда қабаған иттерге таланып, өлім аузынан аман қалған Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылының тұрғыны, 10 жасар Максим Головачевтың отбасында қуанышты жаңалық орын алды. Оқыс жағдайдан кейін біраз қиындықты бастан кешіріп жатқан жеткіншекке «Asar-Ume» қайырымдылық қоры өз қолдауын көрсетіп, баспана сыйлады. Аталған қордың басшысы Асхат Нұрмашев Жалпақсай ауылына арнайы келіп, қоныстойын тойлап жатқан отбасының қуанышына ортақтасып, Максимнің жағ­дайын біліп қайтты.

    Естеріңізге сала кетсек, маусым айының 30-ы күні Жалпақсай ауылындағы футбол алаңында достарымен ойнап жүрген 10 жасар Максим Головачевты иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған. Азулы иттерден жасөспірімді сол маңда өтіп бара жатқан ауыл тұрғыны Серікбек Сақайбеков құтқарып қалды. Ауыр халдегі Максим бірден аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген еді. Бүгінгі таңда оның жағдайы орташа бірқалыпты, дәрігерлердің жіті бақылауында.
    Баланы өлімше етіп талаған иттер сол Жалпақсай ауылындағы есірткіге, ішімдікке тәуелді адамдарға арналған оңалту орталығына тиесілі болып шықты. Алматы облысының полиция департаментінің мәлімдеуінше, бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 104-бабы «Абайсызда ауыр зиян келтіру» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
    Ауыр жағдай әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, зардап шеккен балаға қолдау көрсететіндер саны артқан. Соның бірі – округ тұрғындарынан құралған еріктілер тобы. Аталған топтың мүшесі, қазіргі уақытта Максимнің ресми өкілі болып саналатын Айжан Хамарова «Asar-Ume» қайырымдылық қорына хабарласқан. Ақпараттық құралдардан бұл жағдай жайлы естіп үлгерген қор шетте қалмай, 10 жылдан артық жалдамалы пәтерге көшіп жүрген көпбалалы отбасыға Максимнің жағдайын ескере отырып, жаңа баспана сатып алып беру туралы шешім қабылдады.
    Осылайша, олар еріктілердің көмегімен 83 шаршы метрді құрайтын жайлы, абаттандырылған және де ең маңыздысы отбасының бұрынғы үйінің маңында орналасқан баспананы сатып алған.
    «Asar-Ume»-нің басшысы Асхат Нұрмашевтың айтуынша, жалпы қор өз қамқорлығына алатын отбасыларға үй таңдағанда, бірінші кезекте олардың тілектері мен қызығушылығын ескереді. Бұл жолы да солай болған. Максимнің анасы Екатерина Бурмистрова тұрып жатқан жерінен кеткісі келмеген. Сондықтан үйді іздеуді жақын маңнан бастаған.
    – Болған жағдайды біз әлеуметтік желіден естіген едік. Ал біраз уақыттан кейін бізге Айжан Хамарова есімді ерікті хабарласып, көмек сұрады. Зерттей келе, отбасы қордың көмек көрсету талаптарына толықтай сай келетіні анықталды.
    Жалпы, «Asar-Ume» қорына адамдар жұмадан бөлек күндері де ақшаларын жіберіп отырады. Ал ол қаражат қордың шотында жиналып тұра береді. Міне, осындай қаражатқа біз Максимнің отбасына жаңа баспана сыйлай алдық. Ауыр жағдайға тап болып, қиналып жүрген отбасыға қолдау көрсете алғаны­мызға қуаныштымыз, – деді қор басшысы.
    Отбасын құттықтап, қуанышын бөліскісі келген Алмалыбақ, Жалпақсай ауылдарының тұрғындары мен Максим оқитын Алмалыбақ орта мектеп-гимназиясының ұжымы қуанышты жағдайға байланысты бірлесе отырып, қоныстойын ұйымдастырған. Шағын мерекелік отырысқа қатысқан «Asar-Ume» қайырымдылық қорының басшысы Асхат Нұрмашев, округ әкімі Ислам Ибатжан төрт баланы тәрбиелеп отырған Екатерина Бурмистрова мен отбасының жақын мүшелеріне ізгі лебіздерін жеткізіп, Максимнің тез жазылып кетуіне тілектес екенін білдірді. Сондай-ақ округ басшысы отбасыға белсенді түрде қолдау көрсетіп келе жатқан еріктілерге ризашылығын білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.
    Жеткіншектің ресми өкілі болып табылатын ерікті Айжан Хамарованың сөзіне сүйенсек, Максим әлі де ауруханада. Дегенмен дәрігерлердің айтуы бойынша, ол жақын арада отбасына оралатын болады.

    Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    «Алатау жарық компаниясы» референдумды қолдайды

    «Алатау жарық компаниясы» референдумды қолдайды

    1 year ago
    Батысқа арнайы техникалар жөнелтілді

    Шеңгелді ауылдық округінде 10 балалар алаңы салынады

    8 months ago
    Қазақстанда тұңғыш рет Әкелер күні атап өтілді

    Қазақстанда тұңғыш рет Әкелер күні атап өтілді

    2 years ago
    Отбасы тірегі

    Отбасы тірегі

    9 months ago
    БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетілді

    БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетілді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>