-13 °c
Qonaev
Saturday, July 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ – БОЛАШАҚТЫ ҚОРҒАУ

    16.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    “Таза Қазақстан” Road эстафетасы басталды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Қазіргі таңда экологиялық жағдай – тек бір елдің ғана емес, күллі әлем жұртшылығының басты назарындағы мәселе. Адамзат өркениетінің дамуы табиғатқа айтарлықтай салмақ салып отырғаны белгілі. Ауа мен судың ластануы, жасыл желектердің азаюы мен тұрмыстық қалдықтардың көбеюі – осының айқын дәлелі. Бұл түйткілдер Қазақстанда да өзекті болып отыр, әсіресе, жаңадан құрылып, қарқынды дамып келе жатқан Алатау секілді жас қала үшін де назар аударар басты мәселенің бірі.

    Алатау қаласында ел Президентінің «Таза Қазақстан» акциясын ары қарай қолдау және дамыту мақсатында «Таза табиғат – ұлт болашағы» атты экологиялық бастама көтерілді. Бұл – қоршаған ортаны сақтауға бағытталған ұлттық ауқымдағы маңызды жоба. Ол халықтың экологиялық мәдениетін арттыруды, табиғатты аялап қорғауға бағытталған азаматтық белсенділікті нығайтуды көздейді. Алатау қаласында бұл бағытта бірқатар жүйелі жұмыс жолға қойылды. Апта сайын ұйымдастырылатын сенбілік барысында қаланың әрбір ықшамауданында тазалық жұмыстары жүргізілуде. Қоқыс қалдықтары арнайы техникамен шығарылып, тазартылуда.Сонымен қатар, тұрғындар арасында қоқысты сұрыптап тастау мәдениетін енгізу жұмыстары да қолға алынған.

    Алатау қаласының мектептері мен балабақшаларында экологиялық тәрбиеге ерекше көңіл бөлінуде. Балаларға табиғатты сүю, оған жанашыр болу, қоршаған ортаға ұқыпты қарау туралы түрлі үйірмелер мен жобалар, сурет көрмелері және танымдық сабақтар ұйымдастырылып отыр. Бұл – болашақ ұрпақтың бойына табиғатқа деген жауапкершілікті сіңірудің маңызды қадамы.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Біз табиғатты сақтауға ұмтылғанда ғана ұрпағымызға жарқын болашақ қалдыра аламыз», – деп атап өткен болатын. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ ісіне айналуы тиіс.

    Алатау қаласы әкімдігі барлық тұрғындарды тазалыққа үлес қосуға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларға белсенді араласуға шақырады. Әрбір адамның қарапайым күнделікті әрекеті – өз ауласын таза ұстау, қоқысты кез келген жерге тастамау, ағаш отырғызу – бұл қаламыздың экологиялық келбетіне қосылған үлес екенін ұмытпайық.

    Таза табиғат – салауатты өмірдің кепілі. Алатау қаласы жарқын болашағын тек технологиялық дамуымен емес, таза, қауіпсіз, жайлы ортасымен де қалыптастырады. Сондықтан, әрқайсымыз табиғатпен үйлесімді өмір сүруге ұмтылайық! Келешек ұрпаққа көрікті қала мен таза ауаны мирас етіп қалдыру – баршамыздың ортақ міндетіміз!

    Риза САУЫРБАЕВА,

    Алатау қалалық аналар кеңесінің төрағасы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 3 жаңа мектеп ашылды

    Елімізде 217 жайлы және 200 тірек мектеп желісі құрылуда

    6 months ago
    Заң бұзуға жол берілмейді

    Заң бұзуға жол берілмейді

    1 year ago
    “Масс-медиа туралы” заң жобасы Мәжіліс қарауына түсті

    “Масс-медиа туралы” заң жобасы Мәжіліс қарауына түсті

    2 years ago
    Қарт құрлықтағы қайталанбас күндер

    Қарт құрлықтағы қайталанбас күндер

    7 months ago
    Қонаев көркейіп келеді

    Қонаев көркейіп келеді

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>