-13 °c
Qonaev
Saturday, July 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Орталық жағажайдан күн сайын 90 тоннаға дейін қоқыс шығарылады

    15.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Туризм және саяхат, Экология
    Орталық жағажайдан күн сайын 90 тоннаға дейін қоқыс шығарылады
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Мұны ШЖҚ «Жасыл қала Қонаев» МКК директоры Бақытжан Нұртаев хабарлады.

    Оның сөзіне сүйенсек, №6 жағажайда 45 қоқыс жәшігі, 10 контейнер және үш әжетхана орнатылған. Тазалыққа 30 жұмысшы мен 2 арнайы техника жауапты. Күніне 3 рет тазалық жұмыстары жүргізіледі. Қауіпсіздікті 10-нан астам құтқарушы қамтамасыз етіп отыр, медицина қызметкерлері кезекшілік етеді, бейнебақылау камералары орнатылған.

    «Мұнда күнделікті демалуға 4-5 мың адам келеді. 60-90 тоннадай қоқыс шығарылады. Ал демалыс күндері бұл көрсеткіш 120-150 тоннаға жетеді. №6 жағажайда 40 кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді. Барлығымен келісімшарт жасалған. Оған сәйкес, кәсіпкерлер жалға алған аумақты күтіп ұстау бойынша нақты міндеттемелерді алған. Олар күн сайын тазалық жұмыстарын жүргізуге, тапшандарды дезинфекциялауға, қоқыс жәшіктері мен жарық орнатуға, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті», – деді мекеме басшысы.

    Бұдан бөлек, №5 жағажайда да тазалық жұмыстары жүріп жатыр. Күнделікті 10 тонна, демалыс күндері 25-30 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылуда.

    Аталған жағалауда 28 бөлмелі 6 әжетхана, 5 жуыну орны, 6 киім ауыстыратын бөлме, 30 қоқыс жәшігі, 40 бөшке және 25 контейнер бар. Мұнда жасанды интеллектпен жабдықталған бейнебақылау жүйесі орнатылған.

    Тұрғындар мен қонақтардан «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға шақырамыз. Қоқысты тек арнайы орындарға тастаңыздар! Қала іші мен жағажайдағы тазалықты сақтау – баршамыздың ортақ міндет. Жайлы әрі қауіпсіз демалысты бірлесе ұйымдастырайық!

    Айта кетейік, күні кеше шомылу маусымы басталғалы 200-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық орын алғанын жазғанбыз.

    Ұсынымдар

    Жүйелі жұмыстар жалғасады

    Жүйелі жұмыстар жалғасады

    5 months ago
    Мұқағали мұрасын ардақтаған

    Мұқағали мұрасын ардақтаған

    11 months ago
    Тату көрші, сенімді серіктес

    Тату көрші, сенімді серіктес

    1 week ago
    Жол

    Әкім: Еңбекшіқазақ ауданында биыл 276 шақырым жол жөнделеді

    2 years ago
    Базарын тапқан балмұздақ

    Базарын тапқан балмұздақ

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>