-13 °c
Qonaev
Saturday, August 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Субсидия ма? Несие ме? Шаруалар жеңілдікті сезінсе игі

    19.07.2025
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Мәселе
    Субсидия ма? Несие ме? Шаруалар жеңілдікті сезінсе игі

    Фото: egemen.kz

    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Шаруаларға субсидияның орнына 5 пайыздық несие беріле  бастады. Бұған  дейін субсидия беру талаптарының дұрыс еместігі сан мәрте айтылды. Әсіресе бұл салада бақылаудың жоқтығы, субсидияны тек тамыр-танысы барлар алатыны, ол ақшаға кейбір шаруалардың той жасайтыны жайлы да сөз болды. Тіпті ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған субсидиялардың мүлде басқа бизнеске жұмсалғанын айғақтайтын фактілер де тіркелген. Сонымен қоса,  өткен жылы арнайы комиссия 2 млн ірі қара мен 3 миллионнан астам ұсақ мал санда бар, санатта жоқ екенін анықтаған. Ал сала мамандары жаңа несие бағдарламасының өзіндік тиімді тұстары бар деп қарайды.

    Мемлекет басшысының өткен жылдың 2 қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіптік кешендерді тікелей субсидиялаудан қолжетімді несиелеумен қамтамасыз етуге біртіндеп ауысу аса маңызды міндет екені нақтылап көрсетілген болатын. Былтыр жеңілдікті лизинг бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында ауыл шаруашылығы техникасы паркі біршама жаңартылып қалғанын атап өткен жөн. Көктемгі дала жұмыстарына қарыз сомасынан 85 пайыз мөлшерінде кепілдендіру бағдарламасын енгізу есебінен кепілдік базасы жеткіліксіз фермерлерге қолжетімді несие алуға мол мүмкіндіктер ұсынылды. Биыл барлық аталған бағыттар бойынша жұмыс барынша күшейтілді деуге  болады.  Атап айтқанда, көктемгі дала жұмыстары мен егін орағына жеңілдікті несиелеу көлемі биыл 700 миллиард теңгеге жетті. Бұл қаражат фермерлерге 6 түрлі бағытпен қолжетімді түрде ұсынылып келеді. Бұл аграрлық несие корпорациясының, сонымен қатар екінші деңгейлі банктердің, шағын қаржы ұйымдарының, өңірлік инвестициялық орталықтардың, несиелік шаруашылықтардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тікелей түрде беріле-тін  несиелері екенін атап өткен абзал.

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді жеңілдікпен несиелеу көлемі 2025 жылы рекордтық 700 млрд теңгеге жеткен.  Маусым айына дейін   491,5 млрд теңгеге 7 мыңнан астам өтінім қабылданып, 440 млрд теңгеге өтінімдер қаржыландырылған. Алматы облысынан 12,6 млрд теңге көлемінде 302 өтінім түскен, оның 174-і мақұлданған. Демек  бұл салада ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екені айдан анық.

    Фермерлердің ойынша, аталған  5 пайыздық несиені  жергілікті әкімдіктен бастап, басқа та жауапты органдар қатаң бақылауға алу керек. Қаражаттың бірден шаруаның қолына тиюіне жағдай жасалуы тиіс. Әсіресе жергілікті аппарат басқарушыларынан сауатты мамандар жасақталуы керек. Ал сала мамандары біздегі ауыл шаруашылығына несие немесе субсидия беруге құжатты рәсімдейтін менеджерлер ауыл шаруаларының сауатсыздығын қатты пайдаланатынын айтады.

    – Төмен пайызды несиені  пайдалануға кейбір фермерлер мен    диқандардың  сауаты жетпейді. Кейбірі құжатбастылық пен, бюрократизмнен шаршады. Шындығында, «Дамудың» беретін субсидиясына қолы жетпеген шаруалар көп. Сондықтан келешекте шаруаларға, агросекторда жүрген кәсіпкерлерге ақысыз консультация беретін, дұрыс бағыт-бағдар ұсынатын орталықтар ашылғаны дұрыс. Агросекторды жетілдіреміз десек, ол салада сауатты мамандар болуы керек. Дамыған елдерде субсидия мәселесіне, арзан пайызбен берілетін агронесиеге өте мұқият қарайды. Олар шаруаларына бұл қаражаттың сұрауы бар екенін түсіндіреді. Ал бізде насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүргізілмейді. Жалпы, ауыл шаруашылығы жұмыстарының қай-қайсысы болсын, ауа райына байланысты екені белгілі. Кей жылдары ауа райы мырзалығын көрсетпесе, алған өнімің дұрыс шықпайды. Ондайда шығынға баттың деген сөз. Міне, осындайда бизнесті сақтандыру барын білмейтін шаруалар да бар. Бізде 700 малдың 500-і сақтандырылған. Халық жеке көлік пен жылжымайтын мүлікке ғана салық төлеп отыр. Ауыл халқы сақтандыру дегеннің не екенін тіпті білмейді. Ал енді несие беретін кезде осының барлығы ескерілуі керек, – дейді ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Сандуғаш Слямханқызы.

