⛅
2°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мектеп құрылысы қарқынды

    02.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Мектеп құрылысы қарқынды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Соңғы жылдары өңірімізде салынып жатқан тұрғын үйлер мен ғимараттардың қарқынына қарасақ, аудан экономикасының көш ілгері қадам басқанын аңғарамыз. Биыл да Балқаш ауданында осындай көңіл көншітерлік жұмыстар қолға алынуда. Сондай құрылыс нысанының бірі – Бақанас ауылындағы М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмысы.

    Білім ошағының құрылыс жұмысы оқу жылы аяқталып, мектеп оқушылары жазғы демалысқа шыққан сәтте басталып кетті. Қазіргі таңда құрылыс жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр деп айтуға толықтай негіз бар.

    Мектептің күрделі жөндеуін жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтау жоспарланған. Қарқынды бастау алған құрылыс нысанына аудандық білім бөлімінің басшысы Шолпан Қошахановамен бірге арнайы барып, ол жердегі жұмыстың мән-жайыны қанықтық.

    Мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан «Сем-Шоғы Құрылыс-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің прорабы Нұрлан Төребек нысанды аралатып, құрылыс сызбасымен таныстырды. Мұндағы жұмыс ауанын бағамдау барысында аңғарғаным, керек емес бөлшектерді бұзу, құрылыс қалдығын тазалау жұмысының 90 пайызы жасалған. Мектеп ғимаратының есік-терезелері алынып, дәліздер мен спортзал, асхана, сынып бөлмелері қабырғаларының ескі сылақтары тазаланып, жаңа сылақ бекем ұстауы үшін торлама темірлер орнатылған. Алдағы күндері торлама темірлер орнатылған ғимарат қабырғаларын сылау жұмысы басталады.

    «Сем-Шоғы Құрылыс-Сервис» ЖШС-ның прорабы Нұрлан Төребектің айтуынша, мектеп ғимаратының есік-терезелері түгелдей ауыстырылып, сырт келбеті заманауи нұсқада қапталады. Құрылыс басталған сәтте 60 адам жұмысқа қабылданған. Олардың арасында аудан азаматтары да бар. Ауыл тұрғындарының бірі – Абзал Шорабаев. Ол  өзінің көмекшісі Жәнібек Тоқтағановпен бірге ғимарат қабырғасына орнатылған торлама темірлерді бекітіп жатты. Ал сылақ жасау жұмысын ойдағыдай атқарып жүрген Бақанас ауылының тұрғыны Елдос Кеңесбекпен сұхбаттасқанымда ол ауыл азаматтарының тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілгеніне және жетпіс жылдан астам тарихы бар білім шаңырағына күрделі жөндеу жасалып жатқанына қуанатынын жеткізді.

    Мұндағы құрышқолды құрылысшылардың қайсы бірін алсаңда өз ісінің хас шебері болып алған. Жүктелген міндеттерін лайықты атқаруда. Оған жұмыс барысында көз жеткіздік. Олардың мақсаты – тезірек құрылыс жұмысын аяқтап, жаңа оқу жылында жеткіншектердің жаңа мектепке қуана қадам басқанын көру. Ол қуанышты сәтті көрер уақыт та алыс емес.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Жүзге таяған соғыс ардагері дауыс берген күн

    Жүзге таяған соғыс ардагері дауыс берген күн

    3 years ago
    Министрлік: Қазақстанда жанармай қымбаттайды

    Алматы облысында жанармай бағасы бақылауға алынды

    3 years ago
    Антониу Кошта қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді

    Антониу Кошта қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді

    1 week ago
    Алматы облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының кезекті отырысы өтті

    Алматы облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының кезекті отырысы өтті

    3 months ago
    Дәмді тағам ұсынған

    Дәмді тағам ұсынған

    4 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>