-13 °c
Qonaev
Saturday, July 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Талғарда медициналық оңалту қызметіне жүгінетін пациенттер саны артты

    04.07.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Талғарда медициналық оңалту қызметіне жүгінетін пациенттер саны артты
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Алматы облысында медициналық оңалту қызметтеріне деген сұраныс күн санап артып келеді. Биыл бұл бағытқа бюджеттен 2,8 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бұл көмек пациенттерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қолжетімді.

    Талғар ауданында оңалту қызметіне жүгінетін әр науқас үшін бірегей жеке қалпына келтіру және оңалту бағдарламасы әзірленген. Бұл аурудың белгілері мен себептеріне оң әсер етуге мүмкіндік береді, – дейді дәрігерлер. Айтуларынша, әрбір науқас үшін жеке әзірленген емдік тәсіл қарастырылған. Бұл олардың қалыпқа келуіне үлкен нәтиже беріп отыр.
    «Оңалту орталығы 2021 жылды құрылды. Қазіргі уақытта тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлық бөлімнің 30 төсегі жұмыс істейді. Бізде психологтың кеңесі, физиотерапия, парафиндік терапия, массаж, жаттығу терапиясы, логопедтің кеңесі, когнитивті қалпына келтіру, емдік гимнастика сынды бағдарламамыз бар. Әрбір науқасқа жеке дара ем тағайындалады. Инсульт, инфаркт, жарақаттардан, нейрохирургиялық және күрделі оталардан кейін келеді. Медициналық оңалту үш кезеңде жүзеге асырылса, біз ІІ,ІІІ кезең бойынша қамтимыз. Ауруынан айығып немесе денсаулығында оң нәтиже көрсеткен науқастар жетерлік. Сондықтан аурухана қабырғасынан шыққан соң қалпына келу шарасын ертерек алған абзал»,- дейді Талғар аудандық оңалту орталығының басшысы Телман Елболов.
    Былтыр орталық 303 пациентке көмектескен. Биыл 150-ге тарта науқас ем-дом алыпты. Мамандардың айтуынша, тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда емалушы тұрғындар саны артып келеді. Бүгін бұл қатарға Күляш Нурхатова қосылған. Ол 2023 жылы күрделі отадан өтіп, жүріп-тұруы қиындаған. Содан бері МӘМС жүйесі арқылы оңалтудан өтіп тұрады. Соңғы рет мамыр айында келген екен. Тұрақты неврологиялық тапшылықты ескере отырып, науқас неврологиядағы оңалту емінің 2 кезеңіне қайта жіберілген.
    «Алматы облыстық ауруханасында ишемиялық түрдегі жедел цереброваскулярлық бұзылыс жұлынның бұлшықет атрофиясы диагнозы қойылды. Бас ми бөлігінде ісік пайда болды. Хирургиялық отадан өттім. Одан кейін дәрігерлер оңалту шарасына жіберді. Нәтиже бар. Арбамен келіп, бүгінде одан арылып отырмын. Дәрігерлер көмегінен кейін аяққа тік тұрдым. МӘМС-тің шарапатын көріп отырмын», – дейді пациент.
    Айта кетерлігі, медициналық оңалту – науқас ағзасының бұзылған және жоғалған функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені. Бұл қызметтерге қаражат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен төленеді. Сондықтан МӘМС жүйесінеде «сақтандырылған» пациентерге қолжетімді.

    ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Көрікті мекен – Кегенім!

    Көрікті мекен – Кегенім!

    9 months ago
    Өзекті мәселе  қозғалды

    Өзекті мәселе қозғалды

    5 months ago
    Алматы облысында әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті

    Жауапкершілік жүгі жоғары

    1 year ago
    Кенесары хан оқыған Құран табылды

    Кенесары хан оқыған Құран табылды

    2 years ago
    Бірлік – басты құндылық

    Бірлік – басты құндылық

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>