-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Шаруалардың өтінішін тыңдады

    14.07.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Парламент
    Шаруалардың өтінішін тыңдады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Сегізінші сайланған Парламент Мәжілісінің үшінші сессиясы мәресіне жетіп, 1 шілдеден бастап демалысқа шыққан депутаттар жылдағы дәстүр бойынша өңірлерді аралауға шықты. Облыстың бірқатар аудандарында болып, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысқан «Ауыл» партиясы атынан сайланған Мәжіліс депутаты Аян Зейнуллин Қонаев қалалық кітапханасында партия активімен және тұрғындармен кездесті.  

    Жиында Аян Талғатұлы сапарының мақсат-міндетіне тоқталып, Парламент қабырғасында қабылданған заңдардың мән-жайын кеңінен түсіндірді.

    Қонаев қаласының Құрметті азаматы, ақын Ізтілеу Тойшыбайұлы соңғы жылдары Шеңгелді өңірі  диқандары өнімін  өткізе алмағандықтан шірітіп алып, шығынға батқанын айтып, биыл пияз сатуға Үкімет тарапынан қандай да бір жоспардың бар-жоғын сұрады. Сонымен бірге Шеңгелді алқабы зиянкес жәндіктерден зардап шегіп, онымен күресуге диқандардың дәрменсіз болып отырғанын жеткізіп, көмек көрсетуін өтінді. Мәжіліс депутаты бұл мәселе бойынша тиісті министрліктерге хат жазып, жауабын «Ауыл» партиясының облыстық филиалы арқылы беретінін мәлімдеді.

    Қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Жақан Ахаев елімізде агробанк құру жайлы ұсыныс айтты. Ақсақалдың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласын несиелендіруді екінші деңгейлі банктер атқаратындықтан, олар беретін несиенің пайыздық мөлшерлемесі шаруалар үшін өте жоғары әрі   ауылдағы жылжымайтын мүліктерді кепілге алмайды. Жоғары пайызбен несие алған шаруалардың өндірісін өркендетуі мүмкін емес. Сондықтан елімізде агробанк құрылса, шаруаларға үлкен  қолдау болмақ. Сала ардагері сөзінің соңында халық қалаулыларының ел аралап, мекеме-кәсіпорындарда аялдап, еңбеккерлермен дидарласып,  халықтың мұң-мұқтажын тыңдауы жақсы үрдіс екенін атап өтті. Аян Талғатұлы ардагердің ұсынысы «Ауыл» партиясы тарапынан  қолға алынғанын, оны  Мемлекет басшысы да, Үкімет те қолдап отырғанын, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ын «Бәйтерек» қоры мен Ұлттық банктің бақылауынан алып шығу үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. «Отбасы банктің» де солай отау тіккеннен кейін несие пайызын  төмендете алғанын мысалға келтірген депутат «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жеке банк болған кезде  ғана несиенің пайызын түсіре алатынын, бірақ мұның жүзеге асуы үшін біраз уақыт қажет болатынын қаперге салды.

    Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының депутаты Айдар Әлсейітов ауыл шаруашылығы техникаларынан утилсборды алып тастау жайлы ұсыныс білдіріп, суармалы жерлерге, егістікке су жетпей жатқанын, кеңестік кезеңдегі арналардың тозығы жеткенін, оны жамап-жасқағанымен  нәтиже болмай тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ Қонаев қалалық ардагерлер кеңесі мен партияның қалалық филиалының төрағасы Базарбай Оралбаев қала сыртындағы карьерден тас таситын жүк көліктері айналма жолмен жүрмей, саяжай  ішімен өтіп, жолды тоздырып жібергенін әрі олардың жоғары жылдамдықпен жүйткитінін, тіпті тұрғындарды қағып кеткен оқиғалар орын алғанын алға тартып, «жүк көліктерінің саяжай арқылы өтуіне тоқтау салынса» деген өтінішін білдірді. «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері инватаксиге зәру болып отырғанын және кеңсе ғимараты керегін айтты.  Сонымен қатар басқосуға қатысушылар ауыл шаруашылығы саласындағы маман тапшылығын, өңдейтін зауыт жоқтығынан тері мен жүннің қоқысқа  тасталып жатқанын, «Ауыл аманаты» жобасы қаржыландырылмай тұрғанын да ортаға салды.

    Сұрақтардың бірсыпырасына жауап берген Аян Зейнуллин бірқатар мәселе бойынша ҚР Үкіметіне, тиісті министрліктерге, облыстық әкімдікке  депутаттық сауал жолдап,  жауабын «Ауыл» партиясы облыстық филиалы арқылы беретінін тілге тиек етті.

    Кездесу соңында Аян Талғатұлы партияның жұмысына атсалысып жүрген белсенділерді Алғыс хатпен марапаттап,  ардагерлер мен аудандық филиал басшыларына, қызметкерлері мен белсенді мүшелерге «Ауыл» партиясына – 25 жыл» мерекелік медалін табыс етті.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Қонаевта құдық қақпақтары жиі ұрланады

    Люктердің ашық қалмауын әкімдер қадағалауы тиіс – Уәкіл

    2 years ago
    Қаскелең әкімі ескерту алды

    Қаскелең әкімі ескерту алды

    2 years ago
    Жаңа автобус паркі қызметін бастады

    Қалалық қоғамдық көлік маршруттарына конкурс жарияланды

    2 months ago
    Жасыл қала: Қонаевта 70 мың гүл егілді

    Жасыл қала: Қонаевта 70 мың гүл егілді

    1 year ago
    «Атамекен» газеті ардагерлерін ардақтады

    «Атамекен» газеті ардагерлерін ардақтады

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>