-13 °c
Qonaev
Wednesday, September 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    МӘМС жүйесіндегі өзгерістер

    30.07.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    МӘМС жүйесіндегі өзгерістер
    0
    SHARES
    58
    VIEWS

           Апта басында Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов пен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев Қарасай ауданының  медициналық нысандарын аралап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың МӘМС жүйесін жетілдіру жөнінде берген тапсырмаларын орындау және халықты медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету барысында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Алдымен Қарасай аудандық клиникалық көпбейінді орталық ауруханасында болған олар медицина мекемесінің жұмысымен танысып, аурухана қызметкерлерімен кездесу өткізді. Аудандық аурухананың директоры Алмат Шорманов жиынды ашып, қонақтарды таныстырғаннан кейін сөз алған «Міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының  директоры Тілеухан Әбілдаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру (МӘМС) және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңадан қабылданған Заң аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жұмыстарына кеңінен тоқталып өтті.

    ­Қазіргі уақытта Қазақстан халқының 83 пайызы сақтандырылғанымен, шамамен 3,3 миллион азамат әлі де болса МӘМС жүйесінен тыс қалып отырғанын жеткізген Тілеухан Шілдебайұлы бұл бағытта атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру  қажеттігіне тоқталып, осыған байланысты әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтар мен ресми тіркелген жұмыссыздар үшін  медициналық сақтандыруға аударылымдар жергілікті бюджет  есебінен жүргізілетінін құлаққағыс етті. Осы арқылы келер жылы елімізде 1 млн. адам МӘМС жүйесіне тартылады деп күтілуде.

    Баяндамашы өз сөзінде жарна төлеуде үзіліс болған жағдайда сақтандыру мәртебесі алты айға созылатынын, азаматтардың денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жаңадан енгізіліп отырған «Бірыңғай медициналық көмек пакеті» заңнамасының ерекшеліктеріне де кеңінен тоқталып өтті.

    Аталған саланы жетілдірудің маңызды шарттарының бірі ­– МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығы екені даусыз. Осыған байланысты 2026 жылдың қаңтарынан бастап жарналар мен аударылымдарды есептеу үшін қолданылатын табыс көлемінің  жоғарғы шегі де жаңартылып отыр. Атап айтқанда, жұмыс берушілер үшін 40 ең төменгі жалақы (ЕТЖ), қызметкерлер үшін 20 ЕТЖ  белгіленген. Осы арқылы МӘМС жүйесінің табысы  жылына 200 млрд.  теңгеге артады деп күтілуде. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес, мемлекет  жеңілдігі бар  санаттарға жататын азаматтар үшін де  жарна төлейтін болады. Елімізде  ең төменгі  жарна мөлшері 2025 жылы 2 пайызды құраса, 2027 жылы 2,2. 2037 жылы  4,7 пайызға жеткізіледі деп белгіленген.

    Тілеухан Шілдебайұлы  медициналық көмектің  қандай түріне  көп қаражат бағытталатынын жан-жақты баяндап, Алматы облысында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы тоқталып өткен. Алматы облысындағы медициналық мекемелерге барлығы 1 630 198 адам тіркелген болса, оның  81 пайызы, атап айтқанда 1327 179-ы  МӘМС жүйесінде  сақтандырылғандар қатарына  кіреді екен. Ал, «сақтандырылмаған» азаматтар саны 303 019 , немесе 18,5 пайызды құрайды. Бұл санатқа негізінен бай адамдар мен тұрмыстары түзу тұрғындар кіретіні де таңдандырады.

    Жиын барысында сөз алған Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қойған саланы жетілдіруге бағытталған Заңы 2026 жылдың 1-ші қаңтарында күшіне енетінін хабарлап,  алдағы уақытта медицина қызметкерлерінің тұрғындармен, халықпен жасалатын жұмысына тоқталып өткен. «Бірыңғай  медицналық көмек пакеті» заңнамасының артықшылықтарына мән берген ол, әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу алдағы уақытта да мемлекет есебінен жүзеге асырылатынын жеткізген.

    МӘМС жүйесіне азаматтардың барлығын тарту жұмыстарын жергілікті әкімдік, құқық қорғау қызметкерлері мен медицина мамандары бірлесе атқару қажеттігін айтқан Ержан Әбілқасымұлы түсіндіру, насихаттау шараларына баса назар аударып, Сақтандырылған азаматтардың МӘМС жүйесінен алатын жеңілдіктері көп екенін да жан-жақты баяндап берген.

    Дәл осындай алқалы жиын «Брант және Қаскелең» медициналық орталынында өткізіліп, дәрігерлермен, емделушілермен сұрақ-жауап форматында әңгіме өткізген. Соңынан сала басшылары медицина  мамандары мен журналистердің сұрақтарын жауап беріп, жұртшылықты алаңдатып жүрген мәселелер төңірегінде ой бөлісті.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Балалар шаттыққа бөленді

    Балалар шаттыққа бөленді

    1 year ago
    ТАҒАЙЫНДАУ

    ТАҒАЙЫНДАУ

    6 months ago
    Қазақстандықтар әлеуметтік оптимизмнің жоғары деңгейін көрсетуде

    Қазақстандықтар әлеуметтік оптимизмнің жоғары деңгейін көрсетуде

    5 days ago
    ҰБТ-да топ жарды

    ҰБТ-да топ жарды

    1 year ago
    Елдің энергетикалық болашағы

    Елдің энергетикалық болашағы

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>