-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сүйікті ісі – табыс көзі

    19.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Сүйікті ісі – табыс көзі
    0
    SHARES
    22
    VIEWS

        Бүгінгі таңда гипстен түрлі қолөнер туындыларын жасауға болады. Тек қолда арнайы гипс пен қажетті заттың пішіні бар болса жеткілікті. Тіпті, дайын бұйымдарды сатып, шағын бизнеспен айналысуға да мүмкіндік бар. Осы заманауи тенденцияны жақсы түсіне білгендердің бірі – Қарасай ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Гүлнұр Жүнісова. Ол 2022 жылы ерекше кәсіпті қолға алып, гипстен түрлі кәдесый, заманауи үлгідегі тойтабақ, қобдиша, қыз-келіншектерге арналған жиынтық жасауды аз уақыттың ішінде табыс көзіне айналдыра білген.

    Жұмысы өрге басып келе жатқан көпбалалы ана жуырда мемлекет тарапынан қолдау ретінде берілетін қайтарымсыз грант иегері атанды. Грант бойынша қарастырылған қаражатқа ол жаңа құрал-жабдықтар алып, кәсібінің аясын дамытуды көздеп отыр.
    Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген кейіпкеріміз 10 жылдан аса Алматы облысының статистика департаментінде бас маман, кейіннен бөлім басшысы ретінде жұмыс істеген. Болашақ мамандығы ретінде ақпараттық технологияларды таңдап, өмір жолын мемлекеттік қызметпен байланыстырғанымен, жастайынан анасының ісмерлігін көріп өскен Гүлнұрдың тігіншілікке, тоқыма тоқуға, сурет салуға деген ынтасы жоғары болыпты. Анығырақ айтқанда, кішкентайынан сурет өнерін ұнатқан ол мектеп қабырғасында білім алып жүрген уақытында редакциялық кеңестің мүшесі болып, сурет салуға көп уақытын бөлген. Ал студенттік шағында тігіншілікке белсенді түрде кіріскен. Анасына әдемі көйлектер, курстас құрбыларына карнавалдық костюмдер тіккен. Сондай-ақ тырнақ әрлеу ісіне қызығып, біраз уақыт өзі де осы бағытта жұмыс істеген. Осыған қарап-ақ, кейіпкеріміздің қаншалықты жан-жақты екенін түсінуге болады. Бір айта кетерлігі, оның қызығушылығының барлығы дерлік шығармашылықпен байланысты.
    Алматы облысының статистика департаментінде, өзін жақсы маман ретінде көрсетіп, бөлім басшысы қызметінде болса да, Гүлнұр Ермекбайқызы бала күтіміне орай, декреттік демалысты пайдаланып, балалық арманы – қолөнермен айналысуды қолға алған. Алайда жастайынан түрлі қызығушылықтары бар, белсенді өмір сүруді ұнатқан ол үй шаруасы мен бала тәрбиесін қатар алып, ізденіп, сұрастырып, біраз жұмыстың басын шалып көреді. Осылайша ол инстаграм парақшасынан көрген гипс бұйымдарын жасауға бел буған. Бұл ойын оның жұбайы бірден қолдап, бастапқы қадамдарын жасауға көмектескен.
    – Жалпы декретке шыққалы, өзіме ұнайтын жаңа қызығушылық тапқым келді. Себебі балаларға қарап, төрт қабырғадан анда-санда ғана шығып отыру, маған оңайға соқпайтынын білгенмін. Сондықтан әлеуметтік желілерді қарап, соңғы уақыттары адамдарға не қызық екенін зерттедім. Үй жағдайында гипстен әртүрлі әдемі заттарды жасауға болатынын көріп, ғаламтордан оның жасау жолын үйреніп, өз бетімше әрекеттене бастадым. Ең бірінші бұйымдарымды шала ұйықтап жүріп, үш күн тоқтаусыз істедім. Сол сәттегі алғашқы сатып алушыларым анам мен жақын бауыр-туыстарыма рақметімді айтамын. Бүгінде жеке парақшаға дайын өнімдерді салу арқылы тапсырыс қабылдап отырамын. Кәсіпті жүргізіп жатқаныма бірнеше жыл болғандықтан, аудан тұрғындарымен қатар еліміздің өзге аймағынан да тапсырыс беретіндер жетерлік. Оған қоса, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей және Белоруссия мемлекеттерінен, сонымен қатар, АҚШ-тың бірқатар штаттарынан да тапсырыстар келіп жатады. Көбіне той жасайтын кісілер заманауи үлгідегі тойтабақтарға, дизайнерлер үйге арналған әдемі декорларға, ірі компаниялар мерейтойлық ескерткіштерге тапсырыс береді.
    Бір қуантарлығы, төрт балам да менің кішкентай көмекшілеріме айналды. Тіпті, үш жасар кенжетайымыз өзгелермен бірге отырып, көмегін көрсетеді. Жұбайым мен балаларымның қолдауы мені шабыттандырып, тек алдыға жүруге ынталандырады.
    Әрине, бұл жұмыс төзімділікті, сабырлықты, әсемдікті қажет етеді. Себебі тапсырыс берген әрбір адамның талғамына сай дүние жасау – үлкен жауапкершілік. Сондықтан мен бір орында тоқтап қалмай, жұмысыма барынша жаңашылдықтар енгізіп отыруға тырысамын, – деді ерекше кәсіп иесі.
