-13 °c
Qonaev
Friday, July 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мамандық таңдадың ба?

    03.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Мамандық таңдадың ба?
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Кеген ауылындағы Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейінде Алматы қаласындағы Қонаев университеті оқыту­шыларының қатысуымен 9-10-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру сағаты өтті.

    «Қонаев университеті – болашаққа жол бастаушы» тақырыбындағы шараның мақсаты – оқушыларға өзінің қабілеті мен белгілі бір кәсіптік салаға бейімділігін анықтауына, соның негізінде мамандықты дұрыс таңдауына көмек беру, «құқықтану» мамандығы бойынша ақпараттық-насихат жұмысын жүргізу.
    Кәсіби бағдар беруге Қонаев университетінің оқу-әдістемелік жұмыс және академиялық ұтқырлық жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Бақтыгүл Қуанышқызы, тәрбие жұмысы және әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, PHD доктор, доцент Талғат Дүйсебаев, заң ғылымдарының магистрі Жазира Тарап, құқықтық білім беру бағытының жетекшісі, аға оқытушы Сәкен Нұрмағамбетов, заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Еламан Бейсенғалиұлы және мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
    Қонаев университеті – бай дәстүрі, оқу және ғылыми қызметтегі көпжылдық тәжірибесі бар оқу орны. 1993 жылдан бері жоғары білікті заң кадрларын даярлап, 40 мыңнан астам түлекті қанаттандырып ұшырды. Университет еліміздің білім нарығында лайықты орын алады және ұлттық экономиканың әртүрлі салаларында бәсекеге қабілетті және жоғары білікті мамандарды даярлау үдерісіне елеулі үлес қосып келеді. Қазір құқықтану мамандығы аясында сот, прокурор, қорғаушы, тергеушілер даярланады. Болашақ түлектерге бағыт көрсетіп, сенімді таңдау жасауына себепкер болу – біздің басты міндетіміз, – деді заң ғылымдарының кандидаты, доцент Бақтыгүл Қуанышқызы.
    Келесі кезекте сөз алған универ­ситет­тің тәрбие жұмысы және әлеу­меттік-мәдени даму жөніндегі проректоры Талғат Дүйсебаев дамудың жаңа сатысына көтерілген еліміздің білім, ғылымдағы жетістігі жайында айтып, оқу орны тарихына қысқаша тоқталды.
    Құқықтық білім беру бағытының жетекшісі, аға оқытушы Сәкен Нұрмағамбетов болса, білім оша­ғының ерекшеліктерін сөз етті.
    – Университетте студенттердің сабақтары мен әкімшілік, басқарушы және педагогикалық қызметкерлердің жұмысы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ететін оқу-әкімшілік кешен, бірегей сот-сараптамалық сынақ алаңы, мамандандырылған зертханалар, дүниежүзілік «Интернет» ақпараттық желісіне қолжетімді соңғы үлгідегі оқу кабинеттерімен жабдықталған сот залы бар. Университет, сонымен бірге, белгілі ғылыми орталық мәртебесіне лайықты түрде ие болды, өйткені заң ғылымдары бойынша магистранттарды да, PhD докторанттарды да даярлайды. Араларыңызда аталған мамандықтар бойынша алдағы уақытта оқуға түсемін, осы саланың маманы боламын дегендеріңіз болса, Қонаев университетіне келсеңіздер болады, – дей келе, оқушыларға бұл оқу орны құқықтық білім беру тобы бойынша мамандардың барлық санатын даярлайтынын айтып, кафедра жайында мәліметтер берді. Шығармашылық бағыттағы емтиханды қалай тапсыруға болатынын түсіндірді.
    Мамандық таңдауға септігін тигізетін бұл кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласып, ең қызықты да мәнді сұрақ қойған оқушыларға Қонаев университеті арнайы қойын дәптер мен жарық көрген еңбектерін естелікке ұсынды. Осылайша, Қонаев университетінің өңірде өткізген алғашқы шеберлік сағаты сәтті өтіп, құқық қорғау, заң саласына қызығушылығы бар, «Қай мамандықты таңдасам?» деп алаң көңілде жүрген жастар үшін үлкен бағыт-бағдар берілді. Осындай кездесулер жас ұрпақтың дұрыс таңдау жасауына, білім мен еңбектің бағасын түсінуіне және өз мүмкіндігіне сенуіне ықпал ететіні сөзсіз.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Euro-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан Финляндиядан басым түсті

    Euro-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан Финляндиядан басым түсті

    2 years ago
    Әскери қызмет – абыройлы міндет

    Әскердегі заң мен тәртіп

    2 months ago
    Ел экономикасына елеулі үлес

    Ел экономикасына елеулі үлес

    5 months ago
    Алматы облысында театр саңлақтары шеберлік сағатын өткізді

    Алматы облысында театр саңлақтары шеберлік сағатын өткізді

    2 years ago
    «Алтын адам» турнирі тартысты өтті

    «Алтын адам» турнирі тартысты өтті

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.