⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    Маңызды шара

    30.07.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Маңызды шара
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

           Жамбыл ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2025 жылғы Ұлттық ауылшаруашылық санағын өткізуге дайындық жұмыстары бойынша кеңейтілген жиын өтті. Онда мемлекеттік маңызы үлкен шараны тиісті деңгейде ұйымдастырып, атқару мәселелері талқыланды.

    Жиынға Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша статистика департаментінің өндіріс статистикасы басқармасының басшысы Жеңісгүл Жолдыбаева, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауылдық округ әкімдері, салалық бөлім басшылары, аудандық статистика басқармасының жауапты мамандары қатысты. Ауыл шаруашылығы санағы Қазақстанның барлық өңірін қамтиды. Оның мақсаты – аграрлық сектордың жай-күйі туралы нақты әрі өзекті ақпарат жинау. Онда пайдаланылатын жер құрылымы, шаруашылық жүргізу нысандары, мал басының саны, техникамен қамтамасыз ету және басқа да маңызды көрсеткіштер анықталады. Жиналған мәліметтер аграрлық саясат пен мемлекеттік қолдау шараларын тиімді қабылдауға негіз болатыны айтылды. Жиында Ұлттық ауылшаруашылық санағын ұйымдастыру кезеңдері, ақпараттық-насихат жұмыстары, онлайн режимде өтетін сауалнамаларды тиімді жүргізу, жауапты мамандарды бекіту және техникалық жабдықтау мәселелері жан-жақты қаралды.

    Басқосуды жүргізген Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Тұматаев бұл санақтың ауыл шаруашылығы саласындағы нақты деректер базасын қалыптастыру үшін аса маңызды екенін атап өтті. Аудандық статистика бөлімінің басшысы Гүлнар Әбдімолдаева маңызды науқанға мамандардың әзірлігі мен техникалық дайындық барысы жайында хабарлама жасады. Аудан әкімінің орынбасары әрі міндетін уақытша атқарушы Ақниет Тұрысбекұлы әрбір округ әкімдері мен жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ онлайн санақтың белгіленген уақытында және сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуді, халықпен тығыз ақпараттық жұмыс жүргізуді тапсырды. Жиын соңында қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстар мен қойылған сұрақтар тыңдалып, нақты шаралар белгіленді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Референдум: Қонаевта жастар ағаш отырғызу акциясын өткізді
    15.03.2026
    Қазына қарттар таңдау жасады
    15.03.2026
    Қонаевтың 99 жастағы тұрғыны дауыс берді
    15.03.2026
    75 ЖЫЛ БІРГЕ ЖӘНЕ БІР ТАҢДАУ
    15.03.2026
    Спортшының азаматтық борышы
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>