    Ел ішінде  субсидия берудің талаптары да жиі талқыға түседі. Мысалы, субсидия беретін кезде 100 қой мен 1000 гектар жері бар шаруаға да, 10 қой мен 100 гектар жері бар шаруаға да қойылатын талап бірдей болып келген. Оның үстіне аудандағы, жергілікті мекендердегі шаруашылық бөлімінде ақпарат жаңартылмай келе жатқаны тағы бар. Қандай мемлекеттік бағдарлама бар, оны алу жолдары туралы халыққа ешқандай сауатты ақпарат дер кезінде жетпейтінін де ауылдағы ағайын жиі айтады.

    – Осы күнге дейін бізде мемлекеттен берілетін субсидияның да, «Даму» арқылы берілетін қаржының да уақытында түспей қалған кездері болды. Мысалы, кейбір бағдарламалар бойынша өтініші үш жыл бойы қаралған жандарды білемін. Сол тәрізді егін егуге субсидия алайын десең де, оның құжаты дайын болғанша, егіннің уақыты өтіп кетеді. Болашақта Үкімет бірінші кезекте осыны реттеу керек. Берілетін несие де, жеңілдік те, шаруаның қолына уақытылы тимесе, пайда жоқ. Біз тек жер емес, төрт түлікті қатар өсіріп отырмыз. Айталық, өткен жылғы субсидияны әлі ала алмай отырмыз, – дейді Еңбекшіқазақ ауданындағы шаруалардың бірі.

    Жыл басында  Алматы облысының шаруалары әлі күнге дейін өткен жылдың субсидиясын ала алмай жүргені айтылған еді. Қаржы тапшылығы салдарынан 750 фермерге субсидия төленбеген. Ауыл шаруашылығы басқармасының көмекқаржы бойынша қарызы 27,6 млрд теңгеге жеткен. Басқарма мамандарының айтуынша бұл қаржы кезең-кезеңімен беріліп жатыр. Десе де өткен жылдың жыры әлі бітпеген көрінеді. Басқарма мамандарының мәліметінше,  өңірлердегі  фермерлерді жеңілдетілген несиелеу бағдарлама-сы – «Кең дала – 2»-ге қатыстыру үшін өтінімдер қабылданып  жатыр. Аймақта бұл бағдарламаны «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жүзеге асыруда. Несиелеу бағдарламасы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын  жүргізуге, ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға бағытталған. Жеңілдетілген қаржыландыруға бағытталған егіс және жиын-терін жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыруға бағытталған. Жақында ғана облысқа іссапармен келген Мәжіліс депутаттары  ауыл шаруашылығын тиімді дамыту тек мемлекет пен шаруалардың тығыз ынтымақтастығы негізінде мүмкін екенін айтқан еді.  Шындығы  сол, мына 5 пайыздық несие шаруаның көсегесін көгертсе игі. Әйтеуір шаршаған шаруалардың Үкіметтен үмітті екені  анық.

    Нақты  мәліметтерге  жүгінер болсақ,  шамамен жүзге жуық субсидия, атап айтқанда, тұқымға, гербицидке, тыңайтқыштарға, сатып алынатын малға, техникаға, құрал-жабдықтарға және басқа да көптеген бағытқа арналған түрлері бар. Бұл жерде барлық субсидия тиімсіз деп айту қиын. Сала мамандары барлық субсидияларды бағалап, олардың экономикалық тиімділігін есептеу керек екенін айтады. Олардың елдің экономикасына, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қандай пайда әкелетінін  анықтау керек. Яғни, мемлекетпен жұмсалған әрбір тиынның қандай ықпалы болғаны анықталғаны жөн. Осындай жұмыс жүргізілген жағдайда мына субсидиялар тиімді, ал мыналарды  алып тастау қажет деп айтуға болады. Төмен пайызбен берілетін несиені өнімді пайдалану әркімінің жауапкершілігіне сын. Сол үшін шаруалар да алмақтың  салмағын сезінуі керек деген ойдамыз.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Зауыт іргетасы қаланды

    Зауыт іргетасы қаланды

    1 year ago
    Жанармай тапшылығының алдын алатын оңтайлы шешім

    Объявление о проведении конкурса на право обслуживания маршрутов регулярных городских автомобильных перевозок пассажиров и багажа

    3 months ago
    «TazaLike»: Алматы облысында экологиялық акцияға 25 мыңнан астам адам қатысты

    «TazaLike»: Алматы облысында экологиялық акцияға 25 мыңнан астам адам қатысты

    5 months ago
    Смайылов: Жетісу облысының транспорт-логистикалық әлеуеті зор

    Смайылов: Жетісу облысының транспорт-логистикалық әлеуеті зор

    2 years ago
    Мемлекеттік тіл және БАҚ байқауы мәресіне жетті

    Мемлекеттік тіл және БАҚ байқауы мәресіне жетті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>