    Бастапқы кездері өзгелер секілді біздің кейіпкеріміз де дайын пішін қалыптарды қолданған. Алайда ондай заттар көптеген жерде сатылып жатқанын байқап, өзгелерден ерекшелену үшін силикон арқылы жаңа пішіндер жасап, өзінің ерекше бұйымдарын шығара бастаған. Бүгінде ол жасаған дайын бұйымдармен қоса, өзі ойлап тапқан силикон қалыптарды да сатады. Оған, әсіресе, осы салада өз кәсібін бастағысы келгендер тарапынан сұраныс көп.
    Еңбегін әлеуметтік желі арқылы жарнамалап, еліміздің әр аймағынан тапсырыс қабылдап отырған келіншектің ісі көз сүйсінтеді. Қолөнершінің жасаған бұйымдарының арасында тойда таратылатын қобдишалар, шағын кәдесыйлар, әртүрлі өлшемдегі мүсіншелер, үйді әрлеуге арналған декор, мерекелік жиынтықтар, балаларға арналған ойыншықтар, бір сөзбен айтқанда, адам қалағанның барлығын табуға болады. Бәрі де тапсырыс берушінің қиялы мен қажеттілігіне байланысты. Сондай-ақ Гүлнұр бала кездегі қызығушылығын да ұмытпаған. Бүгінде ол әр бөлменің сәнін келтіретін заманауи, абстрактілі стильдегі суреттерді салумен айналысуда.
    Жалпы, мақалада айтып өткеніміз­дей, кейіпкеріміз жастайынан жан-жақты болып өскен. Сондықтан жоғарыда айтылғанның бәрі оның қызығу­шылы­ғы­ның бір бағыты ғана. Ал тағы бірі үй жиһазын жасаумен, сәндеумен бай­ланысты. Қолөнер жұмысын бастаған кезде ол эксперимент ретінде өз қолымен төбеге арналған аспашам, теледидарды қоюға арналған консоль үстел, заманауи алaуошақ жасап көрген. Нәтижесінде жасаған заттары көңілінен шығып, Гүлнұр алдағы уақытта бұл бағытты да дамытуды көздеп отыр.
    Бүгінде қолөнерші сұранысқа сай онлайн оқу курсын да жүргізе бастаған. Қазіргі сәтте оның 400-ге жуық шәкірті бар.
    – Шеберлік курсын жүргізу туралы ой маған бірден келген жоқ. Оның үстіне бастапқы кездері мені ешкім білмегендіктен, оған қатысқысы келетін адамдарды табу қиындау болды. Ал менің алғашқы шәкірттерім туысқан­дарым мен жақындарым болды. Бірақ тапсырыстар көбейіп, әлеуметтік парақшамды қарайтындар саны өскен сайын, онлайн курсқа қатысушылардың саны артты. Бүгінде 400-дей шәкіртім бар. Олардың арасында шетелдік шеберлер де жетерлік.
    Қазіргі уақытта мен гипстен бұйым­дарды жасаудан гөрі, силиконнан ерекше пішіндер қалыптастырумен көп айналысамын. Ол үшін арнайы курстардан өтіп, бірқатар 3D бағдарламалармен жұмыс істеуді үйреніп жатырмын. Алайда маған гипстен жасалатын бұйымдар бойынша тапсырыстар түсіп жатса, оны шәкірттеріме беремін, – деді Гүлнұр Ермекбайқызы.
    Биыл жұмысы өрге басып келе жатқан Гүлнұр қалыптастырған өз брендін одан әрі дамытуға бел байлап, қайтарымсыз грант конкурсына қатысқан. Нәтижесінде көптеген қатысушының ішінде бағы жанып, 400 АЕК көлемінде қаражат ұтып алған. Мемлекет тарапынан берілетін ақшаға кәсіпкер жаңа сөрелер, 3D модельді пішінді шығаруға арналған принтерлер және тағы да бірқатар қажетті құрал-жабдықтар алуды жоспарлаған. Бұдан бөлек те, кейіпкеріміздің болашақта жүзеге асыратын жоспары жетерлік.
    – Әрбір жасаған туындыларым, өзіме үлкен құлшыныс, қуаныш сыйлайды. Шығармашылықта шек болмайды демекші, қолөнермен айналысу адамға сенім, өмірге қызығушылық ұялатады. Сондай-ақ мұның балаларым үшін де пайдасы жетерлік. Үнемі компьютер мен телефонда отырмай, олар осы жерде өздерінің саусақ жұмысын, яғни ұсақ маторикасын дамытады. Мен өзіме қызықты, отбасыма пайдалы кәсіп түрін тапқаныма өте қуаныштымын. Ал хоббиімнің тұрақты табыс көзіне айнала бастағаны – мен үшін тек тағы бір жақсы бонус, – деді он саусағынан өнер тамған шебер ана.

    Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Тауық еті – табыс көзі

    Тауық еті – табыс көзі

    7 months ago
    БІР ҒАСЫРЛЫҚ БІЛІМ БҰЛАҒЫ

    БІР ҒАСЫРЛЫҚ БІЛІМ БҰЛАҒЫ

    2 years ago
    Ауқымды істер мекені

    Төл тарихымызды түгендей білсек

    1 month ago
    Ерекше күтімге мұқтаж балаларға арналған шырша өтті

    Ерекше күтімге мұқтаж балаларға арналған шырша өтті

    2 years ago
    Жартыжылдық қорытынды: Қонаевта 86 жаңа тұрғын үй бой көтеруде

    Жартыжылдық қорытынды: Қонаевта 86 жаңа тұрғын үй бой көтеруде

    6 days ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>